Все новости за 21 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
10 айда темір жолмен 220 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
2025 жылдың қаңтар-қазан айларында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ желісі бойынша жүк тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4% өсіп, 221,4 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Тұман, көктайғақ: Астана мен 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 22 қарашада Астана қаласында және Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
-
Астанада шетелдік 200 мың еуроны елден жасырын шығармақ болған
Астанада шетел азаматы Қазақстаннан ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны заңсыз әкетуге тырысқаны үшін жауапқа тартылды. Ол елордалық әуежай арқылы 200 мың еуроны декларациясыз шығармақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Армения мәдени ынтымақтастықты кеңейтеді
Бүгін Қазақстан Президенті мен Армения Премьер-министрінің қатысуымен өткен кездесуде екі елдің ресми делегациялары бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты. Қол қойылған келісімдер Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
-
Өскемендегі қорғасын зауыты аумағынан өрт шықты
Өскемен қаласындағы Промышленная көшесінде орналасқан қорғасын зауыты аумағында бүгін жеке тұрған ғимаратта тасымалдау лентасы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
ҚазАвтоЖол Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан-Армения Премьер-министрлері сауда ынтымақтастығын кеңейтуді талқылады
Үкімет үйінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен елімізде ресми сапармен жүрген Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау: «Жан Шуақ» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Астанада Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVIІI «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Геосаяси өзгерістер Қазақстан импортына қалай әсер етті?
Экономист Айбар Олжай “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында геосаяси өзгерістердің Қазақстан экономикасына қалай әсер еткенін талдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Джиу-джитсудан күміс пен қола: Қазақстандықтар Ислам ойындарында топ жарды
Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілдері Ажар Салықова мен Мансұр Хабибулла ел қоржынына медаль салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызылордада республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті
Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен республикалық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, төралқа мүшелері, еліміздің барлық өңірінен келген ардагерлер кеңесінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістанда 24 бала жөтел шәрбатын ішіп қайтыс болды
Үндістанның Раджастхан штатында Coldrif жөтел шәрбатын ішкеннен кейін қайтыс болған балалар саны артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сауда теңге мен рубльді де байланыстырады – сарапшы
Экономист Айбар Олжай “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында Қазақстан мен Ресей экономикасындағы байланыс туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Ислам ойындарында алтын медаль иеленді
Қазақстан джиу-джитсу құрамасының өкілі Жігер Алматай Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы өнер көрсетуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су мен кәріз тарифтері қай айдан бастап қымбаттайды?
Тариф қай айдан қымбаттайды, су көрсеткішін ай сайын беріп тұру не үшін керек, үйінде су есептегіш құрылғысы жоқтардың төлемі қалай есептеледі?
-
Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түрікменстан Президенті келеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сауда, инвестиция, бірлескен жобалар: Қазақстан мен Ресей экономикасын не байланыстырады
Жуырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары өткені белгілі. Сапар аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізіліп, Путинмен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, Ресей бүгінгі таңда Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі.
-
Мектептерде ЖИ қолданудың ұлттық моделі жасалып жатыр
Қазақстанда білім беру саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) этикалық және қауіпсіз қолдану бойынша жүйелі жұмыс басталды. Бұл мақсатта мектептерде ЖИ-ді қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сарапшы: Астана-Ереван диалогы Қазақстан экспортына жаңа дәліздер ашады
Астанаға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен келді.
-
Integra Construction KZ «Бағанашыл» балалар үйін жөндеуге 5 млрд теңге бөлді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыдағы "Қалқаман" метро бекеті қашан ашылатыны белгілі болды
Алматыда “Қалқаман” метро бекетінің құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, жұмысшылар тоннель тесуді аяқтап қалды. Ал 2025 жылдың аяғына дейін рельс төселеді. Станция 2026 жылдың алғашы жартыжылдығының соңына қарай, яғни мамыр немесе маусым айында ашылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда кредит алатындар кімдер? 2025 жылғы статистика
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі редакциямыздың ресми сұрауына жауап беріп, елдегі тұтынушылық кредиттеу нарығына қатысты жаңартылған деректерді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан күміс медаль иеленді
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Жібек Құлымбетова Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алатау қаласында 30 нысанның құрылысы басталмақ
Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.
