Тараз қаласында 15 адам індет жұқтырған

21 Сәуір 2020, 11:00
1295
Бөлісу:
Тараз қаласында 15 адам індет жұқтырған
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында COVID-19 вирусын жұқтырған соңғы 4 адам туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат берді.

Жамбыл облысының Тараз қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт адам анықталды. 

Төртеуі де өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған. Карантиндік стационарға жатқызылған кезде ПТР зерттеуге алынған анализ нәтижесі олардың коронавирусты жұқтырғанын көрсетті. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Олармен байланыста болған адамдарды, вирусты жұқтыру жағдайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді - делінген хабарламада.

Өңірде 65 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелген, олардың ішінде: Тараз қ. ‒ 15, Байзақ ауданы ‒ 3, Жамбыл ауданы ‒ 4, Қордай ауданы ‒ 33, Меркі ауданы ‒ 2, Мойынқұм және Шу аудандарында бір-бір адамнан анықталған. Дели ‒ Тараз рейсінің жолаушыларының қатарынан ‒ 6 адам.

21 сәуірдегі жағдай бойынша 11 адам сауығып шыққан және қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында үй карантині режимін сақтап отыр. Жұқпалы аурулар стационарында 50 адам емделіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы