Ұлттық тауар өткізу жүйесі бойынша екі ел қатар жүруде – Сұлтанов

14 Қазан 2020, 15:02
1498
Бөлісу:
Ұлттық тауар өткізу жүйесі бойынша екі ел қатар жүруде – Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық тауар өткізу жүйесін құра отырып, біз алғашқы кезеңдерде көрші елдердің ұқсас жүйелерімен байланыстыру мүмкіндігін кешенді түрде бағаладық. Мемлекет басшысы Еуразиялық одақтағы әріптестеріне елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында маңызды жобаға айналатын ортақ тарату жүйесін құруды ұсынды, деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында. 

Бірақ көрші елдеріміздің ішінде Қазақстан үшін негізгі бизнес-серіктестердің бірі, Еуразиялық одаққа кірмейтін Өзбекстан бар. Ташкент үшін Қазақстанның маңыздылығы зор. Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Сондықтан біз оңтүстік көршімізді болашақ халықаралық аймақтық тауар өткізу жүйесінің қатысушысы ретінде қарастырамыз.

Оның үстіне, Ұлттық тауар өткізу жүйесі бойынша екі елдің процессі іс жүзінде қатар жүруде - Ташкентте  агро-логистикалық орталықтар салу жөніндегі ірі жобаларды іске асырылуда.

Сауда министрлігінің мамандары өткен аптада Өзбекстанда бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Өзбекстанның тәжірибесін зерттеп, Агро-логистикалық орталықтар мен Көтерме-тарату орталықтарының ақпараттық жүйелерін біріктіру мәселелері талқыланды, - деді ол.

Өзбекстанда ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз бақшаларын, жылыжайларын дамытумен қатар сақтау, сату алдындағы дайындық және тіпті қайта өңдеу орындары бар өздерінің агро-логистикалық орталықтарын салуда. Қазір Өзбекстанда 26 шағын жеке агро-логистикалық орталық жұмыс істейді және алдағы үш жылға тағы 25-ін салу жоспарланған.

Қазақстанда жағдай басқаша. Бізде мұндай Агро-логистикалық орталықтар жоқ, сақтау көлемі 1975 мың тоннаны құрайтын шамамен 1431-ге жуық шағын қойма және көкөніс қоймасы бар. 

Біз де, оңтүстіктегі көршілеріміз де сақтау орындарының жетіспеушілігімен және кішігірім шаруа қожалықтары үшін сатылым алдындағы дайындықтың тапшылығымен бетпе-бет келдік. Қолда бар қоймалар мен Агро-логистикалық орталықтары кішігірім қожалықтырды жібермейді, ал  олардың қазіргі заманғы сақтау қоймаларын салуға өз қаражаттары жоқ (бір орташа заманауи Агро-логистикалық орталықтың бағасы 7-15 миллион еуроны құрайды). Сондықтан біз көршілерімізбен бір сценарий бойынша жылжып келеміз: Қазақстанда мемлекет 24 көтерме-тарату орталық құруға көмектеседі, онда калибрлеумен / қаптамамен сақтау болады, Өзбекстанда – 8 орталық халықаралық даму институттары есебінен құрылады.

Өзбекстан жұмыс істеп тұрған Агро-логистикалық орталықтары есебінен өз өнімінің сапасын арттырып, экспортқа бағдарланған нарықтарды кеңейтті және олардың өнімдері бәсекеге қабілетті бола бастады.

Алдағы уақытта өзбек агрологистикалық орталықтарының біздің жобамен өзара әрекеттесу жүйесін құру маңызды. Болашақта осы бағытта жұмыс істейтін боламыз, - деп жазды Сұлтанов.




Өзгелердің жаңалығы