Қызылорда облысында күнбағыс майын тиеген жүк көлігі өртеніп кетті

14 Қазан 2020, 04:23
1269
Бөлісу:
Қызылорда облысында күнбағыс майын тиеген жүк көлігі өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Қазалы ауданында Ресейден Қырғызстанға күнбағыс майын алып бара жатқан жүк көлігі өртеніп кетті. 

Оқиға Қазалы ауданы Майлыбас елді мекені тұсындағы «Самара-Шымкент» тас жолы бойында болды. Онда Ресейдің Қазан қаласынан Қырғызстан астанасы - Бішкекке жол тартқан «Volvo FH12» жүк көлігі толығымен жанып кетті. 

Көлікке 21,5 тонна күнбағыс тиелгені анықталды. Өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, Қызылордада Орталық зираттың 2 гектар аумағы өртеніп кетті.

Өзгелердің жаңалығы