Бүгін "Арселор Миттал Теміртау" цехында өрт болды

21 Сәуір 2020, 22:27
1277
Бөлісу:
Бүгін "Арселор Миттал Теміртау" цехында өрт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 18:36-да Теміртау қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-да өрт шықты.

ЖЭО-БАС (бу-ауа үрлеу станциясы) қазандық цехындағы кокс газының құбырында нафталин шөгінділері жанған.  ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, газ құбырына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Тұтанған өрт 20 минутта ішінде, сағат 18:56-да сөндірілді.

Бұл уақытта ЖЭО-БАС №2,5,6,7 қазандықтары жұмыс істеп тұрған. Цехтың шатыры жануына байланысты №7 қазандық арқылы барлығы тоқтатылды. Жүктеме 47-ден 22 МВт-қа төмендеді. Сағат 22:00-де қазандықты жүйеге қосу жоспарланып отыр. Орын алған жағдай тұтынушыларға жылу беруге және станцияның жұмысына айтарлықтай әсер еткен жоқ, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік интернетте тараған №7 қазандықтың жарылысы жөніндегі ақпарат жалған екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы