Все новости за 21 сәуір 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
"Қазақы терминдерді халық жасайды" байқауының жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін "Қазақы терминдерді халық жасайды" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
-
Нұр-Сұлтанда мыңнан астам машина айыппұл тұрағына қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин режимін бұзғаны үшін қалада мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына жіберілді. Қосымша 4 айыппұл тұрағы ашылды.
-
Полицейлерге қорғаныс костюмдері берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында блокбекеттерде кезекшілік атқаратын қызметкерлер қорғаныс костюмдерімен жабдықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Павлодарда тағы бір адамның вирус жұқтырғаны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған бір адам туралы хабарлады.
-
Коронавирус жұқтырған тағы 18 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 сәуірдің 22:35 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарланды.
-
Бүгін "Арселор Миттал Теміртау" цехында өрт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 18:36-да Теміртау қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-да өрт шықты.
-
UFC сәуір мен мамырдағы төрт турнирді өткізбейтін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC басшылары ресми сайтта 25 сәуірде Линкольнде (АҚШ), 2 мамырда Оклахома-Ситиде (АҚШ), 9 мамырда Сан-Паулода (Бразилия) және 16 мамырда Сан-Диегода (АҚШ) жоспарланған UFC Fight Night және UFC 250 турнирлерінің өтпейтіні туралы баспасөз хабарламасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
15 000 теңге: Алматыда коммуналдық төлемге өтемақы алу үшін не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі бері Үкімет тарапынан халыққа көп қолдау көрсетіліп жатыр. Жақында карантин режимі енгізілген өңірлерде тұратын халықтың осал топтарына жататын тұтынушылардың абоненттік шоттарына екі ай бойы 15 мың теңгеден өтемақы жіберу туралы шешім қабылданды. Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді төлеуде өтемақы кімге беріледі? Сіздердің назарларыңызға осы ақпаратқа қатысты инфографика ұсынамыз.
-
Атырауда 150 мыңнан астам маска тегін таратылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімдігі төтенше жағдай кезінде әлеуметтік әлжуаз топтарға арнап маска тігуді ұйымдастыруда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Полицейлер "Біз біргеміз!" акциясына қолдау көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Короновирус індетіне қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүріп, полицейлер күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
-
Қостанайда төрт айлық сәбиден вирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы хабарлады.
-
Коронавируспен күрес. БҰҰ Қазақстанға 100 мың долларлық грант бөлді
Осы мақсатта БҰҰДБ жаңа құрылған COVID-ке жедел ден қою қорынан Қазақстанға арнап 100,000 доллары мөлшерінде бастапқы грант бөлді.
-
Төтенше жағдай. Тәртіп бұзған 709 жағдай анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
-
Өз өзін оқшаулаған денсаулық басқармасының басшысы қызметінен босатылды
Осыған дейін осы қызметті атқарған Тілеухан Әбілдаевтің орнына Камал Надыров тағайындалды.
-
Қазақстанда қатерлі індеттен айыққандар саны 489-ға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 13 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1977-ге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді. Бұл туралы коронавирус індетінің еліміздегі ресми ақпарат көзі хабарлады.
-
Елімізде сирек кездесетін дәрілік шөпті заңсыз қазғандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында шекаралық режимді бұзған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды.
-
Сарыбай кенішінде жаңа қойма салынады
Соның бірі – қойнауына екі Эйфель мұнарасы сыйып кететін Сарыбай кенішіндегі үлкен қойма.
-
Дәрігерлерге арналған мурал сызылып бітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда суретшілері дәрігерлерге арналған муралды қалай салғандарын көрсетті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО-дағы онлайн сот отырысы
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Инновациялық жүйелердің сот жүйесіне енгізілуі істерді қашықтықтан қарауға мүмкіндік беруде.
-
Абай мұрасы – рухани кемелділік өзегі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев хакім Абай жайында айтқан сөздерінің бірінде: "Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз.
-
Экономиканы тұрақтандырудың кейбір шаралары туралы қаулы қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономиканы тұрақтандырудың кейбір шаралары туралы қаулы қабылдады.
-
Министр көктемгі егіс жұмыстарын тексерді
Өңірде көктемгі егіс науқанына дайындық белсенді жүргізілуде, бүгінде тұқым, тыңайтқыштар мен техника толығымен дайын.
