Все новости за 13 қараша 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Пробация шартын бұзған: Оралда 68 адам қайтадан түрмеге түсті
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының ақпаратынша, биыл Орал қаласы бойынша бұрын шартты жазаға және бостандығын шектеуге сотталған 68 адам жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзғаны үшін нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Геннадий Головкин: Бокс, кез келген спорт түрі сияқты, Олимпиада ойындарында өз орнын табуы керек
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Francs Jeux басылымына халықаралық боксты дамыту жоспарын ұсынды. Ол 23 қарашада Римде Халықаралық федерация конгресінде сайлауы өтетін Дүниежүзілік бокс ұйымының президенттігіне үміткер, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" автожолының 28 шақырымы пайдалануға берілді
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" автожолын қайта жаңарту жобасының бірінші кезеңі аяқталып, ұзындығы 28 шақырым болатын (791–819 км) учаскеде көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы Ресей Президентіне хат жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды
Алматы қаласындағы ЖЭО-2 аумағында 110 кВ №124А және №101А жоғары кернеулі электр желілерінің апатты түрде өшірілуі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Алатау Жарық Компаниясына" сілтеме жасап.
-
Астанада және 15 облыста дауылды ескерту жарияланды
Астана мен 15 облыста 14 қарашаға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Әйел батырманы қателесіп басып, 26 миллион теңге ұтып алды
Әйел кездейсоқ ірі сомада ақша ұтып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі UPI басылымына сілтеме жасап.
-
Михаил Ломтадзе "Жеңіс" футбол клубының иесі атанды
Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі негізін қалаушы Михаил Ломтадзе елордадағы «Жеңіс» футбол клубының иесі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық жоба аясында электронды сатып алу жүйесі қолданысқа берілді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Қазақстан мен Марокко арасындағы үш халықаралық келісімді ратификациялады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Оқу-ағарту министрлігі оқушыларға ескерту жасады
Оқу-ағарту министрлігі балалар мен жасөспірімдерді қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Азия әлемдік бокстың дамуына маңызды үлес қосып келеді – Головкин
World Boxing президенттігіне үміткер Геннадий Головкин Asian Boxing уақытша президенті және Таиланд бокс қауымдастығының басшысы Пичай Чунхаваджирамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Мәңгілік құрылыс" аяқталды: Ақмола облысында 32 жыл күттірген жүзу бассейні ашылады
Ақмола облысында 1993 жылы басталған және 32 жыл бойы «мәңгілік құрылыс» атанған жүзу бассейні аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кирилл Герасименко Эр-Риядтағы Ислам ойындарының финалына өтті
Қазақстан құрамасының үстел теннисі бойынша жетекшісі Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Ауғанстан халқына жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Онлайн несиелердің 90%-ы заңсыз: Депутат дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов цифрлық қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін көтеріп, қазіргі онлайн несие мен цифрландыру жүйесіндегі заңсыздықтар жайлы егжей-тегжейлі айтты. Оның пікірінше, қазіргі таңда банктер азаматтардың келісімінсіз олардың орнына электронды қол қою жасап, заңсыз биометриялық рәсімдер жүргізіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанадағы тұрғын үйде лифт құлады: бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды
Астанадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде лифт жөндеу кезінде құлады. Бір қызметкер қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Полиция қылмыстық іс қозғады, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Павлодар мен Омбы 10 бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істемек
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумында Павлодар облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясының Омбы облысы үкіметі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Солтүстік Қазақстанда тағы бір фермер қаза тапты: ер адам өз-өзіне оқ атқан
Солтүстік Қазақстан облысында қайғылы оқиға болды. Тимирязев ауданында 57 жастағы фермер өз үйінде аңшы мылтығымен өз-өзіне қол жұмсаған. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр. Бұл соңғы екі аптада өңірде тіркелген екінші осындай оқиға, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
17 жыл жасырынды: Кісі өлтірген күдікті Литвадан қайтарылды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Литва Республикасынан 17 жыл бойы кісі өлтіру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша іздеуде болған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана мен Бішкек сауда, энергетика және туризм саласындағы серіктестікті күшейтеді
Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевтің төрағалығымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 13-ші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқынына бөлінген 300 миллион теңге: кінәлілер түрмеден босатылмайды
Ақмола облыстық сотының апелляциялық алқасы Атбасар ауданында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты жымқырған шенеуніктер мен кәсіпкерлерге қатысты соттың айыптау үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы ипподром мемлекет меншігіне өтетін болды
Алматыда ат спортынан жарыстар өтетін “Тұлпар” ат спорт кешені қаланың коммуналдық меншігіне берілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда алғаш рет робот жүрекке ота жасады
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасында ел медицинасы үшін тарихи оқиға тіркелді. Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда алғаш рет жүрекке роботтандырылған технология көмегімен ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қанды қылмыс: Яна Легкодимованы өлтіргендер 8 айдан кейін табылды
Сотта алдын ала сөз байласу арқылы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұмау өрши бастады: Биыл балалар арасында жағдайлар артқан
Қазақстанда тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандарын саны артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жерде жатқан ақшаны көтерген бала саусақтарынан айырылды
10 жастағы бала жерде жатқан оралған ақшаны көтергенде жарылыс болып, бірнеше саусағынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Readovka-ға сілтеме жасап.
-
Алматы әуежайына дейінгі "БАКАД" құрылысы қашан басталады және жол ақысы қанша болады
Қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мегаполистің халықаралық әуежайы мен Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын жалғайтын трасса құрылысына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат: Цифрлық кодекс – цифрлық мемлекетке апаратын негізгі құжат
Мәжіліс отырысында Цифрлық кодекстің жобасы жөнінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі пікір білдірді. Депутат кодекс жобасын елдің цифрлық саласының ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын маңызды құжат деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда кальянды қолдану тәртібі қайта қаралып жатыр
Қазақстанда кальянды пайдалану ережелері қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“ЛГБТ насихатына жол жоқ”: Алматыда белсенділер мәжілісте көтерілген заңға қолдау білдірді
Алматыда бір топ белсенді Мәжіліс депутаттары бастама жасаған дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салу туралы заңға түзетулерді қолдау мақсатында жиын өткізді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Ең көп көлік жүретін ақылы жолдар анықталды
2025 жылдың басынан бері Қазақстандағы автокөлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 62 миллионнан астам рет жүрген. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстаннан шетелге қанша адам кеткені белгілі болды
Қазақстанға тұрақты тұру үшін 16,1 мың адам қоныс аударған. Ұлттық статистика бюросы мәлім еткендей, елге келгендердің саны әлі де кеткендер санынан басым болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Салдарымен емес, себебімен”: Ақмола облысында су тасқынын алдын алу жұмыстары күшейді
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында өңірде халықты және маңызды инфрақұрылым нысандарын су тасқынынан қорғауға қандай жұмыстар атқарылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
7 мың отбасыға апатты үйлердің орнына жаңа пәтер беріледі
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірде әлеуметтік осал топтарға, кезекте тұрғандарға, алданған үлескерлерге және авариялық үйлерде тұратын тұрғындарға ерекше назар аударылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Еліміздегі барлық банк бірыңғай QR жүйеге қосылды
Бүгіннен бастап Бірыңғай банкаралық QR жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандағы орташа зейнетақы 140 мың теңге: зейнеткерлерге өмір сүруге жете ме?
Қазақстандағы орташа зейнетақы қазіргі уақытта шамамен 140 мың теңге деңгейінде. Бір қарағанда, бұл сома көңілге қонымды көрінеді – шамамен күнкөріс минимумы деңгейінен үш есе жоғары. Алайда тәжірибеде бұл қаражат негізгі шығындарды толық қамтуға жетпейді, ал нақты төлемдер жинақтық бөлігі мен мемлекеттік қолдауға байланысты болады. BAQ.KZ тілшісінің материалында толық талдау берілген.
-
Қояндыға газ қашан беріледі? – әкім жауап берді
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астана маңындағы Қоянды ауылына қашан газ берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Адам өлімі болған жол апатына Шавхат Рахмановтың әйелі кінәлі ме?
ІІМ вице-министрі Санжар Әділов UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайының қатысы бар делінген жол-көлік оқиғасы бойынша іс туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Оқушылар онлайн сабаққа қашан көшеді? – мамандар түсіндірді
Қазақстандағы мектептерде сыныптағы оқушылардың үштен бірінен көбі вирустық инфекцияға шалдықса ғана онлайн оқу форматына ауысуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі бұл талапты нақтылап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаевтың қарашадағы тығыз кестесі: форум, Өзбекстанға сапар және жоғары деңгейдегі кездесулер
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14-19 қараша аралығында бірқатар маңызды іс-шараларға қатысады. Астанада ауыл шаруашылығы форумын өткізіп, Ташкент пен Астанада Өзбекстан және Эстония президенттерімен жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы қашан белгілі болады
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының атауы қараша айының соңына дейін белгілі болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ІІМ: Биволдың бұрынғы әйеліне халықаралық іздеу жарияладық
Қазақстандық құқық қорғау органдары бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол ісі бойынша Ресей тарапының өкілдерімен байланыс орнатқандары белгілі болды.
