Все новости за 15 қазан 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Таразда экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланды
Тараз қаласында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен экономикалық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті.
-
Депутат трансшекаралық өзендер мен экологиялық қауіп мәселесін көтерді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Лұқбек Тумашинов көршілес мемлекеттердің су объектілерін ортақ пайдалану мәселесін көтерді. Ол бұл тақырыптың тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін де өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ерлан Қарин: Нашақорлықпен күрес – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз
Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Петропавлда аурухана терезесінен құлаған науқас көз жұмды
Петропавл қаласында 67 жастағы әйел аурухананың төртінші қабатынан құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға 14 қазанда Сәтбаев көшесінде орналасқан №1 қалалық аурухананың ғимаратында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
-
ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден екі баланы аман алып шықты
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау үйдің шатырын, жиһаздарын және жеке заттарын шарпыған. Өрт кезінде үйде анасының қарауынсыз төрт бала болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
WADA президенті Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты
Қазақстанға ресми сапармен келген Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
-
Түрмеден тікелей хакерлік шабуыл: тұтқын 15 адамдың жаза мерзімін қысқартқан
Румынияда хакер Тыргу-Жиу түзеу мекемесінің ақпараттық жүйесін бұзып, 15 тұтқынның жазасын қысқартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Din Politica басылымына сілтеме жасап сілтеме жасап.
-
UFC Шавкат Рахмоновты әлемнің үздік жауынгерлері тізімінен алып тастады
UFC Шавкат Рахмоновты әлемнің үздік жауынгерлері рейтингінен алып тастады. Қазақстандық жартылай орта салмақ өкілі енді UFC ұйымының pound-for-pound (P4P), яғни салмақ санатына қарамастан, ең мықты жауынгерлер рейтингінің топ-15 тізімінде жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Құжаты жоқ": Жетісуда 2 сиыр мен 100 қойдың еті тиелген автобус тоқтатылды.
"Мақаншы – Алматы" тас жолында полицейлер жолаушылар автобусын тоқтатып, оның етке толы екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райы құбылады: Қазақстанда тұман, қар және шаңды дауыл болады
Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы күрт құбылады. Елдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Синоптиктер температураның төмендейтінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Саяхатшылар назарына: мамандар чемоданға нені жазуға болмайтынын ескертті
Мамандар саяхатшыларға чемоданға багаж жапсырмасын толтырғанда сақ болуды ескертті. Сарапшылардың айтуынша, кей ақпаратты жазу жеке деректердің ұрлануына немесе алаяқтыққа жол ашуы мүмкін. Қай деректерді жазуға болмайтынын және қауіпсіз жолмен қалай толтыру керегін біліңіз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Есһо басылымына сілтеме жасап.
-
Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасы таныстырылды
Сеул қаласында Alatau Rise With Kazakhstan Forum өтіп жатыр. Форумның ашылуына Қанат Бозымбаев қатысып, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа Алатау City жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дастан Сәтпаев әлемнің ең талантты футболшыларының тізіміне енді
«Қайрат» клубының және Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сатпаев беделді The Guardian басылымының назарына ілікті. Журналистердің бағалауынша, қазақстандық футболшы әлемнің ең үздік 60 жас талантының қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жас педагогтердің "Мамандығым – мақтанышым" республикалық форумы өтті
Балаларды ерте дамыту институты жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінің қатысуымен TEDx форматында «Мамандығым – мақтанышым» атты жас педагогтердің республикалық форумын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада сарапшылар халықаралық сенімді қалпына келтіру жолдарын талқылап жатыр
Астанада Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады. Биылғы форумның тақырыбы – «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру», деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Есірткіге қарсы күрес заманауи форматта жүргізілуі керек – Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысында есірткіге қарсы насихат бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Олжас Бектенов: Нашақорлық – ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан шетелден 17,2 млрд доллар тікелей инвестиция тартты
Жаһандық экономиканың құбылмалы жағдайы мен капиталға жоғары бәсекелестікке қарамастан, Қазақстан Орталық Еуразия өңіріндегі жетекші инвестициялық бағыттардың бірі мәртебесін сақтап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбеде алаяқтықтың алдын алуда жасанды интеллект қолданылды
Ақтөбе прокурорлары алғаш рет тәжірибе жүзінде алаяқтықтың алдын алуда жасанды интеллект технологияларын пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Психикалық денсаулық және экономика: сарапшылар Қазақстандағы жағдайды айтты
Астанада Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Психикалық денсаулық – экономикалық және әлеуметтік ресурс: мемлекеттің, медицинаның, технологиялардың және отбасының рөлі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан Армениямен миграция туралы келісімді ратификациялады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Трибуна жартылай бос болады": қазақстандықтар "Қайрат" пен "Пафос" матчының билет бағасына наразы
Қазақстандықтар желіде алдағы "Қайрат Алматы" мен "Пафос" арасындағы матчтың билет бағасын талқылап жатыр. Көпшілік жанкүйерлердің пікірінше, баға шамадан тыс жоғары, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Миллиардтар бөлінді, ал нәтиже жоқ": Атырау халқы жол сапасына наразы
Атырау қаласының қақ ортасындағы тұрғындар көше жөндеуінің баяу жүріп жатқанына наразы. Олар үйге кіріп-шығу мұң болғанын айтады. Милиардттар бөлінген жұмысқа жауаптылар салғырт қарайды деп ашынады. Сол себепті бұл мәселеге биліктегілер назар аударсын деп талап қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қоғамдық көлік бағасы 500 теңге болуы мүмкін бе? – депутат ашып айтты
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық көліктегі жолақыны 500 теңгеге дейін көтеру туралы пікірталасқа қатысты өз ойын білдірді. Оның айтуынша, мұндай ұсыныстың ешқандай негізі жоқ және ол қазақстандықтардың нақты мүмкіндіктерін ескермейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада Re.Women «Әйел – әлемнің жарығы» форумы өтті
Елордада Re.Women Astana әйелдер қауымдастығының «Әйел – әлемнің жарығы» атты форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қорқақ баланың тірлігі": Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады
Әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында қоғамдағы тіл мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қазақ тілін менсінбеушілікке қарсы ойын ашық жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аида Балаева қоғамдық кеңестердің ашық есеп беру жүйесін ұсынды
Астанада XIІ Азаматтық форум аясында Қоғамдық кеңестердің IV Республикалық мәжілісі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Парламенттік жүйені жетілдіру: азаматтардың ұсынысы қалай жиналады
Мемлекет басшысы Жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Нұрлан Байбазаровты жаңа қызметке тағайындады
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жаңа қызметтік тағайындаулар болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
“Жасанды интеллект тек пайда әкелмейді”: Мамандар цифрлық қауіптің артуы туралы ескерту жасады
Жасанды интеллектінің дамуы жаңа мүмкіндіктер ашқанымен қауіп-қатерлерді де күшейтеді. Кибералаяқтық пен деректердің таралуынан тек компаниялар ғана емес, қарапайым қолданушылар да зардап шегіп отыр. Бұл үшінші Qazaqstan IGF 2025: Интернетті басқару жөніндегі ұлттық форумда ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары талқылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мүгедектігі бар жандарға берілетін ең төменгі жәрдемақы көбею керек – депутат
Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға мүгедектігі бар жандардың проблемалары жөнінде сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбедегі 14 жастағы қыздың босануы: Министрлік түсініктеме берді
Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе облысындағы 14 жастағы қыздың босануына байланысты резонансты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы маңындағы жантүршігерлік жол апатында екі адам қаза тапты
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында қайғылы оқиға болды. 13 қазанға қараған түні шамамен 00:30 кезінде "ВАЗ" және Hyundai Grandeur маркалы екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысында 7-сынып оқушысы зорланды
Алматы облысы Жамбыл ауданының Карғалы ауылында полиция 7-сынып оқушысын зорлаған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Киімі үшін сыналған қыз сұлулық байқауында жеңіске жетті
Үндістанның Уттаракханд штатындағы Ришикеш қаласында өткен «Miss Rishikesh-2025» байқауы күтпеген оқиғамен есте қалды. 23 жастағы Маскан Шарма байқау алдында өзін киім үлгісі үшін сынаған ер адамға батыл қарсы шығып, келесі күні жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
-
Жалған полицей 1 миллион теңге жинап алып, үш жылға сотталды
Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ДДСҰ балаларға қауіп төндіретін дәрілер туралы ескертті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) балалардың өліміне себеп болған қауіпті жөтелге қарсы сироптар туралы ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақмолада жанармай стансасында операторды тоқ соғып, қаза тапты
Ақмола облысында жанармай құю стансасында қайғылы оқиға болды. Оператор жұмыс кезінде тоқ соғып, көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, сараптамалар тағайындалды. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Орталық Азиядағы допингке қарсы жалғыз зертхана – Қазақстанда
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
270 сарбаздан айырылдық: Мәжілісте әскердегі әлімжеттік мәселесі көтерілді
Депутат Нартай Сәрсенғалиев ІІМ Ержан Сәденовке әскердегі әлімжеттік пен заңсыздықтарды жою туралы сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әкімшілік қадағалауды шексіз ұзарту сыбайлас жемқорлыққа жол ашпай ма? – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дмитрий Колода Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын өтеген адамдарға қатысты әкімшілік қадағалаудың жаңа ережелері туралы сұрақ қойды. Ол қолданыстағы заң қадағалау мерзімін екі жылмен шектейтінін, ал жаңа заң жобасы бұл мерзімді алты ай сайын шексіз ұзартуға мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәжілісте даулы сұрақ: "ОСИ" төрағалары тұрғындардың жеке өміріне араласа ма?
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жаңа заң жобасында көзделген құқық бұзушылық профилактикасындағы меншік иелері бірлестіктері (МИБ) төрағаларының рөліне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Республика күніне орай кейбір астаналықтарға біржолғы төлем беріледі
Республика күніне орай кейбір астаналықтар қаржылай төлем алады. Бұл туралы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан банктері қай бағытта дамып келеді? Қаржы саласындағы негізгі трендтер
Bereke Bank жыл сайын өтетін ірі бизнес-шаралардың бірі — New Vision Forum-ның бас демеушісі атанып, экономиканың және технологиялардың болашағын айқындайтын идеялар мен шешімдерді бөлісудің маңызды алаңына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заң қабылданса, ескісі күшін жоя ма?
Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрым Ішкі істер мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкіліне «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң қабылданған соң, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туралы” заңның күші жойылатыны жайлы айтып сауал қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы әуежайында жанармай таситын көлік ұшақпен соқтығысты
Алматы әуежайында тұрақтан шыққан жанармай құю көлігі Lufthansa әуе компаниясының Airbus A340 ұшағымен соқтығысты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәжілісте Сәденов құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң жобасын таныстырды
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген “Құқық бұзушылық профилактикасы” туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
WIC 2025: Алматыда инклюзивті білім берудің Дүниежүзілік конгресі өтуде
Бүгін Алматыда 15-17 қазан аралығында өтетін Инклюзивті білім беру бойынша бірінші Дүниежүзілік конгресс (World Inclusion Congress – WIC 2025) басталды. Конгрессті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «HOPE» қоры (Help Others Pursue Education, Қазақстан) және International Forums of Inclusion Practitioners (IFIP, Ұлыбритания) ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
95 млрд теңге бөлінді: Қазақстанда жұмыссыздарға арналған төлемді кім және қалай алады
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 285,2 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 95 млрд теңге болды. Төлем алу шарттары мен онлайн рәсімдеу тәсілдері туралы толығырақ – осы материалда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда 130 көлеңкелі криптоайырбастау алаңы жойылды
Қаржылық мониторингі агенттігі криптобиржалардың заңсыз қызметін тоқтату бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Қылмыскерлермен интернет-алаяқтық және есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 130 алаң жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан инклюзивті білім беру саласында көшбасшылық ұстанымын нығайтып келеді
Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен балаларға тең әрі қолжетімді, қауіпсіз орта қалыптастыруға және сапалы білім беруге бағытталған ауқымды әлеуметтік реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға 480 млн теңге бөлінді
Президент тапсырмасы бойынша Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Әбутәліп Мүтәлі Мәжіліс депутаты болды
Ол Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалып, өкілеттілігін тоқтатқан Жұлдыз Сүлейменованың орнына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда PR мен медиа мамандарын біріктіретін қауымдастық алғашқы жиынын өткізді
PR және медиа саласының кәсіби мамандары қауымдастығының алғашқы жиынында саланың дамуының басым бағыттары айқындалды.
-
Әлемде: Трамп ХАМАС-қа ескерту жасады, Мадагаскарда «Зумерлер ұрпағы» төңкеріс жасады
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
"Терезені ашып, москит торына сүйеніп тұрған": Атырауда жалғыз қалған 4 жасар бүлдіршін құтқарылды
Атырауда полиция қызметкері үйінде жалғыз қалғанда терезеге шығып кеткен бүлдіршінге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қытай музейінде қазақтың домбырасы мен қылқобызы сақтаулы тұр
Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Үрімші қаласында орналасқан Шыңжаң өнер институтының “Он екі ұйғыр мукамы” атты мәдени павильонында қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары, соның ішінде домбыра мен қобыз сақталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Бірегей мемлекет”: Шетелдік сарапшы Қазақстан туралы ойын айтты
Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік табысты дамып келеді. Қытай Халық үкіметінің Сыртқы байланыстар басқармасы бастығының орынбасары Сяо Евэнь Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтастыққа жоғары баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізге Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) президенті келді
Қонақтарды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының директоры Майра Бақашева және министрлік өкілдері қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп Газадағы бейбітшілік жоспарының екінші кезеңін жариялады
Газа бейбіт келісімінің екінші кезеңі басталды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК бүгін, 15 қазан күні Ақтау, Алматы, Өскемен қалаларында қолайсыз ауа райы күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алтын бағасы аспандап барады
Comex биржасында (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) 2025 жылдың желтоқсан айына жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы бұрын-соңды болмаған жаңа рекордқа жетіп, бір троя унциясы үшін 4 182 долларды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көлік жүретін жол ашу үшін: Алматы әкімдігі 27 жер телімін мәжбүрлі түрде алатын болды
Алматы қаласы әкімдігінің шешімі бойынша, Медеу және Түрксіб аудандарында 27 жер учаскесі немесе басқа жылжымайтын мүлік мемлекет қажеттіліктері үшін алынатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада ауыз су арзандады
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Астана су арнасы" МКК 2025 жылдың 10 қазанынан бастап тұрғындар үшін жағымды жаңалық жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыға трамвай қайта оралуы мүмкін: Не үшін қажет және қала бұған дайын ба?
Алматыда трамвай қозғалысын қайта іске қосу мәселесі күн тәртібіне қайта шықты. Соңғы жылдары мегаполистің көлік жүйесін жаңғырту, экологиялық таза және тиімді қоғамдық көлік түрлерін дамыту бағытында түрлі бастамалар қолға алынып келеді. Енді сол бастамалардың бірі ретінде трамвай желісін жаңарту жобасы қарастырылып отыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Жамбыл облысында полицейлер 66 келі марихуана тасымалдау әрекетін тоқтатты
Жамбыл облысында полицейлер 66 келі есірткіні тасымалдау әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Трамп Хамасқа ескерту жасады
Палестиналық Хамас қозғалысы АҚШ президенті Дональд Трампқа қарусыздануға уәде берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
-
15 қазанға арналған валюта бағамы жарияланды
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында жасөспірімдер оқушы қызға азғындық жасады деген күдікке ілінді
Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында мектеп оқушыларының қатысуымен болған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы 14 қазанда Жамбыл аудандық білім бөлімі мәлімдеді. BAQ.KZ бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-
Иран ұлттық валютаның номиналын бекітеді
Иранның саяси мақсаттылығын анықтау кеңесінің жоғары бақылау комитеті номиналдың бір бөлігі ретінде ұлттық валютадағы банкноттардан төрт нөлді алып тастауды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Прайм сайтына сілтеме жасап.
-
Жетісу облысында тұрғыннан ақша бопсалаған күдікті ұсталды
Жетісу облысында полицейлер облыс тұрғынынан ақша бопсалаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Димаш Almaty Open ATP 250 турнирінде жаңа әнін шырқады
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 14 қазан күні Almaty Open ATP 250 турнирінде көрерменге жаңа әнін шырқап берді.
Наверх