Все новости за 5 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Украинаға "Томагавк" зымырандарын жеткізу Ресей мен АҚШ қатынастарын бұзуы мүмкін – Путин
Украинаға АҚШ-тан жасалған ұзақ қашықтықтағы "Томагавк" қанатты зымырандарының жеткізілуі Ресей-Америка қарым-қатынасына нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин "Россия" телеарнасының тілшісі Павел Зарубинге "Валдай" пікірталас клубының отырысында сөйлеген сөзінде айтты. Журналист сұхбаттан үзіндіні 5 қазан күні өзінің Telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әртістік жүзу: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары бойынша 5 қазанда Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Израиль мен ХАМАС келіссөзі Мысырда өтеді
Кездесуде израильдік тұтқындар мен палестиналық тұтқындарды алмасу мәселесі қарастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында сарбаз көз жұмды
Алматы облысында шекарашы сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Үсік жүріп, тұман түседі". 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 6 қазанда еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Туристер жанартауға құлап кетті: аман қалғандар бар
Камчаткада Вилючинск жанартауының баурайында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Рим, Мадрид және Лондонда жүздеген мың адам көшеге шықты
Еуропаның бірнеше қаласында Израильдің Газаға бағытталған 40-тан астам гуманитарлық кемеден тұратын флотилияны тоқтатуына қарсы Палестинаны қолдау акциялары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Газа секторында қаза болғандар саны 67 мыңнан асты
2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль армиясының қоршаудағы Газа секторына жасаған соққылары салдарынан 67 139 палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астана маңында бірнеше гектар қамыс өртенді
Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданы Ақмол ауылының 8 шақырым жерінде ашық аумақта қамыс өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Министр: Педагог мәртебесін нығайту – басты басымдық
Астана қаласында өткен Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шараға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, өңірлерден келген үздік ұстаздар мен ардагерлер қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Таза Қазақстан": Астанада ауқымды экологиялық айлық жалғасып жатыр
Елордада "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" атты кең ауқымды акция аясында дәстүрлі экологиялық айлық өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда жастардың аграрлық ұйымы іске қосылды
Қазақстанда WFF Kazakhstan National Youth Chapter (Әлемдік Азық-түлік Форумы – Ұлттық жастар бөлімі) — жастардың азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты ауыл шаруашылығы және климаттық бастамалар саласындағы көшбасшылығын дамытуға бағытталған жаңа платформа өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ-та Дональд Трамп бейнеленген монета шығады
АҚШ-та 2026 жылы елдің 250 жылдығына арналған естелік бір долларлық монетада президент Дональд Трамптың бейнесі пайда болуы ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Болгариядағы су тасқыны миллиондаған еуро шығын келтірді
Болгарияның Қара теңіз жағалауында толассыз жауған нөсер жаңбырдың салдарынан жойқын су тасқыны болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Реал" шабуылшысы Мбаппе жарақат алды
Мадридтік "Реал" командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионатының сегізінші турындағы "Вильярреалға" (3:1) қарсы матчта жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Депутат: Мұғалім мобилограф, блогер емес
Ұстаздар күніне орай Мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі туралы" заңға түзетулер әзірлеп, Үкіметке жолдады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда 35 млн тонна мал азығы дайындалды
2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұстаз: Мұғалім болу – жүректің таңдауы
5 қазан — Қазақстанда Ұстаздар күні. Бұл мереке – өз ісін сүйіспеншілікпен атқарып, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өмірін арнаған жандарға көрсетілетін алғыс пен құрметтің белгісі. Солардың бірі — Семей қаласындағы №36 жалпы орта білім беретін мектептің тарих және география пәнінің мұғалімі Ләззат Дүйсекина. Ол үшін ұстаздық – жай ғана мамандық емес, тағдыр мен жүректің таңдауы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық спортшы Кореяда өткен беделді турнирдің жеңімпазы атанды
Әлемдік рейтингінде 25-орында тұрған қазақстандық спортшы Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бүгін Ақтау қаласында Қазақстанның бастамасымен тұңғыш TurkicSkills халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Тбилисиде наразылыққа шыққандар президент сарайының ауласына басып кірді
Грузия астанасы Тбилисиде жаппай наразылық акциясына қатысушылар Атонели көшесінде орналасқан Президент сарайының аумағына басып кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.
-
Көрші ел президенті заңға өлім жазасын енгізуі мүмкін
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елде өлім жазасын қайта енгізу туралы заң жобасы жалпыұлттық референдумға шығарылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қырғызстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі "Кабарға" сілтеме жасап.
-
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
5 қазанда таңертең қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ыстанбұлда теракт жасауды жоспарлаған екі жасөспірім ұсталды
Ыстанбұл полициясы теракт ұйымдастырмақ болған екі жасөспірімді ұстады. Олардың бірі — Түрікменстан азаматы, екіншісі — Түркия тұрғыны, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Оқу-ағарту министрі ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарды кәсіби мерекесі — Ұстаздар күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандағы ұстаз мәртебесі қандай?
5 қазан — Қазақстанда Ұстаздар күні. Бұл күн — білім саласының ғана емес, тұтас қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздарға құрмет білдіретін ерекше мейрам. Мұғалімнің беделі мен мәртебесі — елдің интеллектуалдық әлеуетін айқындайтын көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жаңа рекорд орнатылды: 100 елдің қолөнершілері Алатау баурайында жиналды
Алматыда халықаралық қолөнер фестивалі ALA CRAFT 2025 өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Денис Тен мемориалы: Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіске жетті
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайға "Матмо" тайфуны жақындап келеді
Қытайдың метеорологиялық қызметтері мен төтенше жағдайларды басқару органдары Тынық мұхиты тайфуны саналатын «Матмоның» жақындауына байланысты ескерту және әрекет ету деңгейлерін жоғарылатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
5 қазанға арналған валюта бағамы
Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттері доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдарын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Камчаткада магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі болды
Камчаткада магнитудасы 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Макрон жаңа үкіметті құру мерзімін белгіледі
Франция президенті Эммануэль Макрон елдің жаңа премьер-министрі Себастьян Лекорнға 5 қазанға дейін министрлер кабинетін қалыптастыруды тапсырды. Бұл туралы BFMTV телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырау облысында мал азығына шекті баға бекітілді
Атырау облысының Мақат ауданында мал азығына шекті баға белгіленді. Топырағы тұзды, климаты қатал өңірдің шаруалары жем-шөпті көршілес Қызылқоға ауданынан дайындайды.
-
Абай облысында алғашқы қар жауды: полиция жолда сақ болуды ескертеді
Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында қар аралас жаңбыр жауып тұр. Ал батысы мен шығысында көктайғақ байқалады. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, кей өңірлерде жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 5 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа сапасына қолайлы жағдай сақталса, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ соты Трампқа Ұлттық гвардияны Портлендке енгізуге уақытша тыйым салды
АҚШ-тың Орегон штатының аудандық соты Президент Дональд Трампқа Портленд қаласындағы тәртіпсіздіктермен күресу мақсатында Ұлттық гвардияны тартуға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Нетаньяху кепілге алынғандарды босату туралы мәлімдеме жасады
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторында ұсталған кепілге алынған азаматтарды «алдағы күндері босату жөнінде жаңалық жариялауға үмітті» екенін мәлімдеді.
-
Солтүстік Қазақстанда өрт кезінде құтқарушылар 17 адамды эвакуациялады
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданына қарасты Белое ауылында қонақ үй үлгісіндегі екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құрлықтың қауіпсіздігі ме, милитаризация ма? ЕО саммитінің басты шешімдері
Копенгагенде өткен Еуропалық Одақ саммитінде мүше елдердің басшылары Украинаға әскери қолдауды күшейту және Еуропаның қорғаныс әлеуетін арттыру бағытын растады.
-
Францияда "Эми" дауылынан екі адам қаза тапты
Францияда "Эми" дауылының салдарынан екі адам қаза болды, тағы бір адам ауыр жараланды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап
-
Ангела Меркель Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырды
Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель Еуропаны қорғаныс қабілетін күшейтуге қоса, Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеуге назар аударуға үндеді, деп хабарлайды BAQ.KZ EA Daily-ге сілтеме жасап.
-
Жапония тарихында тұңғыш рет әйел премьер-министр болады
64 жастағы Санае Такаити Жапонияның басқарушы либерал-демократиялық партиясының (ЛДП) жаңа көшбасшысы болып сайланды. Бұл оған ел тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр атануға жол ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
-
Грузиядағы наразылық: демонстранттар президент сарайына басып кіруге тырысты
Тбилисиде өткен жаппай наразылық акциясы кезінде оппозиция жақтастары президент сарайына басып кіруге тырысты. Полиция демонстранттарды тарату үшін су атқыштар мен бұрыш спрейін қолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
-
Трамп: ХАМАС кепілге алынғандарды тез арада босатуы тиіс
АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-тың кепілге алынған адамдарды босату ісінде кешігуіне жол бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Наверх