Все новости за 5 ақпан 2026
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
Ақпан 2026
| Дү |
Се |
Сә |
Бе |
Жұ |
Сен |
Же |
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
1
|
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
1
|
-
-
Қазақстанда 157-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылды
Алматы облысы Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында ТЖМ ведомстволық бағдарламасы аясында 157-ші ерікті өрт сөндіру пункті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көктайғақ, жауын-шашын: құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасады
Астанада 6 ақпан күні қар жауып, көктайғақ күтіледі. Қала коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істеп, бір күнде 35 мың текше метрден астам қар мен мұз шығарылды. Қаланың көшелерін тазалау үшін 1 400-ден астам арнайы техника мен 400 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 ақпан күні Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертең Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты ертең Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Димаш Құдайбергеннің жаңа жобасы Қытай телеарнасында көрсетіледі
Бүгін, 5 ақпанда сағат 22:00-де Қытайдың Hunan TV арнасында Voice beyond Horizon халықаралық жобасының премьерасы өтеді. Қазақстанда бағдарлама 14 ақпанда Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейде 23 жастағы жігіттің денесі табылды
Семей қаласында 23 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы Абай облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райы: Қазақстанның 16 облысында ескерту жарияланды
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 6 ақпанда елдің басым бөлігінде қатты жауын-шашын күтіледі: қар, жаңбыр, боран, көктайғақ және тұман болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Банктер енді алаяқтарға жіберілген ақшаны қайтарып береді
Ұлттық банктің Антифрод-орталығы алаяқтық операцияларды анықтау және олардың алдын алу бойынша белсенді жұмысын жалғастырып жатыр. Жаңа заңнамалық түзетулер аясында Қазақстандағы қаржы ұйымдары алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтардың қаражатын қайтаруға міндетті болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйелдердің үні Конституциялық комиссияда толыққанды естіліп жатыр – депутат
«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасына әйел азаматтардың көзқарасы: құқық, теңдік, қатысу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтардың дипломдарына қатысты жаңа заңға қол қойылды
Мемлекет басшысы "жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Бас Прокурордың орынбасарын тағайындады
Мемлекет басшысының өкімімен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ет, түйе сүті мен ұшатын театр: Қазақстан көрші елдің елшісін несімен таңқалдырды?
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь екі ел арасындағы серіктестіктің қалай дамып жатқанын және бір жыл ішінде Қазақстанның несімен ерекше әсер қалдырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Нұртай Сабильянов Ұлттық банктің рөлін Конституцияда нақты бекітуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов ұлттық валютаны Конституция деңгейінде бекіту экономикалық егемендіктің маңызды көрінісі және қаржылық тұрақтылықтың негізі екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеті үшін өтемақы болуы керек – сарапшы
“Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында Ата Заңның жаңа жобасында әрбір азаматтың мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен келген зиянды өтеу құқығы туралы норманы енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Құқығы бұзылған әр балаға жеке кейс-менеджер тағайындалады
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында елде бала құқықтары бұзылған жағдайда оны жеке сүйемелдеуді қамтамасыз ететін кейс-менеджерлер институты енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 7 млн балаға арналған жаңа жүйе іске қосылмақ
Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен брифингте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Brent мұнайы 72 долларға дейін көтерілуі мүмкін: Нарықта не болып жатыр?
Мұнай нарығында баға құбылып тұрғанымен, негізгі тренд өзгерген жоқ. Алайда Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістер күшейсе, Brent маркалы мұнай бағасы 72 доллар деңгейіне дейін көтерілуі мүмкін деген болжам айтылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды
Республикалық заң консультанттары алқасының және Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынысына қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді
Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде айқындап, нарық үшін бірыңғай ережелерді енгізеді, мамандардың біліктілік талаптарын нақтылап, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат Ұлттық валютаны Конституцияда нақты бекітуді ұсынды
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Ұлттық валюта мәртебесін Конституция деңгейінде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қарин 1995 жылы қабылданған Конституциядағы калькаларды атады
Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қолданыстағы Ата Заңның қазақшасындағы калька ұғымдарды атап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды
Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Бесқопа ауылында зорлау дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
-
Конституция алғаш рет қазақша жазылып жатыр – Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституция Қазақстан тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент сынынан кейін Шымкент полициясына жаңа басшы келді
Шымкентте соңғы кезде болған қанды оқиғалардан кейін Мемлекет басшысы министрлікке қатаң сын айтқан еді. Одан кейін қаладағы полиция жұмысына жан-жақты қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде қалалық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалып, бірқатар жетекші қызметкерлер қызметтен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Рөлде отырған жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған": Алматыда бірнеше көлік соқтығысты
Алматыда жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шешуші ұғым көрсетілмей қалған: Сарапшы заң нормасын қайта қарауды ұсынды
Конституциялық комиссияның кезекті VІІІ отырысы өтіп жатыр. Онда Бас прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев Конституцияның 18-бабын заң техникасы тұрғысынан қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Активтерді қайтару жөніндегі қызметтің бастығы тағайындалды
Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Енді алимент төлеуден жалтарған такси жүргізушілері ұсталады
Алматы қаласында алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген азаматтарды анықтауға бағытталған жаңа тетік іске қосылмақ. Бұл ретте Алматы қаласының прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
AI-Sana: Оқушыларға мамандық таңдауға көмектесетін ЖИ-агент іске қосылды
AI-Sana аясында оқушыларға кәсіптік бағдар беретін ЖИ агент іске қосылды
-
Қысқы Олимпиада: Бөлінген миллиардтар жүлдеге жеткізе ме?
6 ақпан күні Италияда Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Аталған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 10 спорт түрінен 36 спортшымен медаль үшін бақ сынайды. Бұған дейін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиадаға дайындық жұмыстарына мемлекет тарапынан 13,3 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеген болатын. Осыған байланысты BAQ.KZ тілшісі экономистер мен спорт сарапшыларынан аталған қаржының тиімділігі мен күтілетін нәтижелер жайлы пікір сұрады.
-
Электронды төлемдерде биометрияны қолдану: Ұлттық банк ережелерді жаңартуда
Қазақстан Ұлттық Банкі электрондық банк және төлем қызметтерін көрсету ережелерін өзгертетін шешім жобасын әзірледі.
-
Жер бетінде магниттік дауыл басталды
Батыс жартышардың түнгі аймағында қазірдің өзінде айқын полярлық шұғыла байқалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қандас" құжатымен алдаған шетелдік бюджет ақшасына пәтер сатып алған
Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу жөнінде сотқа дейінгі өндірісті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
50 жастан зейнетке шығып, өмір бойы қалай зейнетақы алуға болады?
Кейбір қазақстандықтар 50 жастан бастап әрі өмір бойына зейнетақы ала алады
-
Астанада ата-аналарға арналған Педагогикалық қолдау орталығы ашылды
Астана қаласы әкімдігі №112 жалпы орта білім беретін Келешек мектепте ата-аналарға арналған «Педагогикалық қолдау орталығы» кабинеті ашылды. Жаңа орталықтың негізгі мақсаты – ата-ана, бала және мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтып, оқушылар мен олардың отбасыларына психологиялық қолдау көрсету, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Пәкістандық БАҚ Тоқаевтың көшбасшылығы мен дипломатиялық стилін жоғары бағалады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбаты. Мемлекет басшысы Трамп саясатына жоғары баға беріп, халықаралық қатынастарда реалистік тәсілге жүгінуге шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2026 жылы арнаулы салық режимін кім қолдана алады?
Жаңа Салық кодексі аясында жаңартылған арнаулы салық режимі енгізілді. Бұл режим оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте үшем дүниеге келді
Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентханасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бала баққан әкелер зейнетақысыз қалмайды: Аймағамбетов не өзгеретінін түсіндірді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еңбек және әлеуметтік заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер аясында әкелердің, соның ішінде бала күтімімен отырған ер азаматтардың құқықтары кеңейтілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысындағы қыстаудан бала мен ересектердің мәйіті табылды
Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында жер үйден 4 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Нұрай ісі: Депутат елді дүрліктірген оқиғаның қалай болғанын айтты
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов елімізде белең алған қыз алып қашу және зорлық-зомбылық оқиғаларына қатысты Ішкі істер министрлігінің жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бағаны негізсіз көтеретін дүкендерге 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынады
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны бақылауды күшейтті. 2025 жылғы 23 желтоқсаннан бастап осы тауарлардың тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызғылт-қызыл арық: Экологияға зиянын тигізген кәсіпорынға айыппұл салынды
Сот қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл салды.
-
Жетісу облысында жер сілкінді
Сейсмологиялык зерттеу институтының сейсмикалық станциялар желісімен 5 ақпанда Астана уақытымен 13 сағат 42 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Банктер адамдарға несие беруді азайта бастады
Екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) берген несиелер көлемі 2025 жылы 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. Бұл өсім 2024 жылғы 23,9% көрсеткіштен төмен болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
-
Таразда анасы ұрып-соққан бүлдіршіннің әкесі оны балалар үйінен алып кетуге тырысуда
Таразда кіші ұлын ұрып-соққан әйелдің балалары орналастырылған балалар үйіне олардың әкесі жиі барып жүр. Ол баланы мекемеден алып кетуге әрекеттеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
-
Енді ақша жіберу үшін тек телефон нөмірі жеткілікті
Ұлттық банк жаңа банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс ережесін әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Трамп: "Өз қауіпсіздігіме алаңдаймын"
АҚШ президенті Дональд Трамп өз қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
«Үміт сөнбесін»: Қазақстанда донорға мұқтаж 342 адам көз жұмды
Қазақстанда донорға мұқтаж 342 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қар, жаңбыр, аяз бен боран: 5 ақпанда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
5 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі – кей жерде жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел және жаяу бұрқасын болады. Ауа температурасы сәл көтерілгенімен, артынша күрт суытуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Жүргізушілер «әдемі» нөмірлерді үйден шықпай-ақ таңдай алады
Енді «ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
16 жастағы оқушы мектеп әжетханасында сірке қышқылын ішіп қойған
Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы оқушы мектеп әжетханасында сірке қышқылын ішіп қойған. Оқиға Айыртау ауданына қарасты Гусаковка ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында алтынды заңсыз өндірген 12 адам жауапқа тартылуда
Түркістан облысы Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерін өз бетінше игерумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Артық салмақтан қалай арылуға болады? Диетолог оразаның құпиясын айтты
Ораза кезінде біреулер салмақ тастап жатса, енді бірі керісінше салмақ қосып жатады. Астана медицина университетінің жетекші ғылыми қызметкері, дәрігер-диетолог Жанна Нұрбергеннің айтуынша, бұл – оразаны дұрыс ұстамаудың белгісі. Маман ауызашар мен сәресінде жиі жіберілетін қателіктерді және ағзаны оразаға қалай дұрыс дайындау керегін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қауіпті роза": Қазақстанда Эквадордан әкелінген гүлдерден зиянкестер табылды
Қазақстанға Эквадордан әкелінген раушан гүлдерден зиянкестер табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ДДСҰ ескертеді: Азияда онкологиялық аурулар саны күрт өсті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінде онкологиялық аурулармен күресте оң өзгерістер бар екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ұйымға сілтеме жасап.
-
Газадағы ахуал: Израильдің соңғы шабуылдарынан 21 адам қаза тапты
Израильдің бітім режимін бұза отырып, Газа секторына жасаған соңғы әуе және артиллериялық соққылары салдарынан 21 палестиналық қаза тапты. Бұл туралы Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu сілтеме жасап.
-
Қазақстан оқушылары 7 күн демалады
Қазақстандағы бірінші сынып оқушылары 7 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Трамп-Си Цзиньпин келіссөзі, Иранмен дағдарыс және Ресейге жаңа санкциялар
Трамп пен Си Цзиньпин сауда байланысын кеңейтуді талқылады, АҚШ-Иран келіссөздері тығырыққа тірелуі мүмкін, Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірленуде, ал Алжирде Сахара арқылы ауыр жүк теміржолы іске қосылды. BAQ.KZ тілшісі әлемдегі маңызды жаңалықтарға шолу жасап, назарларыңызға ұсынады.
-
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер Оманда өтеді
Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи АҚШ-пен ядролық келіссөздер жұма күні Оманда өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Al Jazeera-ға сілтеме жасап.
-
Жамбыл облысында мақсатсыз пайдаланылған 275 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуына қатысты жоспардан тыс бақылау жүргізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтауда әйелдің іш киімдерін ұрлаған ер адам іздестірілуде
Ақтауда полиция жайылып тұрған әйелдің іш киімдерін ұрлаған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Автобус, теміржол, порт: Исламабадтағы 24 сағат Қазақстан экономикасын қалай өзгертеді?
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары декларация деңгейінен шығып, нақты экономикалық есепке құрылған серіктестікке айнала бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф арасында Исламабадта өткен келіссөздер еліміз үшін қандай өзгерістерді алып келеді деген сауалға экономист Айбар Олжай пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үш қуаныш бір күнде: Алматыда үшем дүниеге келді
Алматыда 39 жастағы келіншек бір мезетте үшем дүниеге әкеліп, бірден көпбалалы ана атанды. Қалалық перинаталдық орталықта өмірге келген екі ұл мен бір қыздың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
-
Репост үшін автокөлік уәдесі: Жанабыловтар үйқамаққа алынды
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Бас прокурордың орынбасарын тағайындады
Президент Ерлан Өтегеновті жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгерістер әкелуде
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында елімізде электр энергетикасының жүйелі дамуын қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық сенімділіктің жаңа деңгейіне көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елде қызылша деректері артты: Қауіпті өңірлер аталды
Қазақстанда қызылшаға байланысты эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі күйінде қалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындап жатыр
АҚШ Ресейге қарсы кезекті санкциялық шаралар пакетін әзірледі. Алайда шектеулердің бірден енгізілетініне қатысты нақты белгі жоқ. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытай шөл далада алғашқы ауыр жүк теміржолын іске қосты
Алжирде – Африкада алғаш рет шөл арқылы ауыр жүк тасымалдауға арналған теміржол желісі пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында құны 42 млрд теңге өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады
Келес ауданында 51 гектар аумақта жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіруге арналған "Ecoculture-Eurasia" өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер өтпеуі мүмкін
Жұма күні өтуі тиіс АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер Вашингтонның кездесуді Түркиядан Оманға көшіруге келіспеуіне байланысты өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та Трампқа қастандық жасаған ер адам өмір бойына сотталды
АҚШ соты 2024 жылы сол кездегі президенттікке кандидат Дональд Трампқа қастандық жасады деп айыпталған Райан Уэсли Раутты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы USA Today басылымына сілтеме жасап BAQ.KZ хабарлайды.
-
5 ақпанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп пен Си Цзиньпин сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты сауда қатынастарын кеңейту мәселелеріне баса назар аударды. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл елімізде жылыжай саны 10%-ға өсті
2026 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға көп. Жылыжайлардың жалпы ауданы 12,1 мың шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қатты аяз: Астана, Алматы және 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстанның 16 облысында 5 ақпанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Наверх