Все новости за 11 желтоқсан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын айтулы дата – Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
12 желтоқсанда боран мен екпінді жел соғып, көктайғақ болады
"Қазгидромет" синоптиктері 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірнеше өңір тұрғындарына қолайсыз ауа райына дайын болу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Ашхабад қаласына барды
Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Алматыда газдан уланғандардың жағдайы қалай? – Министр мән-жайды айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыдағы газдан улану оқиғасы бойынша зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ел аумағына сырттан тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды
Жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ваучерлік қаржыландырудың арқасында өңірлерде 21 млрд теңге үнемделді
Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жаңа жыл мәзірінің жұлдызы: Қызыл уылдырық туралы көпшілік біле бермейтін деректер
Жаңа жылдық дастарқан қамына кіріскен қазақстандықтар үшін қызыл уылдырық бұрынғыдан да қымбаттауы мүмкін. Қараша айында өнім бағасы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 23,4%-ға өсті. Бұл – 2023 жылдың наурызынан бергі ең жоғары жылдық өсім, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
-
Мектепке дейінгі жүйеде жаңа серпін: 100 балабақшада жаңа жоба басталды
Биылдан бастап 100 мектепке дейінгі ұйымда «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иран президенті Жүрек орталығына барды
Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Иран Ислам Республикасының президенті, доктор Масуд Пезешкиан «Астана» медициналық орталығы» КЕАҚ-на қарасты University Medical Center (UMC) Жүрек орталығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
КҚК оқиғасы: Энергетика министрлігі мұнайдың жоғалуы туралы қауесеттерді жоққа шығарды
ҚР Энергетика министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан КҚК терминалындағы оқыс оқиға салдарынан «4 млн тонна мұнайдан айырылды» деген ақпарат қате және бұл техникалық көрсеткіштерді дұрыс түсінбеуден туындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Ақмола облысында полицейлер ер адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иран елімізде 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салады
Иранның Solico Group компаниясы елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алматыда жолаушылар отырған троллейбусқа автобус соғылды
Алматыда қоғамдық көлік қатысқан тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кибершабуылдар көбейді, ал бюджет жеткіліксіз – сарапшы
Қазақстанда цифрландыру үдерісі жыл сайын жеделдеп келеді, онымен бірге киберқауіптер де күрделене түсуде. Мемлекеттік және жеке сектор цифрлық тәуелділікке барған сайын кибершабуылдардың саны да көбейіп отыр. Осы орайда еліміздегі киберқауіпсіздік ахуалына қатысты осы саласының PR-сарапшысы Абылай Исин өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Балаева: Жоғары оқу орындары еңбек нарығына бейімделуі тиіс
Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау мәселесіне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Иран президентіне алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-иран қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан президент Масуд Пезешкианға алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алматыдағы 52 адам уланған жағдай: Қылмыстық іс қозғалды
Алматыдағы "Алматы-2" вокзалында 52 адам күйік газынан улану жағдайына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көрмені тамашалады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы вокзалында ТЖ: 52 адам уланып, екі бала жансақтау бөлімінде жатыр
Алматыдағы "Алматы-2" вокзалында 52 адам күйік газынан уланды. Зардап шеккендердің арасында 10 бала бар, олардың екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда “күйіп кететін ұшақ билеттерінің” дәуірі аяқталуы мүмкін
Қазақстанда жылдар бойы шешілмей келген мәселе – “күйіп кететін билеттер” түбегейлі жойылуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары авиацияны тұтынушылар құқығын қорғау жүйесіне қайтарып, әуекомпаниялардың жауапкершілігін күшейтетін реформа ұсынып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Инклюзивті білім беру жүйесі: Қазақстандағы жағдай қалай?
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту бағытында ауқымды реформалар жалғасып жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің BAQ.KZ тілшісіне ұсынған мәліметтеріне сәйкес, алдағы жылдары мектептерде қолайлы орта қалыптастыру, педагогтерді даярлау және психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін кеңейту басым міндеттердің бірі болмақ.
-
Иран президенті: Қазақстан – аймақтағы маңызды серіктесіміз
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда алғаш рет мәйіттік донор тіркелді: Жүрек басқа адамның өмірін сақтап қалды
Ақтаудың облыстық көпбейінді ауруханасында 45 жастағы ер адамның ми өлімі анықталған. Аурухана қызметкерлері туыстарына түсіндірме жұмыстарын жүргіп, жақындарының келісімінен соң, аурухана базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы мамандарымен бірлесіп жүрек алу операциясы жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Кореямен бірлесіп смарт-қала жобасын дамытуға келісті
Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Блогерді зиратқа апарып қорлағандар ісі сотқа жетті: жәбірленуші баптың жеңілдетілгеніне наразы
Атырауда 25 жастағы блогер Құралай Болатоваға жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс тергеліп бітті. Материалдар сотқа берілді. Алайда іс "Денсаулыққа орташа зиян келтіру" бабы бойынша ғана қарастырылмақ. Болатованың өзі бұл шешімге наразы — ол өзін алдап, қала сыртындағы аймаққа апарып, бостандығынан айырғанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 40 пайызға өсті
Мемлекет басшысы өткен 10 айда Иранмен сауда-саттық көлемі былтырмен салыстырғанда 40 пайызға артқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
640 000 теңгеден басталады: Қазақстанда кімдер ең көп табыс табатыны белгілі болды
Қазақстанда қараша айында ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар анықталды. Бас құрылысшылар, өндірістік учаске басшылары және авиациялық диспетчерлер ең жоғары табыс табатын мамандар қатарында. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап, Enbek.kz Электрондық еңбек биржасының жаңартылған деректері негізінде BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.
