Елбасы: Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын

27 Желтоқсан 2019, 11:04
5555
Бөлісу:
Елбасы: Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады.

"Алматы әуежайынан ұшып шыққан Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін, - делінген жеделхатта.
 


Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. 

Өзгелердің жаңалығы