-
Дубайдағы авиашоуда жойғыш ұшақ құлады
Dubai Airshow 2025 көрмесінің соңғы күні көрсетілім аясындағы ұшу кезінде жойғыш ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Армения-Әзербайжан бейбітшілігі Алматы декларациясына негізделді – Пашинян
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян армян тарапы ынтымақтастықтың барлық бағытын кеңейтуге дайын екенін растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жалған 100 мың мал тіркеп, 271 млн субсидия жымқырғандар сотталды
Түркістан облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының арнайы прокурорлары заңсыз субсидия жымқырған фактісін сотқа жолдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенсация: Ризабек Айтмұхан олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастағаны үшін ризашылығын білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
-
Эльмира Сыздыкова: Барлығы бапкердің жоспары бойынша өтті
Әйелдер күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Эльмира Сыздыкова Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль үшін кездесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Трамптың Украинаға қатысты жоспарын қолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың Украинадағы ахуалды реттеуге бағытталған күш-жігеріне және ұсынған жоспарына қолдау білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қауіпті “хайп”: Оралда жол үстінде ережені өрескел бұзғандар жазаланды
Оралда жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада Месроп Маштоц атындағы көше ашылды
Астанада философ, ғалым, армян әліпбиінің негізін қалаушы Месроп Маштоц атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көші-қон мәселесі: Шетел азаматтарының құқықтары қалай реттеледі
Соңғы жылдары Қазақстан Орталық Азиядағы негізгі елдердің біріне айналып, жұмыс, оқу және бизнес үшін шетелдіктерді көптеп тарып жатыр.
-
Тоқаев Пашинянды «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Боран, жауын-шашын: Атлант циклонының әсерінен алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады
Атлант циклонының әсерінен алдағы күндері Қазақстанның көп өңірінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Экономика, көлік саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады – Никол Пашинян
Армения Премьер-министрі бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге және ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге оңтайлы сәт екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде көлік қағып кеткен 7 жасар қыз қайтыс болды
Ақтөбеде көлік қағып кеткен 7 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Армения атом энергиясы саласында бірлесе жұмыс істемек
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қазақстан мен Армения бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалану саласында бірлескен жұмыс жүргізу үшін меморандумға қол қояды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемдегі ең сұлу ару анықталды
25 жастағы мексикалық Фатима Бош «Әлем аруы – 2025» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Армения арасында тікелей рейс ашылуы мүмкін
Қазақстан мен Армения арасында тікелей әуе қатынасы қайта жандануы мүмкін. Премьер-миүистрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында осы мәселе қайтадан күн тәртібіне шыққанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пашинян: Қазақстан – Армения үшін үлгі ел
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде армяндардың қазақ халқына деген сыйластығы ерекше екенін айтып, Қазақстан Армения үшін үлгі ел екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақ-армян байланысы: Тоқаев пен Пашинян қандай құжатқа қол қояды?
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды қарсы алды. Кездесуде Президент екі ел арасындағы серіктестік жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астана мен Алматыда жекеменшік ақылы автотұрақтар жойылады
Астана мен Алматыда жекеменшік ақылы автотұрақтар жойылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Сәтқалиев АЭС-ке атау бергендерді нысанның “ата-анасы” деп атады
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Ақорда кулуарында бірінші АЭС-ке атау бергендерді нысанның “ата-анасы” деп есептелетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Белгісіз біреулер өзін министрліктен деп таныстырып, үй аралап жүр
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі министрлік атынан үй аралаған белгісіз адамдарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
АЭС құрылысы қашан басталады? Нақты уақыты айтылды
Ақорданың кулуарында Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенатор: Қазақстанда дәрілік өсімдіктер шамадан тыс жиналып жатыр
Елімізде дәрілік өсімдіктер шамадан тыс жиналып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Аида Балаева мәдени жобаларды қолдаған серіктестерге алғыс айтты
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ташкент қаласында өткен «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы туралы айтып, жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан серіктестерге алғыс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Ақордада Пашинянды қарсы алды
Ақордада Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қызыл кітаптағы өсімдіктер жойылып барады