-
Басына кондиционер құлаған фельдшер ісі: Қылмыстық іс қозғалды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанадағы бірнеше адам ауыр жарақат алған оқыс оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ІІМ: Германияда қаза тапқан қазақстандық судья ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр
Ішкі істер министрлігі Германия аумағында қаза тапқан Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық істің тергеу барысына түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Газадағы шабуыл, АҚШ-тағы "шатдаун", Австралиядағы тыйым, Жерорта теңізіндегі жер сілкінісі
BAQ.KZ тілшісі соңғы тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылды.
-
Радиоактивті материалдарды тасымалдау: ТМД ортақ ереже қабылдады
Депутаттар Сенаттың жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Есірткі, қару-жарақ, көші-қон: Қазақстан мен Түрікменстан қылмыспен бірге күреседі
Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жаңа судьялар келді, кейбірі қызметінен босатылды – Тоқаев сот жүйесінде кадрлық шешім қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 10 қарашадағы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасы төрағасын және судьяларын тағайындау және қызметінен босату туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дәрігерлер салмағы 742 грамм сәбиді аман алып қалды
Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығының дәрігерлері дене салмағы небәрі 742 грамм болған нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан-Ресей форумы: СҚО мен Омбы облысы ынтымақтасты
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы XXI Халықаралық аймақаралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақсудағы былық: шенеуніктер салынып бітпеген пәтерлерді әлеуметтік тұрғын үй ретінде сатып алған
2025 жылы Ақсу қаласының прокуратурасы тұрмысқа жарамсыз 24 пәтердің әлеуметтік осал азаматтарға арналған тұрғын үй ретінде сатып алынғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Жөндеу жүргіземін деген жігіт 100 миллион теңге алып, “жоғалып” кетті
Ақтөбеде пәтер жөндеймін деген уәдемен 10-нан астам тұрғынды алдаған ер адам 100 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп, із-түзсіз кеткен. Қазір күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
-
Әйел сот ғимаратында былапыт сөз айтқаны үшін айыппұл төлейді
Жаңаөзенде әйел адам сот ғимаратында былапыт сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бразилиядағы климаттық конференцияға байырғы халықтар басып кірді
12 қарашада ондаған байырғы халық Бразилияның Белем қаласында өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына басып кіруге тырысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында үздік үштікке енді
Нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында винтовка және тапаншадан 50 метр қашықтыққа үш қалыпта ату бойынша командалық есепте қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-тағы ең ұзақ "шатдаун" аяқталды: Өкілдер палатасы бюджетті бекітті
Алдағы екі айға арналған бюджет туралы заң жобасын Өкілдер палатасының 222 мүшесі қолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
-
"Тапсырыспен жиһаз жасаймын": алаяқ алдап кетті
Қарағанды облысында 27 жастағы қала тұрғыны “Тапсырыспен жиһаз жасаймын” деп жұртты алдап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда пәтерді қалай тиімді жалға алса болады: алаяқтарға алданбау жолы
Жылжымайтын мүлік саласының мамандары Алматыда арзан пәтер табу әбден мүмкін екенін айтады. Тек іздеу қосымшаларында дұрыс сүзгілерді орната білсеңіз жеткілікті. Қала ішінде 100 мың теңгеге де лайықты пәтер жалға алуға болады. Бірақ неге көңіл бөлу керек және жалған делдалдарға қалай алданып қалмауға болады? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрді.
-
Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алды деген күдікпен ұсталып, тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды. BAQ.KZ бұл туралы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
-
13 қарашаға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл Қазақстанға 16,1 мың адам қоныс аударды
Биыл елімізге 16,1 мың адам көшіп келді. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әрбір адам бағаны тексеріп, дәріханаға шағым түсіруге болады
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақтелекоммен бірлесіп Naqty Onim қосымшасында цифрлық сервисті іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы қанша болуы керек?
Ұлттық тестілеу орталығы келер жылы жоғары оқу орындарына түсуге ниетті талапкерлерге арналған маңызды хабарлама таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Иранның зымыран бағдарламасына қатысы бар 32 жеке тұлға мен компанияға санкция салды
Америка Құрама Штаттары Ираннан баллистикалық зымырандар мен пилотсыз ұшу аппараттарына (ПҰА) арналған компоненттерді сатып алуға қатысы бар Ираннан, БАӘ-ден, Қытайдан, Гонконгтан, Үндістаннан, Германиядан және Украинадан келген 32 жеке тұлға мен заңды тұлғаға қарсы санкциялар жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасай отырып.
-
Қазақстан мен Ресей президенттері жылы қоштасты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейдегі ресми іссапары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үш жыл ауруханада болған Саакашвили түрмеге қайтарылды
Вивамед клиникасында үш жарым жылын өткізген Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Рустави түрмесіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Georgia Online-ға сілтеме жасап.
-
Қазақстан құрамасы жүзуден Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх