UFC сәуір мен мамырдағы төрт турнирді өткізбейтін болды

21 Сәуір 2020, 22:19
1190
Бөлісу:
UFC сәуір мен мамырдағы төрт турнирді өткізбейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC басшылары ресми сайтта 25 сәуірде Линкольнде (АҚШ), 2 мамырда Оклахома-Ситиде (АҚШ), 9 мамырда Сан-Паулода (Бразилия) және 16 мамырда Сан-Диегода (АҚШ) жоспарланған UFC Fight Night және UFC 250 турнирлерінің өтпейтіні туралы баспасөз хабарламасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы іс-шараларға билеттерді сатып алған жанкүйерлер бастапқы сатып алу нүктесінде өз қаражаттарын қайтып ала алады. Интернетте немесе телефон арқылы сатып алынған билеттер автоматты түрде қайтарылады, - делінген хабарламада.

18 сәуірде өтуі тиіс UFC 249 турнирі бұған дейін тоқтатылған болатын. Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон төбелесуі керек еді. Хабиб карантиннің салдарынан Ресейден шыға алмай, турнирге қатысудан бас тартқан еді. Оны Джастин Гэтжи алмастырды.

Өзгелердің жаңалығы