Все новости за 18 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елдегі еңбек адамы: дәнекерлеуші Болатбек
2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. BAQ.KZ тілшісі Жамбыл облысы, Жамбыл ауданына қарасты Шайдана ауылының қарапайым тұрғыны, дәнекерлеуші Болатбек Аманұлының жұмыс күнімен танысып қайтты.
-
Енді оқушылар аптасына 2 рет жылқы етін жейді
Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жауабында айтылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"ҚазАвтоЖол": Қазақстан жолдарында 5 күнде 177 рет қозғалыс шектелді
Желтоқсанның 12–16-сы аралығында Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық тасжолында 177 рет уақытша қозғалыс шектеуі енгізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
Павлодар қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада үздік аула клубтары марапатталды
Бүгін Астанада жастар көптен күткен ерекше шара "AulaFest" жобасының қорытынды кеші болып өтті. Шара елордадағы аула клубтарының жұмысын қорытындылап қана қоймай, жыл бойы жетістікке жеткен өнерлі балалар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
-
Елімізде 19 желтоқсанда қар жауып, боран соғады
"Қазгидромет" синоптиктері 2025 жылғы 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жалған ақпаратпен күрес: Анкарада түркі елдерінің өкілдері бас қосты
Анкарада Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан өкілдерінің қатысуымен Түркі мемлекеттеріндегі жалған ақпаратпен күрес тақырыбына арналған форум өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
157 мыңға жуық қазақстандық шетелде жұмыс істейді
Қатар Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық арналар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар мемлекетінің үкіметі арасындағы қазақстандық жұмыскерлердің осы елде жұмысқа орналасуын реттеу туралы келісімді орындау жөніндегі мемлекетішілік рәсімдердің орындалғанын растайтын жазбаша хабарлама жіберді. Осылайша, аталған келісім күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарапшы: Сауда мен логистика экономиканың негізгі өсім драйверіне айналды
Экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында елдегі сауда мен қызмет көрсету салаларының ерекшелігіне, ішкі саудаға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда заңсыз базарды бұзу жұмыстары басталды
Сот шешімі бойынша Алматыдағы «Үміт» базары сүрілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өңдеуші өнеркәсіп алға шықты: Өсімнің басты көзі анықталды
Экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында Қазақстан экономикасының 2025 жылғы қорытындысын жан-жақты талдады. Айтуынша, өнеркәсіп секторында өсім жақсы шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және оның отандастарын Қатар Мемлекетінің ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстаулық педагог мамандық таңдауға көмектесетін жоба әзірледі
Маңғыстаулық педагог оқушының болашақ мамандығын таңдауына көмектесетін бот әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұнайдан тыс өсім: Қазақстан экономикасы 2025 жылды қалай аяқтады?
Экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасының кезекті шығарылымын Қазақстан экономикасының 2025 жылғы қорытындысына арнады. Айтуынша, жыл толық аяқталмағанымен, 11 айдың ауанын қарап, болжамды модельге салып, алдын ала белгілі бір шешімге келе беруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте заңсыз кофе өндірісі анықталды
Шымкент қаласында антисанитариялық жағдайда «MacCoffee» 3/1 дайындаған заңсыз цехтың жұмысы әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Токиода кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті
Токиода Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Семейде ер адам емханада жүкті әйелге шабуыл жасады
Семейде қалалық емханалардың бірінде маманға кезексіз өтуге әрекеттенген ер адам жүкті әйелдің телефондарын тартып алып, қолын бұраған. Полиция оқиғаны растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Rakuten компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту ниетін қолдады
Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және бас директоры Хироши Микитанимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
"Боранға қарсы тұрған бала": Қырғызстан президенті оқушыға өз телефонын сыйлады
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 4-сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековті қабылдады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы президентінің ресми сайты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі стратегиялық ынтымақтастық орнатты
Бас редакторлар клубы мен ҚР Қорғаныс министрлігі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Жапония өз әріптестігін 14 стратегиялық келісіммен бекітті
Мемлекет басшысы Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Өңдеу өнеркәсібі 2025 жылы 5,9%-ға өсті
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсім көрсетіп, өндіріс көлемі 27 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков журналистермен өткен баспасөз кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бетті бүркейтін киімге қатысты заң қабылданды: ІІМ ерекшеліктерін атады
Сенат "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" заң жобасын қабылдады. Құжат аясында қоғамдық орындарда бетті жауып, оны тануға кедергі келтіретін киім кию үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2025 жылы отандық өндірісте 22 000 жаңа жұмыс орны ашылды
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков БАҚ өкілдерімен кездесуде баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодарда педофил 20 жылға сотталды
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зорлау, жәбірленушіге күш көрсетіп, дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы баспана бағасы тағы шарықтап кетпей ме? Вице-министр түсіндірді
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз кездесуінде Baq.kz тілшісінің тұрғын үй бағасына қатысты сұрағына жауап берді.
-
Пайдалы қазбаларды игеруде 700-ден астам барлау лицензиясы берілді
Биыл инвесторларға барлауға 707 лицензия және пайдалы қазбаларды өндіруге 22 лицензия берілді. Үкіметтің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы аясында минералды-шикізат базасын басқарудың ашықтығын арттыру туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа заң: Елімізде ЛГБТ-ны насихаттағандарды қандай жаза күтіп тұр?
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенатта өткен брифингте ЛГБТ-ны насихаттағандарға қандай жаза қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ипотека: Биыл мыңдаған адам баспаналы болды
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз кездесуінде әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЛГБТ насихатына тыйым: Заңды бұзғандар қалай анықталады
Сенат депутаттары архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Құжатта ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуға қатысты нормалар бар. Бұл бап бойынша құқық қолдану өтініш беру тәртібімен басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада бойжеткенді зорлап, өлтіріп кеткен: ІІМ не дейді?
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенатта өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласындағы 16 жастағы бойжеткеннің жантүршігерлік өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз кездесуінде елде тұрғын үй құрылысы жоспардан асыра орындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЛГБТ насихатына тыйым: Сенатор заңды түсіндірді
Бүгін Сенат Қазақстан аумағында ЛГБТ насихатына толығымен тыйым салатын заңды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жапония Премьер-министрінің офисінде Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Жапония Премьер-министрінің офисінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Жаңа жылдық құттықтау – алаяқтардың жаңа айласы
Полицейлер мерекелік күндер қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет ететінін ескертеді, хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенат: Энергия өндіретін ұйымдарды қолдайтын заң қабылданды
Сенат "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенат ЛГБТ насихатына толықтай тыйым салды
Сенат архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Электросамокаттарға тәртіп, балаларға қорған: Сенат жаңа заңды қабылдады
Сенат құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заңды қабылдап, оған бірқатар өзгерістер енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қосшыда мектеп маңында автобус өртенді
Бүгін Қосшы қаласындағы мектептердің бірінің аумағында жолаушылар автобусы өртенді. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаны растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Зейнетақы төлемдері қалай есептеледі: БЖЗҚ түсіндірді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысына сәйкес есептейді. Бұл қаулыға сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2026 жылы тойланатын мерекелер мен айтулы даталар
2026 жыл еліміз үшін тарихи жадыны жаңғыртып, ұлттық рухты нығайтуға бағытталған маңызды кезеңдердің бірі болмақ. Себебі бұл жылы дәстүрлі түрде аталып өтетін мерекелерден бөлек, қазақтың бірқатар көрнекті зиялыларының мерейтойлары да тойланбақ. BAQ.KZ тілшісі жылқы жылында ел жадында жаңғыратын маңызды күндерге шолу жасады.
