Қазақстанда жаңа мереке - Қазақ тазысы мен төбеті күні ресми түрде бекітілді.
BAQ.KZ хабарлағандай, құжатқа сәйкес, жаңа мереке 2026 жылдың 15 сәуірінен бастап енгізілді және ол жыл сайын 3 қыркүйекте аталып өтеді.
Ұлттық мұра нышандары
Әңгіме еліміздің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі саналатын екі дәстүрлі ит тұқымы - қазақ тазысы мен төбеті туралы болып отыр.
Мерекенің белгіленуі ұлттық тұқымдарды сақтау мен дәріптеуге деген қызығушылықты арттырады деп күтілуде.
Билік бұл бастама Қазақстанның биоалуантүрлілігі мен мәдени дәстүрлерін сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлшегіне айналады деп есептейді.
Еске салайық, бұған дейін қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берді
Дүниежүзілік иттер көрмесінде қазақ тазылары алғаш рет әлемге таныстырылды
Қазақ тазысы патенттелді