Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Алматыдағы ұшақ апатына қатысты түсінік берді.
Бүгінгі ұшақ апатынан қайтыс болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі, ешкім елеусіз қалмайды,-деді ол.
Сондай-ақ ол қазіргі жағдайдағы мәлімет ьойынша ұшақ апатынан 12 адам көз жұмғанын жеткізді.
Сегіз адам оқиға орнында мерт болды, екі адам әуежайға жеткізілгенде, тағы екі адам ауруханада қайтыс болды. Ұшақта 93 пассажир мен 5 экипаж мүшесі болған. Оның екеуі Украина азаматы, бір Қырғызстан және ҚХР бір азаматы брлған,-деді ол.
Сөз арасында ол тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын және борт жетекшісі көз жұмғанын айтты.
Тексеріс жұмыстары барысында ұшақ қанатының ұшу жолына екі рет соғылғаны белгілі болды. Одан кейін әуе кемесі оңға бұрылып қақпаға соғылып, соңында үйге барып соғылған. Абырой болғанда үйде ешкім болмаған. Ұшақ екі жерінен бөлінген. Негізінен ұшақтың алдыңғы қатарында отырған пассажирлер қайтыс болды,-деді ол.
Қазір құтқару жұмыстарына мыңға жуық адам жұмылдырылған.
Ауруханаға қазір 49 адам жеткізілді, оның он сегізі ауыр халде. Қалғандарына медициналық, психалогиялық көмек көрсетілуде. Жедел қоңырау шалу желісіне 600 астам қоңырау түсті,- деді Скляр.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды.