Все новости за 30 қыркүйек 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ұлттық спорттың келешегі: қолдау және жаңа мүмкіндіктер
Қазақстан бай тарихымен ғана емес, ұлттық спорт дәстүрлерімен де ерекшеленеді. Көкпар, аударыспақ, асық ату, тоғызқұмалақ, теңге ілу, жамбы ату сияқты спорт түрлері әу бастан халқымыздың рухани мұрасын бейнелесе, бүгінгі күні бұл спорт түрлері халық денсаулығын нығайтып, ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды құралдарына айналып келеді. Қазіргі уақытта бұл саланы дамыту – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бірақ оны дамыту барысында шешілуі тиіс мәселелер де жетерлік, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Қайрат" өз алаңында "Реал Мадридке" есе жіберді
"Қайрат" өз алаңында "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен ұтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аяз, тұман, көктайғақ: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 1 қазан күні Қазақстанның 14 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақ анимациясы қай бағытта дамып келеді?
Қазақстандық анимация өнерінің тарихы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты қысқаметражды мультфильмі арқылы басталғаны баршаға мәлім. 1967 жылы жарық көрген Әмен Хайдаровтың аталмыш туындысы қазақтың халық ертегілері негізінде жасалып, ұлттық мәдениетті әлемдік деңгейде танытуға жол ашты. Жарты ғасырлық тарихы бар ұлттық анимация саласының бүгінгі деңгейі қандай? BAQ.KZ тілшісі осы тақырыпты зерделеп көрген еді.
-
Кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты: Қазақстан – үш дүркін алтын иегері!
Алматыда кадеттер арасындағы (U8–U12) шахматтан Әлем чемпионаты-2025 өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, үш алтын жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
-
Ақтауда мопед жүргізушісі көлікпен соқтығысты
Ақтауда мопед пен жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға 8 және 6-шағын аудандар арасындағы автожолда орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
-
Астанада ЕҰУ зерттеушілері ЖИ жобаларын таныстырды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде AI-Sana апталығы аясында өткен AI Expo көрмесінде жасанды интеллект саласындағы бірқатар ерекше жобалар таныстырылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Duty free дауы: әуе компаниясы заңға сәйкес қадам жасады
Алматы қаласының әуе көлігі прокуратурасы FlyArystan әуе компаниясының қол жүгінде duty free дүкендерінен алынған тауарларды тасымалдау тәртібіне өзгерістер енгізуге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
314 мың балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап Қазақстанда қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Әдебиет. Рух. Қоғам" әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ақтөбе облысында халықаралық «Әдебиет. Рух. Қоғам» әдеби байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мыңнан астам мерзімді сарбаз үйіне оралады
Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларындағы әскери бөлімдерде десантшылардың Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ядролық технологияларды енгізу арқылы онкологиялық өлім азайтылмақ
Қазақстанда ядролық медицинаны дамыту онкологиялық қызметті жаңғыртудың маңызды бағыты болады. 2028 жылға қарай пациенттерді ПЭТ/КТ диагностикасымен 100% қамтуды қамтамасыз ету және радионуклидтік терапияға қолжетімділікті кеңейту жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысындағы жол апатынан 8 адам қаза тапты
Алматы облысындағы ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазавтожолға" сілтеме жасап.
-
Астанаға Мажарстан президенті ресми сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Достық–Мойынтының екінші желісі: транзит тарихындағы жаңа кезең
Бүгін Мемлекет басшысы Достық – Мойынты теміржолының екінші желісін іске қосуға бастау берді. Бұл стратегиялық жоба еліміздің шығыс бағытындағы өткізу қабілетін айтарлықтай арттырып, қазақстандық экспорт пен транзит үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Осыған орай BAQ.KZ тілшісіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» филиалының директоры Вадим Копылов жобаның маңызы мен жүк тасымалының болашағы туралы айтты.
-
"Мочалка қаншадан?" Бетперде киген жігіт "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы өтетін стадионға ерекше образбен келді
"Қайрат" - "Реал Мадрид" матчына санаулы сағаттар қалды. Ал жанкүйерлер болса Алматыдағы стадионға қазірден бастап жиналуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Welcome to Almaty: «Реал» Алматыға арналған бейнеролик жариялады
Мадридтік "Реал" футбол клубы ресми әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыға арналған арнайы бейнеролик жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістандағы қуаңшылық астық өнімділігіне қалай әсер етті?
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментінің директоры Назгүл Хатепова BAQ.KZ тілшісіне биылғы орақ науқаны қалай жүріп жатқанын айтып берді.