-
42 500 теңге. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ – кәсіпкер
Әдемілікке жаны құмар нәзікжандардың бет-әлпетін бояп, макияж жасап келеді. Тіпті, мемлекеттік қолдауды пайдаланып, 500 000 теңгелік грантқа қол жеткізді.
-
Депутат: Мұқтаж жандарды ойлайтын министрлік қайда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы әлеуметтік саясат, оның ішінде халыққа беріліп жатқан жәрдемақыға байланысты онлайн дөңгелек үстел өтті.
-
Тоқаев тағы үндеу жасайды
Сонымен қатар, халықаралық байланыстарға келетін болсақ, қазіргі уақытта бұл мәселе негізінен телефон арқылы немесе видео конференция форматында жүріп жатыр.
-
Қазақстанда қанша әуежай бар?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір Қазақстанда 20 әуежай бар. Оның 15-і - мемлекеттік әуежай. 17 әуежайда халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсаты бар.
-
3 млн адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады
Басқарма төрағасының айтуынша, коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын жүргізу мақсатында қосымша медициналық нысанды бұйымдар да үздіксіз жеткізіліп жатыр.
-
Төтенше жағдай: Әскери психологтар шұғыл режимде жұмыс істеуде
Алматы, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде жұмысқа тартылған әскери қызметшілерге психологиялық көмек көрсету үшін ҚР Қарулы Күштерінде әскери психологтардың мобильді тобы құрылып, олар шұғыл режимде жұмыс істеп жатыр.
-
Вице-министр: Банктерді торуылдаған халық азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов халыққа төленіп жатқан әлеуметтік жәрдемақы туралы онлайн дөңгелек үстел барысында айтты.
-
Берік Шәріп: Медициналық мекемелерде "Эутирокс" жеткілікті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Елдегі эпидемиологиялық жағдай аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында "СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Берік Шәріп мәлімдеді.
-
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы әлемнің 8 университетіне шақырту алды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Аяжан Әлихан әлемдік 8 университетке оқуға түсті. Бұл туралы аталған мектептің баспасөз қызметі хабарлады.
-
COVID-19: 476 науқас жазылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.
-
Болат Жәмішев жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болат Жәмішев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметі хабарлады.
-
"Бізде олай емес": Заңгер Қазақстан мен Ресейдегі митинг туралы заң жобасын салыстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры, заңгер Марат Бәшімов Сенатқа жолданған "Бейбіт жиналыстар туралы" заң жобасына қатысты пікір білдірді.
-
Өңірлердегі медициналық мекемелерге 86 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Елдегі эпидемиологиялық жағдай аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында "СҚ Фармация" басқарма төрағасы Берік Шәріп мәлімдеді.
-
Халық жағдайын ойлап, көмек көрсетіп жатқан ел үкіметіне алғыс айтамын – ардагер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін ешкімге шағымданып, қол жайған адам емеспін. Дегенмен, елеп-ескеріп көмек көрсетіп жатқан әкімдік қызметкерлеріне алғысым шексіз. Бұл туралы Алматы облысы Талғар қаласының тұрғыны әрі Ауған соғысының ардагері Тұрарбек Досанов тілдесу барысында айтты.
-
Коронавирус: Алматыда екі науқастың жағдайы ауыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 21 сәуірдегі жағдай бойынша COVID-19 диагнозы расталған 669 жағдай тіркелді. Оның 145 жағдайы соңғы тәулікте тіркеліп отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Тұман, найзағай, бұршақ. Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.
-
42 500 теңге: Жеке куәлігінің мерзімі өткендер әлеуметтік көмек ала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеке куәлігінің мерзімі карантин кезінде өтіп кеткен азаматтар жәрдемақы тиесілі болған жағдайда өтінім бере алады.
-
COVID-19: Алматы облысында ауырғандар саны 53-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында тағы 3 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстанда қылмыс жасайтындардың 83,8% – жұмыссыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда биыл 3 айдың ішінде 54 990 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 23,9%-ға аз.
-
Балаларға арналған коронавирус туралы кітап қазақ тілінде жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Steppe and World баспасы ағылшын ғалымдары мен неміс иллюстраторы Аксел Шэффлердің балаларға арнап дайындаған коронавирус туралы кітабын қазақ тіліне аударды.
-
Алматы облысында тағы 2 елді мекен карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік пен Шелек қалаларында коронавирус инфекциясымен ауыру деректерінің жиілеуіне байланысты аталған екі қала карантинге жабылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Ғалымдар фермерлерге онлайн кеңес беріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аграрлық сала ғалымдары қазіргідей төтенше жағдай кезінде егін егу науқанына байланысты фермерлерге әлеуметтік желілер мен жедел хабарламалар арқылы кеңес беруде.
-
Антисептик және медициналық спирт оразаны бұзбай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұған қатысты ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ойын айтты.
-
Төтенше жағдай. Ораза ұстаудан кім босатылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров ораза ұстаудан кімдердің және қандай жағдайларда босатылатынына қатысты пікір білдірді.
-
Дүкендерге ұрлыққа түскен шетелдіктер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузия мен Әзірбайжан азаматтары Алматыдағы азық-түлік дүкендеріне ұрлыққа түскен, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Пітір садақа мен зекетті мобильді қосымшалар арқылы аударуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚМДБ төралқа мәжілісінің шешімімен, биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері – 370 теңге болып бекітілді.
-
Азық-түлік жеткізіп берсеңіз де, ауыз аштырғанның сауабын аласыз – бас мүфти
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Наурызбай қажы Тағанұлы бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен Рамазан айына қатысты баспасөз конференциясы барысында айтты.
-
Қарағанды облысында жеке көлікпен жүру уақыты шектелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтілді. Қосымша шектеулер Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қалаларында жеке көліктің қозғалуына қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
ҚМДБ Рамазан айында бірнеше жобаны іске асырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Наурызбай қажы Тағанұлы бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясы барысында айтты.
-
Тегін берілген азық-түлік бізге үлкен көмек болды – жалғызбасты ана
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір жағдай қиын, дегенмен Үкімет тарапынан берілген бұл азық-түліктер бізге үлкен көмек болды. Әлі соны пайдаланып жатырмыз. Бұл туралы Талдықорған қаласының тұрғыны Армангүл Біләл тілдесу кезінде айтты.
-
Коронавирус жұқтырған тағы 18 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 21 сәуірдің 12:30 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Елімізде дала өртінің қаупі жоғары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл өрт қауіпі кезеңінің ерте басталуына және күннің жылынуына байланысты елімізде өрт қауіптілігі жоғары болып отыр.
-
Коронавирус: 5 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті індеттен 5 адам жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.
-
БҚО-да індет жұқтырған 4 адамның үшеуі Ресейде жұмыс істеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 4 адам туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
-
Барлығы біледі: Атамқұлов жолаушылар вагонының жетіспеушілігін қалай шешпек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл жаңадан 50 жолаушылар вагоны сатып алынады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
-
Коронавирус. Жүрек-қан тамыр ауруларының асқынуына әкелуі мүмкін
Бүгінгі таңда жүрек-қантамыр аурулары бар науқастар коронавирусты оңай жұқтырады деген мәлімет жоқ.
-
Бес жылда 5,5 трлн теңге жұмсаймыз - Бейбіт Атамқұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасы туралы айтты.
-
Теміртау қаласында 6 адамның індет жұқтырғаны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 сәуірде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді.
-
Испанияда ауруханалар жабылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадридтегі далалық госпиталь бөлімшелерінің бірі ауруханаларға деген басымдық азайғандықтан жабылды.
-
Жыл соңына дейін жол сапасы 89% жақсарады: Министр жоспарын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында жыл соңына дейін республикалық жолдардың сапасы 89 пайызға жақсаратынын айтты.
-
Тараз қаласында 15 адам індет жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында COVID-19 вирусын жұқтырған соңғы 4 адам туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат берді.
-
300 миллиард теңгеден айырылуымыз мүмкін - министр
Оның айтуынша, төтенше жағдай енгізілгенге дейін Қазақстан 26 шетел мемлекетімен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе тасымалын жасаған.
-
Шымкентте індет жұқтырғандар саны 90-нан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жаңадан жұқтырған 2 адам туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.
-
ШҚО-да 3, Қостанай облысында 4 адам індет жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қостанай облысы мен ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат берді.
-
Мамин карантинді жеңілдетуге қатысты ашығын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, тағы бірқатар кәсіпорындар мен бизнес субъектілеріне жұмысты жалғастыруға рұқсат беру мәселесін қарастырып жатыр.
