Ұшақ апаты: шұғыл телефон желісі ашылды

27 Желтоқсан 2019, 09:27
5594
Бөлісу:
Ұшақ апаты: шұғыл телефон желісі ашылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Bek Air ұшағының апатынан кейін шұғыл телефон желісі ашылды. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға орнында құтқарушылар, мединица қызметкерлері және құқыққорғау органының мамандары жұмыс істеп жатыр. Эвакуация жүргізіліп жатыр. Шұғыл штаб құрылды, - делінген хабарламада. 

Шұғыл телефон желісі: 8 (7172)53-32-84 

Алматы облысы ТЖД: 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД: 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47

Айта кетейік, бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшып бара жатқан Bek Air ұшағы апатқа ұшырады.

Iшінде 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі болған ұшақ Қызыл Ту ауылында екіқабатты үймен соқтығысып құлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 7 адам қаза болған.

 

Өзгелердің жаңалығы