Испанияда коронавирус жұқтырғандардың саны 200 мыңнан асты

21 Сәуір 2020, 05:33
1260
Бөлісу:
Испанияда коронавирус жұқтырғандардың саны 200 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, Сингапурде коронавирусты жұқтырған тағы 1 426 адам анықталды. COVID-19-ды жұқтырғандардың жалпы саны 8 014-ті құрап отыр.

Ал Испанияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 200 000 адамнан асты. Беларусьте COVID-19-ды 6 264 адамның жұқтырғаны тіркелді.

Сонымен қатар, мұнда тағы 4 адам вирустың кесірінен көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны – 51.

Коронавирустың ошағына айналған ҚХДР-да мектептер мен ЖОО-лар қызметін қайта жандандырды.

Бұған дейін бұл елде де оқу демалысы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ұзартылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы