Электрондық еңбек биржасында мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізбесі жарияланды.
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар іске асуда. Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер белгіленген квота шеңберінде азаматтардың осы санатын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.
2026 жылы квота 2,6 мың жұмыс берушіге белгіленген және 16,7 мың жұмыс орнын көздейді. Бұл мүгедек азаматтар үшін жұмыс табудың, тұрақты табыс табудың және өздерінің кәсіби әлеуетін іске асырудың нақты мүмкіндіктері, - деп хабарлады Еңмек министрлігінің баспасөз қызметі.
Квоталауға қатысатын жұмыс берушілердің тізбесі аудандар мен қалалар бөлінісінде электрондық еңбек биржасында жарияланды.
Бұл қолайлы жұмыс берушілерді табуды жеңілдетеді және жұмыс іздеушілерге өз аймағында жұмыс нұсқаларын тезірек табуға мүмкіндік береді.
Жұмыс орындарын квоталау – жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, әрбір азаматтың еңбек етуіне және қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік беретін инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ететін маңызды тетік, - делінген хабарламада.