Жалпы жаңалықтар
-
-
2026 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы өседі
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: 2026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.01.2026
-
Иран: Қазір АҚШ саясатына байланысты келіссөз жүргізу мүмкін емес
Иранның сыртқы істер министрі Аббас Эракчи АҚШ-пен келіссөздер процесіне қатысты пікір білдіріп, қазіргі жағдайда Вашингтонның ұстанымына байланысты келіссөз жүргізуге мүмкіндік жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2026
-
WhatsApp қолданушыларына ескерту: Жаңа киберқауіп пайда болды
Полиция қызметкерлері азаматтарды WhatsApp мессенджеріне қатысты жаңа киберқауіп туралы ескертеді. Енді кибералаяқтар ”GhostPairing” деп аталатын жаңа қылмыстық схеманы қолдануда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2026
-
Қазақстанда қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі бекітілді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2025 жылғы 24 желтоқсанда бірлескен қаулы қабылдап, қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлерін белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.01.2026
-
Грекияда 2025 жыл ең ыстық жыл болды
Грекияда 2025 жылғы орташа ауа температурасы ел аумағында осы уақытқа дейін тіркелген жылдық орташа температуралар ішінде екінші ең жоғары көрсеткішке айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2026
-
Әлемде: АҚШ екі мұнай танкерін қолға түсірді, Зеленский мәлімдеме жасады, Германияда жұмыссыздық көбейді
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
08.01.2026
-
Пәтер, декларация және ҚҚС: Салық органдары топ-3 сұраққа жауап берді
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды жиі мазалайтын топ-3 сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2026
-
Посткеңестік валюталар 2025 жылы қалай өзгерді?
R-Finance қаржы талдаушысы Арман Байғанов 2025 жылы АҚШ долларына қатысты посткеңестік елдердің валюталары қалай өзгергеніне салыстырмалы талдау жүргізді. Оның айтуынша, жыл бойындағы валюта бағамдарының қозғалысы бірқатар айқын үрдістерді аңғартады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2026
-
ЖИ және жеке деректер: ChatGPT-ге айтуға болмайтын 5 нәрсе
Нейрожелілер күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуда. Алайда бүгінде деректердің таралып кету қаупі де арта түсті. Мамандар жасанды интеллектіге қандай ақпаратты жүктеуге болмайтынын ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі SlashGear-ге сілтеме жасап.
08.01.2026
-
Құны 82 млн теңге: Заңсыз жалға беріліп келген жер мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен құны 82 млн теңгені құрайтын жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.01.2026
-
Алматы маңында үндістандық студенттер қаза тапты
Алматы-Бішкек тасжолында шетел азаматтары бар көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.01.2026
-
Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 8 қаңтарда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.01.2026
-
Баянауылға келетін туристер саны жыл сайын артып келеді
Павлодар облысында туризмді дамыту бағытында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.
08.01.2026
-
АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығады: Трамп меморандумға қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп ел мүддесіне сай келмейді деп танылған 66 халықаралық ұйымнан шығу туралы президенттік меморандумға қол қойды. Бұл туралы 7 қаңтар күні Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
08.01.2026
-
"Біз сатылмаймыз": Гренландия халқы Трамптың мәлімдемесіне алаңдаулы
Гренландия тұрғындары АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің аралды сатып алу немесе бақылауға алу жөніндегі мәлімдемелеріне алаңдаушылық білдіруде. Жергілікті халық мұндай риториканы өз аумағына төнген қауіп ретінде қабылдап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
08.01.2026
-
Автонесиеге балама ма, тәуекел ме: Қазақстанда автолизинг қалай жұмыс істейді?
Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг енгізілді. Көлікке қол жеткізудің бұл тетігі ай сайынғы төлемді азайтып, жоғары санаттағы автокөлікті таңдауға мүмкіндік береді. Алайда сарапшылар лизингті "арзан шешім" деп қабылдамауға шақырады. Қаржылық лизинг қалай жұмыс істейді, оның автонесиеден айырмашылығы неде, мемлекет автокөлік сатып алуды не үшін қолдап отыр және көлік алуға ниетті қазақстандықтарды қандай тәуекелдер күтуі мүмкін. BAQ.KZ тілшісі зерделеп көрді.
08.01.2026
-
Алматыда қоймадан шыққан өрт толығымен сөндірілді
Алматы қаласы Солтүстік айналым тас жолындағы қоймадан шыққан өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08.01.2026
-
Қорғаныс министрлігінің курсанттары армия үшін практикалық прототиптер әзірлеуде
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары оқу-жаттығу аясында армияның практикалық міндеттерін шешуге арналған инженерлік прототиптер әзірлеуде. Бұл жобалар болашақ офицерлерге теориялық білімді тәжірибеде қолдануды үйретуге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08.01.2026
-
Йемен билігі Аден провинциясында коменданттық сағат енгізді
Йеменнің президенттік басқару кеңесінің мүшесі және "әл-Амалика" бригадаларының командирі Абдель Рахман Әл-Махрами Аден провинциясында түнгі коменданттық сағат енгізуді бұйырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
08.01.2026
-
Жапония Қытайдың қос мақсатты тауарларды экспорттауға шектеуін айыптады
Жапония Қытайдың әскери және азаматтық мақсатта қолданылатын қос мақсатты тауарларды экспорттауға тыйым салуын «мүлдем қабылданбайтын» шара деп атады. Бұл қадам Азиядағы ең ірі екі экономиканың арасындағы шиеленістің жаңа кезеңіне айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
08.01.2026
Наверх