Науқас балалармен байланыста болған 29 адам коронавирусқа шалдықты

14 Қазан 2020, 12:27
1067
Бөлісу:
Науқас балалармен байланыста болған 29 адам коронавирусқа шалдықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирустың 184 жағдайы расталды, оның 73-і кезекші сыныптарда оқиды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлім етті.

Оның айтуынша, балалармен тығыз байланыста болған 1012 адам анықталған, оның  10-ы коронавирус инфекциясына шалдыққан болып шықты.

Ал қашықтан оқитын балалармен 317 адам байланысты болып, оның 19-ынан вирус анықталды. 

Қазақстандықтар, біз тек бірігіп коронавирус инфекциясын жеңе аламыз. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Бұл сіздің ғана емес, айналыңыздағы адамдардың саулығының кепілі екенін ұмытпаңыздар. Барлықтарыңыздан шектеу шараларына түсіністікпен қарауларыңзды сұраймын, - деді бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов.

Бұған дейін ол жұқтыру көрсеткіші жоғары өңірлерде карантиндік шараларды күшейту қажет екенін айтқан болатын. Сондай-ақ шекарадағы санитарлық бақылауды күшейту қажеттігі де айтылды.


Өзгелердің жаңалығы