Қостанайда төрт айлық сәбиден вирус анықталды

21 Сәуір 2020, 21:10
1345
Бөлісу:
Қостанайда төрт айлық сәбиден вирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы хабарлады.

Қостанай облысының Денисов ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам анықталды

Олардың бірі 39 жастағы әйел адам – Жітіқара қаласының тұрғыны және екіншісі оның төрт айлық қызы, Жітіқара ауруханасының карантинге жабылуына байланысты, Денисов аудандық ауруханасына жатқызылған.   

Денсаулық сақтау басқармасы Жітіқара қаласынан науқастарды жіберу үшін Денисов және Қамысты АОА, сондай-ақ, Лисаковск қалалық ауруханасын анықтады. 

ПТР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі бойынша анасы мен балада COVID-19 диагнозы расталды. Олар қазір бекітілген хаттамаға сәйкес қажетті ем алып жатыр. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.   

Бүгін облыстың денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланы облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жеткізеді. 

21.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста СOVID-19 инфекциясын жұқтырған 27 адам анықталды.


Өзгелердің жаңалығы