Bek Air ұшағы Қызыл ту ауылына құлаған

27 Желтоқсан 2019, 09:03
5306
Бөлісу:
Bek Air ұшағы Қызыл ту ауылына құлаған
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға орнына Алматы Әуе көлік прокуроры және Алматы қалалық Полиция желілік бөлімінің Тергеу-шұғыл тобының мамандары шыққан.


Бұл туралы "Қазақстантеміртранс" компаниясының баспасөз хатшысы Тимур Асылханов хабарлады.
Алматы қаласы әуежайының диспетчесрлік қызметінің операторынан түскен ақпаратты жариялаймыз. «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағытымен ұшқан Бек Эйр компаниясының ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін радардан жоғалып кетті. Жолаушылар саны – 100. Экипаж саны – 5. "Фоккер-100" әуе кемесі. Қазір Алматы әуежейы кезекші бөлімінен түскен ақпаратқа сүйенсек, ұшақ "Қызыл ту" ауылына құлаған. Оқиға орнына Алматы қаласы Әуе көлік прокуроры және Алматы қаласы Полиция желілік бөлімінің Тергеу-шұғыл тобы шықты. Оқиға орнынан ақпаратты қосымша хабарлаймыз, - деп жазды Фейсбукте "Қазақстантеміртранс" компаниясының баспасөз хатшысы Тимур Асылханов.
WhatsApp Image 2019-12-27 at 09.11.09.jpeg
Бек Эйр ұшағы бүгін таңертең сағат 7.05-те Алматыдан ұшып кеткен. Бірақ бірден радардан жоғалған.


Өзгелердің жаңалығы