Ұшақ апаты: Ауруханада тағы бір адам қаза тапты

27 Желтоқсан 2019, 11:57
5418
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Ауруханада тағы бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Қызыл ту ауылында құлаған Bek Air ұшағы апаты салдарынан қаза тапқандардың саны артты. Бұл туралы әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты. 

Оқиға орнында 14 адам қаза тапты. Бір адам ауруханада көз жұмды, - деді ол Алматы халықаралық әуежайындағы баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін қаза тапқандар саны 14 екені хабарланып, 7 адамның кім екені белгілі болған. Сондай-ақ, Bek Air әуекомпаниясының №Z2100 рейс жолаушыларының тізімі де жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы