"Бізде олай емес": Заңгер Қазақстан мен Ресейдегі митинг туралы заң жобасын салыстырды

21 Сәуір 2020, 16:43
2347
Бөлісу:
"Бізде олай емес": Заңгер Қазақстан мен Ресейдегі митинг туралы заң жобасын салыстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры, заңгер Марат Бәшімов Сенатқа жолданған "Бейбіт жиналыстар туралы" заң жобасына қатысты пікір білдірді.

Заңгердің айтуынша, аталған заң жобасы адам құқықтары саласындағы халықаралық келісімдерге, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактінің 21-бабына сай келеді. 

Өйткені ең бастысы "бейбіт жиналыстар өткізуге құқығы бар" деген ерік білдіру құқығы бекітілген. Бұл құқықты пайдалану заңға сәйкес белгіленген және демократиялық қоғамда мемлекет пен қоғамдық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, халықтың денсаулығы мен моралын қорғау немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерінде қажет болатын жағдайларды қоспағанда, басқа ешқандай шектеулерге ұшырамайды. Барлығы осы негізгі құқықтық норманы ұстануға тырысты. Халықаралық пактінің осы нормасын қайталайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 32, 39-баптары бар. Бұл, тұтастай алғанда, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияның қағидаларына және ЕҚЫҰ нұсқауларына сәйкес келеді, - дейді Марат Бәшімов.

Оның айтуынша, Заң жобасында баяндалған бейбіт жиналыстарды өткізу туралы презумпция - ЕҚЫҰ "Бейбіт жиын бостандығы туралы" нұсқауларында айтылған негізгі қағидалардың бірі.

Сонымен қатар, "тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етілген" деген тағы бір қағиданың болуы көрініс тапты. Заң жобасы - посткеңестік елдердегі ең либералды заңдардың бірі. Мысалы, Ресей Федерациясында митинг ұйымдастырушыларына қатаң талаптар легі қойылған. Оларда әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам белгілі бір уақыт бойы митинг ұйымдастыра алмайды, - дейді Марат Бәшімов.

Яғни, 5.38 (жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер туралы заңнаманы бұзу), 19.3 (полиция қызметкерінің, әскери қызметшінің, федералды қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерінің, мемлекеттік күзет органдарының қызметкерінің, көші-қон саласындағы федералды мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын органдардың қызметкерінің немесе қылмыстық-атқару жүйесі органының немесе мекемесінің қызметкерінің, Ресей Федерациясының ұлттық ұланының офицерінің заңды бұйрығына бағынбау), 20.1 (ұсақ бұзақылық), 20.18 (көлік коммуникацияларын бұғаттау және т.б. Басқа елдерде кейбір шектеу бар) баптарына сай жауапкершілікке тартылған азаматтар туралы сөз болып отыр.

Ал бізде олай емес. Басында азаматтардың ерік-жігерін толық қамтамасыз ету үшін оларға үкіметтің нұсқаны жасаушылардың өзі бұл норманы заң жобасына кіргізбеді. Өйткені норма еніп кетсе, көп адамға бейбіт жиындарды ұйымдастыруға тыйым салынар еді. Әлі күнге дейін митингті тек саяси жиын деп ойлайтындар бар. Олай емес. Бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың кез келген спектрін - экономикалық, әлеуметтік, мәдени, білім беру салаларын да қамтуы мүмкін, - дейді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Еуропалық құқық және адам құқықтары институты директорының айтуынша, митингілер туралы хабарлама қағидатының мерзімі – 5 жұмыс күні. Ресей Федерациясында да мұндай хабарлама қағидаты бар. Алайда, ол жақта 10 күннен кешіктірмей хабарлау керек. Қырғызстанда - 12 күнтізбелік күн болса, бұл тәртіп Өзбекстанда - 30 күн деп бекітілген.

Ол жақында жаңа заң қабылданып, проблемалық сұрақтардың көбі келмеске кетуі керек деп отыр.

Барлығы әлдеқайда жеңіл және қолжетімді, қауіпсіз және ыңғайлы болады. Митингілер бәріне таныс және қарапайым болады деп сенемін. Уақыт көрсетеді. Коронавирус қашан өлетіні белгісіз. Егер қазір заң қабылданбаса, онда оны тек 2020 жылдың күзінде немесе 2021 жылы қабылдауға тура келеді. Онда сол кезге дейін 1995 жылы қабылданған заң көп адамның ашуын туғызары сөзсіз. Ондай жағдайда тәртіп сақшысы болсын, полиция, басқа да мемлекеттік органдар ескі заңның нормаларына назар аударуға мәжбүр болады. Күз мезгілі - саяси тартыстардың, парламенттік сайлауға дайындықтың алғашқы кезеңі. Жаңа заңның болуы оларды қолдайды. Сондықтан алға ілгерілеу бар және бұл өте жақсы. Меніңше, төтенше жағдайдан кейін жаңа құқықтық реттеу сөз бостандығына қатысты көптеген проблемалық мәселені жеңілдетеді. Жаңа заңның болуын олар да қолдайды. Сондықтан алға ілгерілеу бар. Бұл өте жақсы үрдіс. Төтенше жағдайдан кейін жаңа құқықтық реттеу сөз бостандығына қатысты көптеген проблемалық мәселені жеңілдететін секілді, - дейді Марат Бәшімов.

Өзгелердің жаңалығы