Алматы облысындағы маңызды жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

Аталған кезеңде көлік қозғалысы арнайы ұйымдастырылған айналма жол арқылы жүзеге асырылады.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 08:11
Бүгiн 2026, 08:11
107
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

«ҚазАвтоЖол» ҰК республикалық маңызы бар «Байсейіт – Көкпек» автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты 2026 жылғы 20-30 сәуір аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жолдың 3+250 – 4+500 шақырым учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Аталған кезеңде көлік қозғалысы арнайы ұйымдастырылған айналма жол арқылы жүзеге асырылады.

Компания жүргізушілерден жолдағы шектеулерді ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Наверх