-
Дипфейк: Қаржылық алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды
Алаяқтар үшін дипфейк кибершабуылдар жасау және конфиденциалды деректерді ұрлау құралдарының бірі. Дипфейк – бұл ЖИ-дің көмегімен өңделген фотосурет, бейне немесе аудио жазба, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Жапониямен серіктестіктің жаңа бағыттарын атады
Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекеттік туды пайдаланудың заңды тәртібі түсіндірілді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын автокөліктерде пайдалану мәселесі кеңінен талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Димаш Құдайберген профессор атағын алды
Димаш Құдайберген университеттің құрметті профессоры атағына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
МӘМС жүйесі кеңейеді: 2026 жылдан бастап қандай жаңалықтар енгізіледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша қойған міндеттері шеңберінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әділет министрлігі ЛГБТ насихаты туралы заңға пікір білдірді
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенаттың пленарлық отырысында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін түзетулерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Жапониядағы қазақстандық мамандармен кездесті
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Түркістан облысындағы күніне мыңдаған көлік өтетін көпір неден құлады?
Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін көпірдің құлауына байланысты қозғалыс уақытша тоқтатылып, қауіптің алдын алу шаралары қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Вице-министр ЛГБТ-ға қатысты заң туралы: Халықаралық міндеттемелерге толық сай
Сенатта бірінші оқылымда мақұлданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Конституция мен халықаралық міндеттемелерге сай әзірленген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
100 мыңнан астам адам тұрғын үй жеңілдіктерінен айырылған
Маңғыстауда 100 мыңнан астам адам тұрғын үй жеңілдіктерінен айырылған. Прокуратураның араласуымен азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасында жазба қалдырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
ЛГБТ насихатына тыйым: Сенат заңды бірінші оқылымда мақұлдады
Сенат депутаттары архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Құжатта ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуға қатысты нормалар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тексерістен кейін оқытушылардың жалақысы 200 мың теңгеге дейін өсті
Оқытушылардың еңбек құқықтарын қалпына келтірді
-
Жаңа Салық кодексі: Кәсіпкерлерді 2026 жылы қандай өзгерістер күтіп тұр
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, жаңа жылдан бастап Қазақстанда үш арнаулы салық режимі (АСР) қолданылады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа қожалықтарына арналған режим. Кәсіпкерлер енді жаңа декларация нысандарын тапсырады, жалдамалы қызметкерлер үшін есептерді береді, сондай-ақ шекті кіріс мөлшері мен салықтық шегерімдерге қатысты жаңа ережелерді сақтауы тиіс.
-
ІІМ көліктеріне ту ілгендерге неліктен айыппұл салынғанын түсіндірді
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанның көліктеріне мемлекеттік туын ілгені үшін айыппұл салынғанын айтып шағымданған жүргізушілерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Нигерияда шахтаға жасалған қарулы шабуылдан 12 адам қаза тапты
Нигерияда шахтаға жасалған қарулы шабуыл салдарынан 12 адам қаза тапты. Оқиға Плато штатында орын алды, мұнда қарулы адамдар Фан аймағында жұмыс істеп жатқан шахтерлер тобына шабуыл жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға қанша жәрдемақы төленді?
2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 847,9 мың отбасы жалпы сомасы 555,8 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 604,2 мың отбасы 484 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 243,7 мың адам 71,8 млрд теңгеге қамтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауладан саябаққа дейін: Елорданың Алматы ауданы қалай жаңарды?
Астана қаласының Алматы ауданы 2025 жылы қалалық ортаны дамыту, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Абаттандыру, көгалдандыру, көше-жол инфрақұрылымы, жарықтандыру, санитарлық тазалық пен әлеуметтік нысандарды дамыту – осының барлығы ауданның даму бағытын айқындады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Боран кезінде тірідей көміліп қалған қойлар қар астынан шығарылды
Қарға тірідей көміліп қалған қойлар қар астынан шығарылды
-
Делиге қонған Air Astana жолаушылары орынсыз және сусыз қалды
Air Astana әуе компаниясының Алматыдан Бангкокқа бағытталған түнгі рейстегі ұшағы Делидегі әуежайға шұғыл түрде қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сауалнама: Қазақстандықтар 2025 жылды қалай бағалады?
1000 респондент қатысқан әлеуметтанулық зерттеу 2025 жылға тек эмоциялық тұрғыдан ғана емес, адамдардың күнделікті өмірінде сезіне алатын нақты өзгерістер тұрғысынан да қарауға мүмкіндік береді.
-
Әлемде: АҚШ–Украина келіссөздері, Гонконгтегі өрт, Венесуэланың АҚШ-ты айыптауы
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
-
Heriot-Watt University: Жаңа оқу-зертханалық корпустың ескерткіш тақтасы ашылды
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Ұлыбританияның жетекші техникалық университеті Heriot-Watt University халықаралық кампусы ашылды.
-
Қазақстан мен АҚШ бірлесіп Ақтөбеде зерттеу орталығын ашты
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Миннесота университетінің бірлескен бастамасымен Қазақстанда алғаш рет «Халықаралық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту орталығы» салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында көпір құлады
Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін көпір құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы – Бангкок рейсі техникалық себеппен Делиге шұғыл қонды
18 желтоқсанға қараған түні Алматыдан Бангкокқа бағыт алған Air Astana әуекомпаниясының KC931 рейсі техникалық себепке байланысты Үндістанның Дели қаласына шұғыл түрде қонды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында 91 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы облысында биыл мақсатсыз пайдаланылған немесе уақытылы игерілмеген 91 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында жүргізіліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.
-
Ақтауда сирек жасалатын күрделі нейрохирургиялық ота сәтті өтті
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында нейрохирургия саласындағы сирек әрі жоғары кәсіби шеберлікті талап ететін оксипитоспондилодез операциясы сәтті жүзеге асырылды. Күрделі хирургиялық араласу жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған науқасқа жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы Жапония Императорының сарайына барды
Мемлекет басшысы Жапония Императорының сарайына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағы таныстырылды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Венесуэла "ұрлаған" мұнай құқығын қайтарғысы келеді – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Венесуэла заңсыз иемденді деп санайтын мұнай құқықтарын қайтарып алуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Вашингтон маңындағы Эндрюс әскери базасында журналистермен сөйлесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады
Венесуэла үкіметі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне АҚШ-тың елге қатысты «жалғасып жатқан агрессиясын» талқылау үшін арнайы отырыс өткізуді сұрап өтініш жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
-
Президенттің Жапонияға сапары: 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында жалпы құны 3,7 миллиард АҚШ долларынан асатын коммерциялық келісімдерге қол қою жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ресей мен АҚШ Майамиде Украина бойынша келіссөздер жүргізеді
Алдағы демалыс күндері Ресей Федерациясы мен АҚШ делегациялары Майамиде (Флорида штаты) Украинадағы қақтығысты шешу мәселесі бойынша консультациялар өткізеді деп күтілуде. Бұл туралы американдық Politico газеті дереккөздерге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
901 млрд доллар: АҚШ Конгресі рекордтық қорғаныс бюджетін мақұлдады
АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы 901 млрд доллар көлеміндегі рекордтық қорғаныс бюджетін мақұлдады. Құжат 77 дауыспен қабылданып, 20 қарсы дауыс берілді. Енді заң жобасы Президент Дональд Трампқа қол қоюға жіберіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
-
Гонконгте тағы өрт: 100-ден астам адам эвакуацияланды
Гонконгтің Тхуэнь Мунь ауданында Prime View Garden тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алып, 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ жергілікті South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
-
БҰҰ Бас хатшысы АҚШ пен Венесуэланы ұстамдылық танытуға шақырды
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш АҚШ пен Венесуэланы ұстамдылық танытуға және жағдайды деэскалациялауға шақырды. Бұл туралы ұйым басшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Венесуэла АҚШ-тың кемелерді қоршауға алу әрекетін айыптады
Венесуэла АҚШ президенті Дональд Трамптың санкцияланған мұнай танкерлерін қоршауға алу туралы бұйрығын "соғыс қаупі" деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Павлодарда пиротехниканың заңсыз саудасы әшкереленді
Павлодарда полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуын анықтады. Отшашулар қауіпсіздік талаптарын бұза отырып сақталып, сатылған, бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Наверх