Қазақстанның кең байтақ аумағы алуан түрлі өсімдіктерге бай болғанымен, соңғы жылдары елдің табиғи флорасына төнген қауіп күшейіп келеді. Қазіргі кезде өсімдіктер дүниесін қорғау – тек экологиялық емес, ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі мәселеге айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұңғыш, Жарық, Қуат: АЭС-ке тағы қандай атау ұсынылғаны белгілі болды
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясына атау беру конкурсының нәтижелеріне қатысты пікір берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жәрдемақы өсті: Енді бала туған аналар қанша теңге алатыны анықталды
2025 жылы Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдермен барлығы 508 мың азамат қамтылды. Бұл мақсатқа жалпы 692 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Астанадан ерекше сәлем жолдады
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян әлеуметтік желіде Астанада жүрген кезінде видео жариялап, оқырмандарға тілектестік білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Медициналық қауіпсіздік: 406 заңсыз нысан анықталып, 247 емдеу кабинеті жұмысын тоқтатты
Денсаулық сақтау министрлігі заңсыз медициналық қызмет фактілерін және медициналық көмек көрсету кезінде стандарттардың бұзылуын анықтау үшін республика бойынша жеке емшара кабинеттерін тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстау облысында ер адам өз-өзін өртемек болды
Маңғыстау облысында ер адам полиция бөлімшесінің бақылау-өткізу пунктінің жанында өз-өзін өртемек болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Жапониядағы өрт, АҚШ пен Сауд Арабиясы келісімі
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
“Өлі егеуқұйрық”: Алматыдағы жекеменшік мектептің асханасына ата-аналар наразы
Алматыдағы жеке мектептің ата-аналары асханада берілетін тамақтың сапасына шағым түсірді. Олардың айтуынша, балалар жиі тамақтан улануда, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақмолалық “депозитке” аударған 5 млн теңгесінен айырылды
Ақмола облысының тұрғыны өзін ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың құрбаны болды. Белгісіз қосымшаны телефонға орнатқаннан кейін оның депозитінен 5 млн теңге үшінші тұлғалардың шотына аударылып кеткен.
-
БҚО-да алаяқтарға көмектескен 26 жастағы тұрғынға сот үкімі шықты
Батыс Қазақстан облысында алаяқтардың аса ірі көлемде қаржы жымқыруына көмектескен 26 жастағы тұрғынға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапониядағы ірі өрт қаланың бір бөлігінің тас-талқанын шығарды
Жапонияның Кюсю аралындағы Оита қаласында болған үлкен өрт шамамен 170 ғимаратты толығымен жойып жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасай отырып.
-
21 қарашаға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Жаңа мүмкіндіктер”: Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымы қандай?
Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты сауданың толық әлеуетін ашуға әдетте географиялық қашықтық пен күрделі логистика кедергі келтіреді. Дегенмен әріптестік жалғасып жатыр. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар қазір қандай деңгейде және Арменияға жүк транзитіне Әзербайжан енгізген шектеулердің алынуы Қазақстан мен Армения сауда қарым-қатынасына қандай мүмкіндіктер береді? BAQ.KZ тілшісі материалынан оқи аласыз.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ДДСҰ 1300 қызметкерін жұмыстан шығарады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2026-2027 жылдарға арналған бюджет тапшылығына байланысты 1282 қызметкерді жұмыстан босататынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Oxu.az сайтына сілтеме жасап.
-
Зеленский Пентагон өкілдерімен келіссөз жүргізді
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ армиясының хатшысы Дэн Дрисколл және бірнеше жоғары лауазымды генералдарды қамтитын америкалық делегациямен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстау энергетикалық колледжі "BabySkills-2025" чемпионатын өткізіп жатыр
Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында "BabySkills-2025" чемпионатын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ерлік Сертай: Басты мақсатымызға қол жеткіздік
Қазақстан ерлер құрамасы Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында сәтті өнер көрсетіп, командалық есепте алтын медаль жеңіп алды. Команданың құрамында Кирилл Проходов, Ерлик Сертай және Вадим Шарлаимов болды. Финалдан кейін Ерлик Сертай жарыстан алған әсерлерімен және эмоцияларымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бокстан Әлем кубогы кезеңі: Сұлтанбек Айбарұлы алтын медаль иеленді
Қазақстан құрамасы бокстан Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Геннадий Головкин Италия бокс федерациясының басшылығымен кездесті
World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Италия бокс федерациясының президенті Флавио Д’Амбрози және ұйымның бас хатшысы Вальтер Де Джустимен жүздесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жеңіл атлет Ирина Конищева – Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері
Қазақстандық жеңіл атлет Ирина Конищева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан қоржынына қола медаль қосылды
Қазақстандық Эльмира Сыздықова Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте қызанақ өсіретін еліміздегі ең ірі жылыжай ашылды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Шымкент қаласында жылына 155 мың тонна қызанақ өндіруге есептелген, еліміздегі ең ірі жылыжай кешендерінің бірінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх