42 500 теңге. Бір тәулікте 7 мыңнан астам өтініш түсті

21 Сәуір 2020, 09:04
1449
Бөлісу:
42 500 теңге. Бір тәулікте 7 мыңнан астам өтініш түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтардың әлеуметтік төлем алуға байланысты өтініштері тәулік бойы қаралады.

2020 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша https://42500.enbek.kz сайтына 122 мыңға жуық өтініш, оның ішінде 7 мыңнан астам өтініш 19 сәуір күні ғана келіп түсті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның мамандары келіп түскен барлық өтініштерді қарап, ТЖ кезеңінде әлеуметтік төлем алуға өтініш беру тәртібі туралы, әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту себептері туралы, бірыңғай жиынтық төлемді қайтару тәртібі туралы және т.б. түсініктемелер береді.

Тек 20 сәуір күнінің өзінде орталық қызметкерлері 4,5 мыңнан астам өтініш берушіге жауап қайтарды. Әрбір өтініш жеке қаралып, өтінімде жіберген қателерді жоюға, сол арқылы азаматтарға әлеуметтік төлемді алуына көмек көрсетіледі.

Орталық мамандары өтініштерді жіті қарап, құжатта жіберілген қателерді жою мүмкіндіктері бар.

Мысалы, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы әлеуметтік төлемнің қайтарылуына жол бермеу және уақытылы төлеуді ұйымдастыру үшін өтініш берушілердің көрсетілген шоттарын салыстыру мақсатында Екінші деңгейлі Банктермен интеграция жасады. Осының арқасында шот деректерінде жіберген қатені түзетіп, адамдардың әлеуметтік төлемді алуына жағдай жасалды. Мысалы, өтініш беруші Е есімді азамат өтініште "каратаның 20 таңбалы IBAN шотының" орнына дербес шоттың нөмірін көрсеткен. ЕРДО мамандары салыстыру жүргізіп, бұл қатені түзеп, өтініш берушінің Каспий банкіндегі карталық шотына жәрдемақыны жіберді. Айта кетсек, бір күннің ішінде осындай қате жіберген 5 жағдай тіркеліп, оларға көмек көрсетілді - дейді мамандар.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Үкіметі 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға қатысты азаматтардың өтініштерін (арыздарын) қарастыратын 4 мекемені анықтаған болатын. Олар:

1) 1414 call-орталығы. "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ-ның 1414 call-орталығы жүгінген адамның мәртебесі және әлеуметтік төлемдерді алу құқығы, сондай-ақ төлемді жүзеге асыру туралы ақпарат айқындалады.

2) 1411 call-орталығы. "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ мемлекеттік корпорациясының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ тікелей жұмыс істейтін call-орталығы. Бұл жерде азаматтарға төлем тағайындау, төлемнің кешіктірілу себептері және төлемді беруден бас тарту туралы ақпарат ұсынылады.

3) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы". Бұл мекеме азаматтар қате ұсынған банктік шоттың нөмірлері мен ЖСН-ін анықтап, өтініш берушілерге дұрыс деректерді қайта ұсыну үшін хабарлама жібереді. Азаматтардың түзетілген деректері негізінде оларға 42500 теңгені тағайындау үшін "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-на жібереді.

4) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 42500.enbek.kz сайты. Бұл сайтта азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша барлық мәселелер қарастырылады.
Өзгелердің жаңалығы