Теміртау қаласында 6 адамның індет жұқтырғаны анықталды

21 Сәуір 2020, 11:36
1393
Бөлісу:
Теміртау қаласында 6 адамның індет жұқтырғаны анықталды

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 сәуірде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 адам тіркелді.

Вирусты жұқтырғандар — 1963, 1946 және 1977 жылғы әйел адамдар, 2006 жылы туған қыз бала, 1938 жылғы ер адам, 2010 жылы туған ұл бала. Барлығын өздеріне дейін вирусты жұқтырған науқастармен байланыста болған. Бұған дейін карантиндік госпитальге жатқызылған. Барлығы Теміртау қаласының тұрғындары - делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан хабарламада.

Бүгінгі таңда облыста инфекцияны 99 адам жұқтырған, оның біреуі қайтыс болды, 13 науқас жазылып шықты.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды.

Науқас 37 жаста, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылының тұрғыны. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта науқас аудандық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған - делінген хабарламада. 

21.04.2020ж. жағдай бойынша өңірде 13 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. 

Өзгелердің жаңалығы