-
Бауырлас қос халықтың тарихы – тамырлас, салт-дәстүрі мен мәдениеті – ұқсас
Қазақстан мен Иран халқының тарихы – тамырлас, салт-дәстүрі және мәдениеті – ұқсас. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Боран, көктайғақ: Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді
2025 жылғы 11 желтоқсанда сағат 13:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы республикалық автожолдардың кейбір учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Иран бірқатар маңызды құжатқа қол қойды
Қазақстан-Иран келіссөздері қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Иран Қазақстан тарихына қатысты құнды ескі қолжазбаның көшірмесін табыстады
Қазақстан мен Иран басшылары мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру мәселесін де қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте мектепте бір күн істемеген маман білім басқармасының басшысы болды
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте жақында тағайындалған білім басқармасының басшысына қатысты журналист сынына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісуда жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ізін суытпай ұсталды
Жетісу облысында полиция қызметкерлері Ескелді ауданында орын алған жылқы ұрлығын дер кезінде әшкерелеп, тағы бір ауыр қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкенттегі автогаз тапшылығы қалай шешілетіні белгілі болды
Шымкентте автогаз тапшылығы неліктен жиілеп кетті және бұл мәселе қалай шешіліп жатыр? БАҚ өкілінің бұл сұрағына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Масуд Пезешкиан: Иран Қазақстанмен сауда саласын дамытуға мүдделі
Ақордадағы жиында Астанаға ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Иран Қазақстанмен сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кім демалады? Шымкенттегі Президент резиденциясы сауықтыру лагеріне айналмақ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкенттегі Президент резиденциясын сауықтыру лагеріне айналдыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Иранмен бірлесе дамытуға болатын салаларды атады
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жалақы үш есе төмен, талап үш есе жоғары: Жастарға жұмыс табу неге қиын?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елімізде жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 330 мыңды құрап, жұмыссыздар деңгейі 4,6%-ды көрсетіп отыр. Бұл халықаралық стандарт бойынша өте төмен көрсеткіш. Алайда бұл көрсеткіш еліміздегі экономикалық жағдайды толық ашпайды. Әлі де елімізде жұмыссыздық мәселесі, жастардың шетелге жұмыс іздеп кетуі, ауыл мен қала арасындағы айырмашылық және жалақаның тұрақсыздығы деген секілді мәселелер бар. Жұмыссыздық деңгейі өсуінің ел экономикасына тигізер әсері туралы BAQ.KZ тілшісі экономист маманмен талқылап көрді.
-
"Ақшаны қайтармаймыз": Мейрамханаға алдын ала төлем жасайтындар нені білуі керек?
Жаңа жыл қарсаңында мейрамханаларда орын брондау кезінде алдын ала төлем (“предоплата”) талап етілетіні белгілі. Алайда тұтынушы қандай да бір себеппен бара алмай қалған жағдайда көптеген мекемелер бұл қаражатты қайтармайды. Осы мәселеге қатысты BAQ.KZ тілшісінің сұрағына Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жауап берді.
-
11 желтоқсандағы ресми бағам: Доллар, еуро және рубль қалай өзгерді?
Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 11 желтоқсан, бейсенбі күнгі шетел валюталарының ресми бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтардың өмірінде не өзгерді: Қоғамның Тәуелсіздік жылындағы реформаларға көзқарасы
Тәуелсіздік күніне орай ҚСЗИ қазақстандықтардың қай реформаларды шын мәнінде сезінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Ақордада Иран басшысын қарсы алды
Ақордада Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Үлкен балалар тілін қайшымен кеспек болды: 7 жасар бала шабуыл оқиғасын ойдан шығарған
Павлодарда 7 жасар бала тілін жаралауды үлкен балалардан көрдім деп ойдан шығарғаны анықталды. Полиция тексеріс жүргізіп, шын жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: АҚШ–Украина келіссөздері, Камбоджа–Таиланд шиеленісі
BAQ.KZ тілшісі әлемде соңғы тәулікте болған оқиғаларға шолу жасап, жария болған жаңалықтар топтамасын ұсынады.
-
Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қайда кетеді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қайтыс болған салымшылардың жинақтары қалай рәсімделетіні туралы ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ҰБТ халықаралық форматқа өтеді: Бұл оқушыларға қалай әсер етеді?
Қазақстанда ETS халықаралық ұйымымен ынтымақтастық аясында қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту басталды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті BAQ.KZ редакциясының ресми сұрауына берген жауабында мәлімдеді.
-
Бала құқығын қорғау күшейтіледі: Мемлекет күтпеген тексерулер жүргізе алады
Елімізде 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл ауылдары ауыз сумен қамтылады
Жамбыл облысының ауылдарын сумен жабдықтауға қайтарылған активтер қаражаты есебінен 15 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЖИ қолданылатын скоринг жүйесі міндетті автоcақтандыруды қалай тиімдірек етеді
«Бонус-малус» термині түсініксіз болуы мүмкін, бірақ ол әрбір автокөлік иесіне тікелей қатысты. Қысқаша айтқанда: «бонус-малус» кластары жүргізушінің жолда қаншалықты ұқыпты екенін көрсетеді. Яғни, қаншалықты сақ жүрсең – КҚИ АҚЖС сақтандыру полисі соғұрлым арзан болады. Бұл жүйе жүргізушілерді жолда тәртіп сақтауға ынталандыру үшін енгізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бес жылда елімізде балық өсірушілер саны 4 есеге артты
Бабын тапқанға балық – нағыз байлық. Соңғы жылдары бұл саланың дамуына берілетін демеу қаржы айтарлықтай көбейіп, қолдан балық өсіруге қызығушылық артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.
-
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 11 желтоқсанда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Елордада кезекті "Соғым-FEST" ет жәрмеңкесі өтеді
Астанада 13-14 желтоқсан күндері дәстүрлі «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарынан келген фермерлер қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Камбоджа – Таиланд шиеленісі: Трамп екі елмен келіссөз жүргізбек
АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін, 11 желтоқсанда Камбоджа мен Таиланд арасындағы қақтығысты шешу мақсатында екі ел басшыларымен телефон арқылы келіссөз жүргізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Агроэкспорт пен инвестиция өсімі: Қазақстан–Иран серіктестігі қалай күшейіп келеді
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапары аясында қазақ-иран диалогына тағы да қызығушылық туындады. Иранның сыртқы саясатындағы қиын-қыстау кезеңге қарамастан, Қазақстанмен арадағы экономикалық серіктестік соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілді: агроэкспорт көлемі еселеп өсіп, өзара инвестициялар артты, ал логистикалық жобалар екі елдің аймақтық байланыстарын кеңейтуге жол ашып отыр.
-
Украина АҚШ-қа бейбітшілік жоспары жобасына жауабын жолдады
Украина билігі АҚШ әкімшілігіне Вашингтон әзірлеген Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі соңғы бейбітшілік бастамасына ресми жауабын жіберді. Бұл туралы Axios порталының журналисі Барак Равид дереккөздерге сүйене отырып жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1000-нан астам шаруа ерте қаржыландыруға өтінім берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау және қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде биыл «Кең дала 2» бағдарламасы аясында өтінім қабылдау 1 қазанда басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
-
АҚШ Венесуэла жағалауында мұнай танкерін ұстады
АҚШ әскери күштері Венесуэла жағалауында санкциялар тізімінде тұрған мұнай танкерін ұстады. Бұл туралы Bloomberg ақпарат көздеріне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Исландия "Eurovision – 2026" ән байқауына бойкот жариялады
Исландия "Eurovision – 2026" ән байқауына бойкот жариялаған Испания, Ирландия, Словения және Нидерландыдан кейін бесінші ел болды. Бұл шешім Израильдің байқауға қатысуының ресми түрде расталғанына байланысты қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Мароккода екі ғимарат құлап, 22 адам қаза тапты
Марокконың солтүстігіндегі тарихи Фес қаласында төрт қабатты екі іргелес ғимарат құлап, кем дегенде 22 адам қаза тапты, тағы 16 адам жарақат алды. Бұл туралы Le Monde газеті жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ туристерден соңғы 5 жылдағы әлеуметтік желі деректерін сұрауы мүмкін
АҚШ шетелдік туристерді елге кіргізу кезінде соңғы бес жылдағы әлеуметтік медиа тарихын ұсынуды талап етуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
-
Ғаламшарға қауіп: БҰҰ климаттық дағдарысқа қарсы инвестиция салуға шақырады
Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа есебіне сәйкес, климаттың өзгеруі планетаның денсаулығына қатер төндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Еуропа алаңдаулы: Трамп Украинадағы бейбіт жоспардан бас тартуы мүмкін бе?
Еуропалық шенеуніктер АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерде ілгерілеудің жоқтығына байланысты шыдамын жоғалтып, бейбіт жоспардан бас тартуы мүмкін деп алаңдаулы.
Наверх