Антисептик және медициналық спирт оразаны бұзбай ма?

21 Сәуір 2020, 14:17
3023
Бөлісу:
Антисептик және медициналық спирт оразаны бұзбай ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұған қатысты ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ойын айтты.

Елге төнген қауіпті дерт салдарынан, қазіргі таңда барша халық вирус жұқтырудан қорғану мақсатында антисептик және медициналық спирт қолдануда. Осы арада бұл шара оразаны бұзбай ма, деген сауал туындайды. Бұған қатысты ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ойын айтты.
Қазіргі таңда біз төтенше жағдайда болғандықтан, бұл шара оразаны бұзбайды. Адам өзін, денсаулығын қорғауы үшін жасалатын, қайта денсаулығына зиян тигізбейтін әрекеттерді шариғат қолдайды,-деді.

Сонымен қатар, бас мүфти жақын маңда тұратын ағайынға ауызашарға баруға бола ма, жоқ па деген сауалға да жауап берді.
Біз бұл мәселеге қатысты өткен жолғы үндеуімізде кеңес берген болатынбыз. Әрине, халықтың ағайын-туысын дастарханға шақырғысы келетін ниетін түсінеміз. Алайда, біз өзіміздің, көршілеріміздің, ағайынның амандығы үшін карантин талаптарын орындауға үндейміз. Сәл сабыр қылайық, оқшауланайық. Жағдай жақсарған кезде, әлі-ақ  ағайынды қонаққа шақыратын боламыз,-деді ол.

Еске саламыз, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Мамыр айының 19-нан 20-сына қараған түн – мың айдан қайырлы қасиетті Қадір түні. Ораза айт намазы 24 мамырда оқылады.



Өзгелердің жаңалығы