Бұқар жырау ауданында 350-ден астам отбасы баспаналы болады

14 Қазан 2020, 22:09
1673
Бөлісу:
Бұқар жырау ауданында 350-ден астам отбасы баспаналы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысын әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Бұқар жырау ауданын аралады.

Жұмыс сапары барысында Бұқар жырау ауданында "Ауыл-Ел Бесігі", "Жұмыспен қамтудың Жол картасы" бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ әлеуметтік және тұрғын үй нысандарының құрылысы бойынша жұмыстардың жүргізілу барысын тексердім. Ботақара кентінде "Жастар" жаңа шағын ауданында 120 пәтерлік екі қабатты тоғыз үйдің құрылысы аяқталып келеді. Абаттандыру жұмыстары жүргізілген соң бұл шағын аудан ауылдың ең заманауи және жайлы аудандарының біріне айналады. Мұнда салынған 120 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға арналған. Желтоқсан айында кенттің тұрғындарына пәтер кілттерін тапсыруды жоспарлап отырмыз - деп жазды әкім өзінің жеке парақшасында.

Сондай-ақ, Ботақара кентінде 320 орындық Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. 

Құрылыстың аяқталу мерзімі 2021 жылдың күз мезгілі. Сонымен қатар аудандық орталық аурухананың жас мамандары үшін төрт пәтерлі жаңа үй салынды. Жалпы алғанда, биыл облыс дәрігерлеріне 120 пәтер берілді. Ал келесі жылы аймағымыздың дәрігерлеріне 400 қызметтік тұрғын үйді беру жоспарланған. Сонымен қатар Доскей кентінде "Күрделі жөндеу" бағдарламасы бойынша 40 пәтерлі үй жөнделді. Ауылда осындай құрылысы аяқталмаған 9 үй бар. Аталған тұрғын үйлерді қалпына келтіретін боламыз. Қазір Үштөбе ауылында 18 пәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң ауданның 54 көпбалалы отбасына пәтерлер беріледі. Ал жыл қорытындысы бойынша кезекте тұрған 240 отбасы баспаналы болады - деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы