Все новости за 31 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Темірдің тілін тапқан Біржан
Біржан Сахи – темірдің тілін тапқан, табанды еңбегімен биіктеген, өз ісіне адал нағыз еңбек адамы. Ол үшін еңбек – өмірдің мәні, ал темір – өзімен тілдескен серігі іспетті. Қарапайым гараждан басталған бұл жол бүгінде тұтас бір орталықтың, өз кәсібін сүйетін жандар ұжымының тарихына айналды. Біржанның әрбір ісінен төзім мен ұқыптылық, табандылық пен жауапкершілік байқалады. Ол ешкімге ұқсамайтын өмір жолын өз маңдай терімен салған – ешкімнің көмегін күтпей, өз күшіне сеніп, еңбегімен биікке көтерілген жан. BAQ.KZ тілшісі еңбек адамының жұмысымен танысып қайтқан еді.
-
Кітап оқу мәдениеті – ұлт руханиятының көрсеткіші
Қай дәуірде болмасын, қоғамның даму деңгейін өлшейтін өлшемдердің бірі – кітап оқу мәдениеті. Ақпарат ағыны тасқындаған бүгінгі цифрлық ғасырда кітаптың орнын смартфон мен әлеуметтік желі басқандай көрінеді. Бірақ рухани мәдениеті биік, ойы терең ұлт ешқашан кітаптан бас тартпайды. Қазақстанда да соңғы жылдары кітап оқу мәдениеті қайта жаңғырып келеді. BAQ.KZ тілшісі осы тақырыпты зерделеп көрген еді.
-
Екібастұзда алғашқы кәсіби театр ашылды
Екібастұз қаласында алғаш рет кәсіби театр ашылып, көрерменге Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» драмасын ұсынды. Премьера «Өнер» мәдениет сарайында өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұстаздық – өмірімнің ең үлкен бақыты: ардагер ұстазбен сұхбат
Ұстаз – ұлттың ұлағаты. Ол – ұрпақтың санасына сәуле құйып, өмірдің дұрыс бағыт-бағдарын көрсететін шырақшы. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Коммунизм ауылында дүниеге келген Жұмакүл Үрметова – осындай шырақшы ұстаздардың бірі. 42 жыл бойы бастауыш сынып оқушыларына білім беріп, сан мыңдаған шәкірттің жүрегіне із қалдырған ардагер педагог бүгінде зейнет жасында болса да, ұстаздық жолдан алыстамай, жастарға бағыт-бағдар беріп келеді. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі Жұмакүл апаймен ұстаздықтың қадірі, баламен тіл табысу сыры және бүгінгі білім беру жүйесінің келбеті туралы әңгімелескен еді.
-
Көкшетауда 16 жастағы студент колледж жатақханасында көз жұмды
Көкшетаудағы жеке жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің жатақханасында 16 жастағы бірінші курс студентінің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Inform.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қазақстанда қалдықтарды энергияға айналдыратын зауыттар салынады
Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Shaanxi Construction Engineering Kazakhstan Co., Ltd» және «East Hope» компанияларымен бірлесіп, Астана мен Шымкентте қалдықтарды энергияға айналдырып өңдейтін зауыттар салу жөнінде инвестициялық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Рудныйдың бұрынғы прокуроры 20 млн теңге пара алған кезде ұсталды
Қостанай қаласының №2 сотында ірі көлемде пара алуға оқталды деп айыпталған У. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу тәртібімен қысқартылған іс жүргізу шеңберінде қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Дауыл мен тұман: Демалыс күндері Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі
1 қараша күні Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Астанада жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Астана қаласының “Сарайшық” ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Қазақстан ChatGPT негізінде білім беру құралдарын енгізуді бастады
Қазақстан ChatGPT технологиясына негізделген білім беру құралдарын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыра бастады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысындағы газ жарылысы: зардап шеккендерге уақытша баспана берілді
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылына барып, 12 пәтерлі тұрғын үйде газ жарылысы болған оқиға орнын көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
ШҚО-да 32 ауыл жойылу қаупінде тұр: әкімдік елді мекендерді қалай тарататынын түсіндірді
Соңғы бес жылда Шығыс Қазақстан облысында 10 ауылдық елді мекен таратылған. Тағы 32 ауыл жойылып кету қаупінде тұр. Бір кездері бұл ауылдарда балалардың күлкісі естіліп, үйлер салынып, бақтар өсіп, халықаралық деңгейдегі фестивальдер өткен еді. Қазір болса – бос көшелер мен ескі күндерді еске алатын қариялар ғана қалған. Oблыс картасынан ауылдар неге жоғалып барады және тұрғындарды не күтіп тұр? Осы мәселені BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.
-
Қазақстанға 7,5 млрд доллар инвестиция тартылды: KGIR-2025 алаңында 49 құжатқа қол қойылды
Астанада өткен Kazakhstan Global Investment Round (KGIR-2025) алаңында жалпы сомасы 7,5 миллиард долларды құрайтын 49 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде 13 коммерциялық келісім, құны $3,8 миллиард, Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен рәсімделді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның 5 университеті әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумында еліміздің 5 университеті Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Зейнетақы ақшасы енді акциялар мен бағалы қағаздарға салынады
Қазақстан Үкіметі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін кеңейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді Алматы тұрғындарына арналған жеңілдетілген тұрақ абонементтері енгізіледі
Алматыда тұрғындарға үйлерінің маңындағы ақылы тұрақтарда көліктерін қалдыруға мүмкіндік беретін жеңілдетілген тарифпен тұрақ абонементі енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев пен Тасмағамбетов ҰҚШҰ саммитіне дайындық барысын талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Қазақстандық зауыттар қант қызылшасын қабылдауды бастады
Қызылша егетін өңірлердің зауыттары жаңа өнімнің қант қызылшасын қабылдауды бастады. Елімізде қант қызылшасын қабылдау және өңдеу науқаны жалғасуда. Бүгінгі күні Жетісу мен Жамбыл облыстарында орналасқан кәсіпорындар 225 мың тоннадан астам қызылша қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық дәрігерлер қатерлі ісікті емдеуде жаңа әдіс ойлап тапты
Қазақстандық дәрігерлер сүт безін қалпына келтірудің жаңа әдісін енгізіп жатыр. Ұлттық ғылыми онкология орталығында отандық материал негізінде жасалатын бір сәттік реконструктивті ота әдісі қолға алынды. Бұл тәсіл әйелдерге ісікті алып тастау кезінде сүт безінің пішінін бірден қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ұлттық ғылыми онкология орталығының реконструктивті хирургия секторының жетекшісі, аға ординатор Әнапия Бауыржан Бегәліұлы BAQ.KZ тілшісіне онкологиялық хирургиядағы жаңа бағыт пен отандық инновация туралы айтып берді.
-
Қарин ЮНЕСКО Бас конференциясында Тоқаевтың жаңа жаһандық бастамаларын таныстырды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас конференциясының (ЮНЕСКО) 43-ші сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Тоқаев: Қазақстан мен Ресейдің білім саласындағы әріптестігі тереңдей түседі
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыдағы Тимирязев көшесінде қала автобусымен жол апаты болды. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Шымкентте жылу қашан берілетіні белгілі болды
Алдымен жылу мектептерге, балабақшаларға, ауруханаларға және өзге де әлеуметтік маңызы бар мекемелерге беріледі.
-
Тоқаев Түркістандағы Woosong университетінің негізін қалаушысымен кездесті
Мемлекет басшысы Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қандыағаш – Ырғыз" тас жолында су тасқынынан зақымданған көпір қайта жөнделіп жатыр
Республикалық маңызы бар А–26 «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автокөлік жолының 92+100 шақырымында апаттық жағдайдағы көпір қайта жаңартылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Тоқаев: Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы басталды, жаңа мамандар даярлануда
Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президенті Дуань Пэнді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әлеуметтік желіде лайк үшін "шоу" жасайтындар енді қалай жазаланады?
Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарулы күштер әскери байланысшылар күнін атап өтіп жатыр
1994 жылдың 31 қазанында Қорғаныс министрінің директивасымен ҚР Қарулы күштері Бас штабының Байланыс басқармасы құрылды. Бұл атаулы дата Қазақстан армиясындағы әскери байланыстың заманауи жүйесін дамытудың негізі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов: Үкімет инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеді
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылды
Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды
Желіде Алматы облысының Ынтымақ ауылында 12 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Алдағы уақытта доллар бағамы қандай болады? – сарапшы пікірі
DAMU Capital Management компаниясының бас директоры әрі экономист Мұрат Қастаевтың айтуынша, алдағы апталарда доллар бағамы өз теңгеріміне қайта оралуы тиіс. деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Бетіне "уксус" шашқан: Атырау облысында әйел зейнеткерді аяусыз тонап кетті
Атырау облысының Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылында әйел зейнеткердің бетіне сірке суын шашып, алтын бұйымдарын ұрлап кетті. Полиция күдіктіні бірнеше сағат ішінде ұстады. Қылмыстық іс ҚР ҚК 191-бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Шетелде 150 мыңнан астам қазақстандық еңбек етіп жүр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Аскарбек Ертаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында елдегі қазіргі көші-қон ахуалы және 2023–2027 жылдарға арналған Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру барысы жөнінде баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев халықаралық білім форумына қатысып, шетелдік үздік университеттер басшыларымен кездесті
Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Мелисса" дауылынан қаза тапқандар саны 49-ға жетті
Кариб аймағын жайпап өткен "Мелисса" дауылы салдарынан 49 адам қаза тапты. Тағы ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен. Ең көп өлім Гаитиде тіркелді. Мыңдаған адам жарықсыз қалды. Экономикалық шығын көлемі 52 млрд долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Аl Jazeera басылымына сілтеме жасап.
-
Ақтауда сот 10 баланың анасын айыппұлдан толық ақтап шықты
Ақтау қаласында сот 17 жастағы қызының уақытша жұмыс істегені үшін айыппұл салынған көпбалалы ананың пайдасына шешім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Алма бақтары" дауы: Шымкентте мемлекетке 430 млн теңге залал келтірген экс-шенеунік қамалды
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Ж.Д. Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пиар ма, дипломатия ма? Трамп әлемдік бітімгер ретіндегі беделін қалай қалыптастырып жатыр
Таиланд пен Камбоджа арасындағы "бейбіт келісім" туралы Дональд Трамптың мәлімдемесі үлкен резонанс тудырды. Бұл оқиға іс жүзінде оның екінші президенттік мерзіміндегі сыртқы саясаттағы ең айқын қадамдарының бірі болды: Израиль мен Палестина арасындағы уақытша бітіммен қатар аталды.
Бір қарағанда, сөз аймақтық дауды реттеу жайлы сияқты. Алайда сарапшылар атап өткендей, бұл оқиғаның артында дипломатия, ішкі саясат және АҚШ президентінің жеке пиарының әлдеқайда күрделі үйлесімі жатыр. Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің материалында.
-
Әлемде: АҚШ-Қытай келісімі, Израиль-Газа шиеленісі, Танзаниядағы наразылық және Аустралия реформалары
Соңғы тәуліктегі әлем жаңалықтары: Трамп пен Си Цзиньпин келісімі, Израильдің Газаға шабуылы, Танзаниядағы сайлау наразылығы, Аустралияның экологиялық реформалары және АҚШ-тағы босқындар мен ядролық саясат өзгерістері туралы толық шолу, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда танымал құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Алматы қаласының құрылысты бақылау басқармасы “СК 7 Строй” ЖШС құрылыс компаниясын лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
1 қарашадан бастап не өзгереді
Елімізде 1 қарашадан бастап не өзгереді. BAQ.KZ тілшісінің шолуына назар аударып көрейік.
-
Трамп АҚШ-қа босқындарды қабылдау шегін азайтты
Дональд Трамп әкімшілігі 2026 жылы АҚШ-қа қабылданған босқындар санын 7500-ге дейін шектейді және ақ нәсілді оңтүстік африкалық азаматтарға басымдық береді, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістанда тұрғын үйде жарылыс болды
Отырар ауданының Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
31 қазанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сауда соғысы: Трамптың Азия турындағы басты мақсаты неде?
АҚШ Президенті Дональд Трамп Азия елдеріне ауқымды сапарын бастады. Бұл жолғы сапар Вашингтонның аймаққа деген экономикалық және саяси мүддесінің бұрынғыдан да арта түскенін көрсетіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Жол апатына жиі ұшырайды". Елде қанша Alphard пен Estima көлігі бар
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, Қазақстанда 12 001 Toyota Alphard (9 554-інің рулі сол жақта, 2 447-сінде оң жақта) және 11 191 Toyota Estima (5 838-інің рулі сол жақта, 5 353-інде оң жақта) көлігі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бақытты әйел, білікті маман және табысты кәсіпкер
Қазіргі заманда кәсібін сүйіп, сонымен қатар отбасы мен балаларға уақыт табатын әйелдердің үлгісі көп. Солардың бірі – жоғары санатты дәрігер, кәсіпкер және үш баланың анасы Айзада Бақытжанқызы Копбосынова. Сауатты, қолы жеңіл, жұрт мақтаған стоматологпен BAQ.KZ тілшісі де әңгімелесіп қайтты.
-
Еліміздің туристік орындарында түсірілген Димаштың жобасы Қытайда таныстырылды
Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасы Қазақстанның туристік локацияларында түсірілген "Voice Beyond Horizon" жаңа тележобасының промо-бейнеролигін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Францияда Луврды тонауға қатысы бар тағы бес күдікті ұсталды
Франция полициясы Лувр мұражайындағы ұрлық ісіне қатысы бар деген күдікпен тағы бес адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ RTL-ге сілтеме жасап.
-
Нью-Йорк штаты төтенше жағдай жариялады
АҚШ-тағы федералды үкіметтің жұмысы тоқтатылғаннан кейін Нью-Йорк губернаторы Кэти Хочул төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
958 қазақстандық шетел түрмелерінде отыр
1027 шетелдік азамат еліміздің түрмелерінде жазасын өтеп жатыр. Оның басым көпшілігі – Өзбекстан азаматы. Дегенмен, өзге елде істі болған қазақстандықтар да 1000-ға жуықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екібастұзда қыз жігітін көшеде өлтіріп кетті
Әлеуметтік желіде Екібастұзда болған кісі өлтіру туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Венгрия Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуына тағы да "жоқ" деді
Венгрия Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуына тағы да "жоқ" деді. Осы аптаның басында Будапешттен елдің Брюссельдің Киевті қолдауын сынға алатын ЕО мүшелерімен одақ құру жоспарлары туралы хабарламалар пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасай отырып.
Наверх