Трамп: АҚШ ирандық жүк кемесін қолға түсірді

Иран қарулы күштері бұл әрекетке жауап ретінде АҚШ әскери кемелеріне дрондар арқылы соққы жасады.

 freepik Бүгiн 2026, 07:14
Бүгiн 2026, 07:14
117
Фото: freepik

Дональд Трамп АҚШ әскери-теңіз күштері Оман шығанағы аумағында ирандық жүк кемесін тоқтатып, бақылауға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап,

Оның айтуынша, USS Spruance жойғышы кемеге бірнеше рет ескерту жасағанымен, экипаж талапқа бағынбаған. Соның салдарынан кеме қозғалтқыш бөлігіне оқ атылып, кейін теңіз жаяу әскерлері бортқа көтерілген.

CENTCOM дерегінше, «Touska» кемесі Бендер-Аббас портына бет алған. Экипаж бірнеше сағат бойы ескертулерге жауап бермегеннен кейін кеме тоқтатылған.

Ал Tasnim агенттігі Иран қарулы күштері бұл әрекетке жауап ретінде АҚШ әскери кемелеріне дрондар арқылы соққы жасағанын хабарлады. Тегеран бұл жағдайды «қарақшылық» деп бағалап, жауап шаралары жалғасатынын мәлімдеді.

Оқиға аясында аймақтағы әскери-саяси шиеленіс күшейе түсті.

Наверх