Испанияда ауруханалар жабылып жатыр

21 Сәуір 2020, 11:24
1502
Бөлісу:
Испанияда ауруханалар жабылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадридтегі далалық госпиталь бөлімшелерінің бірі ауруханаларға деген басымдық азайғандықтан жабылды.

euronews.com сайтының мәліметіне қарағанда, Испанияда өткен тәулікте коронавирустан 399 адам қаза тапқан. Осы елдің баспасөзінің мәліметінше, бұл – бір айдағы ең төменгі көрсеткіш. Алайда, вирус жұқтыру жағдайлары әлі төмендемей тұр, өткен тәулікте 4 200 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Елде пандемия басталғалы бері 200 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 20 800-ден астамы көз жұмған.

Мадрид оқшаулану шараларын тағы созуды көздеп отыр. Бірақ, кейбір шектеулерді алып тастамақ. Мысалы, бір аптадан соң 12 жасқа дейінгі балаларға далаға шығуға рұқсат етілмек. Ал, жалпы карантин мерзімін кемінде 9 мамырға дейін созу жоспарда бар.

Ауруханаларға деген басымдық айтарлықтай төмендегендіктен, Мадридтегі ірі көрме орталығында орналасқан далалық госпиталь бөлімшелерінің бірі жабылды. Қызметкерлер аурухананы ерекше қошеметпен жапқан.

Өзгелердің жаңалығы