-
Коронавирустың тұмаумен ешқандай ұқсастығы жоқ – профессор
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирус ойдан шығарылған нәрсе емес. Вирусолог ғалымдар бұл індеттің жасанды емес, табиғи түрде пайда болғанын және оның геномдық айырмашылығы бойынша анықталатынын айтты.
-
Коронавирус. Министр елдегі жағдайды айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында елдегі коронавирус инфекциясы туралы мәлімет берді.
-
Қостанайда астық алқаптарының фитосанитарлық жағдайы қалай?
Қостанай филиалы жыл сайын тұқымдардың фитосараптамасын тиімді жүргізіп келе жатқан бірден-бір мекеме. Тұқым мен топырақ инфекциясын дамудың ерте сатысында анықтай алады.
-
Әлемде коронавирустан өлгендер саны 170 мыңнан асты
Алматы, BAQ.KZ. Дүние жүзінде коронавиурстан өлгендер саны 170 мыңнан асты, ал жұқтырған адамдар саны 2,5 миллионға жетіп қалды.
-
Бір сәтте еліміз бойынша індет жұқтырған 97 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 97 адам тіркелді.
-
Қашықтан оқыту. Оқушы ізденісіне жол ашылады – ұстаз
Ұстаз карантин режимінде балалар достықтың қадірін ұғынып, жауапкершіліктері артқанын айтады.
-
Қостанай облысында 5,2 млн гектар жерге егін егіледі
Көктемгі егіс жұмыстарына 22 мың 970 трактор, 1032 егіс кешені, 22 мың тұқым сепкіш, 8 мың жүк көлігі жұмылдырылады. Бүгінде өңірдегі барлық ауыл шаруашылығы техникасы көктемгі егіс жұмыстарына толық дайын.
-
42 500 теңге. Бір тәулікте 7 мыңнан астам өтініш түсті
Орталық мамандары өтініштерді жіті қарап, құжатта жіберілген қателерді жою мүмкіндіктері бар.
-
Облыс әкімінің орынбасары ерікті сарбаздар қатарына қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы ерікті сарбаздар қатарында сапқа тұрды.
-
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 сәуір күні еліміздің көптеген қалаларында жағымды метеорологиялық ахуал болжанады.
-
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.
-
Қазақстанға инвестордан гуманитарлық көмек келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі және "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің халықаралық тәжірибесін іске асыру шеңберінде инвестор компаниясының тарапынан Алматы қаласына жалпы соммасы 44 млн теңге құрайтын 228 мың медициналық бетперде гуманитарлық көмек ретінде келді.
-
Атырауда 5 мыңнан аса көшет егу жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Атырау қаласын көгалдандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Димаштың "We are one" бейнебаянының қазақстандық нұсқасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің бүкіләлемдік коронавирусқа қарсы күреске арналған "We are one" ("Біз біргеміз!") бейнебаянының қазақстандық нұсқасы жарияланды.
-
Испанияда коронавирус жұқтырғандардың саны 200 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, Сингапурде коронавирусты жұқтырған тағы 1 426 адам анықталды.
-
WTI маркалы мұнай бағасы тарихта алғаш рет нөлден төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 сәуір күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша WTI маркалы мұнайдың бағасы рекордтық көрсеткішке төмендеді.
-
Хабиб Конормен екінші жекпе-жегі үшін әдеттегіден 3,5 есе көп ақша алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің менеджері Али Абдель-Азиз МакГрегорға қарсы екінші жекпе-жекте ресейлік спортшы қанша гонорар алатынын айтты.
-
Таразда бір тәулікте 60-тан астам ереже бұзғандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде 64 бұзушылық тіркеліп, оның ішінде 3-еуіне ескерту берілсе, 18 адамға айыппұл салынған. 10 адам қамауға алынып, қалған істер соттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қырғыздың төкпе ақыны Эльмирбек Иманалиев дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыздың төкпе ақыны, комузшы, халық әртісі Эльмирбек Иманалиев 42 жасына қараған шағында дүниеден өтті.
-
Қазақстанда 13 күнде аурухана салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 200 орынға арналған заманауи жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды. Нысан 13 күн ішінде салынды, деп мәлімдеді Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Наверх