Теңіздегі шиеленіс мұнай бағасын тағы да шарықтатты

Сарапшылар нарықтағы өзгерістер көбіне тараптардың қарама-қайшы мәлімдемелеріне байланысты екенін айтады.

 freepik Бүгiн 2026, 07:49
Бүгiн 2026, 07:49
134
Фото: freepik

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ президенті Дональд Трамптың ирандық жүк кемесін басып алу туралы мәлімдемесінен кейін айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Азия нарықтарындағы сауда барысында Brent crude бағасы 6,4%-ға өсіп, баррелі 96,13 долларға жетті. Ал West Texas Intermediate 7,5%-ға қымбаттап, 90,15 долларды құрады.

Сарапшылардың айтуынша, бағаның өсуіне Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленіс себеп болып отыр. Бұған дейін Иран бұл стратегиялық су жолын коммерциялық кемелер үшін жабатынын мәлімдеген еді. Айта кетейік, әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газдың шамамен 20%-ы осы бұғаз арқылы тасымалданады.

Энергетикалық нарықтар АҚШ пен Иран арасындағы соңғы әскери-саяси шиеленістен кейін құбылмалы күйде қалып отыр. Сарапшылар нарықтағы өзгерістер көбіне тараптардың қарама-қайшы мәлімдемелеріне байланысты екенін айтады.

Сонымен қатар, АҚШ делегациясының Пәкістанға келіссөздер жүргізу үшін баруы жоспарланған. Алайда Иран тарапы бұл кездесуге қатысу мәселесі әлі нақты шешілмегенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Ормуз бұғазы толық ашылмаған күйде қалып отыр, бұл жаһандық энергия нарығына қысымды күшейтіп отыр.

Наверх