-
Шығыс Қазақстанда аю қаптады: Енді ату шегі көбеюі мүмкін
Шығыс Қазақстан облысында қоңыр аюлардың саны 4,5 мыңға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде жабайы аңды қолдан өсіруге рұқсат берілуі мүмкін
Сенатта өткен дөңгелек үстелде жануарлар дүниесін қорғау саласына өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы қаралды. Депутаттар аңшылық шаруашылықтарына жабайы аңды қолдан өсіруге коммерциялық рұқсат беру мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сарапшы: Бір палаталы парламентке көшу – жүйелі өзгерістердің бір бөлігі
Еуразиялық интеграция институты жанындағы “Ашық саясат” сараптамалық клубының кезекті отырысында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладин Ибрагимов бір палаталы парламентке көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бурабайда 17 жастағы жасөспірім жоқ үйді "жалға берген"
Бурабайда 17 жастағы жасөспірім жоқ үйді жалға берген. Полиция алаяқтық фактісі бойынша іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Басты назар Сенаттың таратылуына емес, партиялық жүйенің жаңа жағдайға бейімделуіне аударылуы керек – сарапшы
Еуразиялық интеграция институты жанындағы “Ашық саясат” сараптамалық клубының кезекті отырысы өтті. Басқосуда “Қазақстанда бір палаталы парламент құру және партиялық жүйені дамыту перспективалары” тақырыбы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
17 мың киік мүйізі тәркіленді: Браконьерлік әлі де тыйылмай тұр
Қазақстанда киіктің популяциясы соңғы жылдары рекордтық көрсеткішке жетті. 2003 жылғы 21 мың басқа қарсы 2025 жылы шамамен 5 миллионға дейін өскен. Алайда соңғы екі жылда 17 мыңнан астам мүйіз заңсыз айналымнан тәркіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
10 мыңнан 30 мың теңгеге дейін: Зейнеткерлерге қандай қолдау көрсетіледі?
1 қазан – Қарттар күні. Бұл күн – аға буынға құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы рөлін, өмірлік тәжірибесін бағалайтын ерекше күн. Қарттар күні – тек мереке ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын еске салып, үлкендердің ақыл-кеңесі мен өнегесінің қадірін түсінуге шақыратын маңызды сәт. BAQ.KZ тілшісі өңірлерде Қарттар күніне орай зейнеткерлерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін зерделеп көрді.
-
Жалған құжат жасатқан мемлекеттік қызметшінің ісі әшкере болды
Түркістанда еңбекке жарамсыздық парағын жасатқан тұлғаға жаза тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордада 15-16 қазанда Astana Think Tank Forum 2025 өтеді
Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбасшыларын, саясаткерлерді, жетекші «ақыл-ой орталықтардың» басшыларын Astana Think Tank Forum 2025 аясында біріктіреді. Форум 2025 жылғы 15-16 қазанда Қазақстан елордасында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда қар барысының саны екі есе өсті
Қазақстанда қар барысының саны айтарлықтай көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Олжас Бектенов Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
Минск қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес басшыларының отырыстарына қатысушылармен ұжымдық кездесуіне, сондай-ақ шағын және кеңейтілген құрамдағы ЕҮАК отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда қызыл қасқыр мен қар барысы жойылып кетуі мүмкін
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың шамамен 835 түрі мекендейді, олардың ішінде 227 түрі сирек кездесетіндер қатарына жатады және жойылып кету қаупінде тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жол апаты: Алматы облысында сегіз адам қаза тапты
Алматы облысында болған жол апаты сегіз адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады
Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Әлемде киік популяциясының 99%-ы Қазақстанда мекендейді
Әлемде киік популяциясының 99%-ы Қазақстанда мекендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Қайрат” – “Реал”: Стадион маңындағы пәтерлерді 100 мың теңгеге дейін жалға беріп жатыр
Алматыда “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчы өтетін күні пәтерді жалға алу бағасы әдеттегі күндерден қатты өзгермеген. Дегенмен, кейбір пәтер иелері терезесінен тікелей стадион көрініп тұрғанын сылтауратып, бағасын бірнеше есе көтеріп отыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Түркістан мақтасы: Экспорттық әлеует пе, әлде шығынға толы шаруа ма?
Түркістан облысы дәстүрлі түрде Қазақстандағы басты мақта өндіруші өңір саналады. Алайда соңғы жылдары бұл салада қарама-қайшы үдерістер байқалып отыр: бір жағынан егіс көлемі артып, жаңа технологиялар енгізілсе, екінші жағынан су тапшылығы мен әлемдік нарықтағы баға құлдырауы фермерлерді тығырыққа тіреуде. Мемлекет қолдау шараларын күшейтіп, шетелдік инвесторларды тартуға күш салуда. Дегенмен, мамандар да, диқандар да мақта шаруашылығының болашағы оңай болмайтынын жасырмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Taza Qazaqstan": Алматыдан Қызылордаға дейінгі road-эстафета басталды
Алматы облысы Тарғап ауылында "Taza Qazaqstan" road-эстафетасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында түлкі мен қабан қаптады: Шығынға батқан тұрғындар көмек сұрауда
Жаз бойы Абай облысының Бородулиха ауданының тұрғындары ауыл маңында түлкілердің қаптап кеткенін байқауда. Алғашында түлкілер ауыл көшелерінде еркін жүрсе, кейіннен үй құстарына шабуыл жасай бастаған. Ал Бесқарағай ауданында қабандар қаптап, егінге түсуде. Олар фермерлердің алқаптарын бүлдіріп жатыр.
Мамандардың айтуынша, жабайы аңдар популяциясы қалыпты деңгейден асып кеткен. Олардың белсенділігінің себебі – егістіктерде табиғи азық қорының азаюы және ауыл көшелерінде қаңғыбас иттердің болмауы. BAQ.KZ тілшісі шаруашылықтары зардап шеккен ауыл тұрғындарымен тілдесіп көрді.
-
Нетаньяху Қатардан Дохадағы әуе соққысы үшін кешірім сұрады
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Қатарға Дохадағы авиасоққы үшін кешірім сұрады. Шабуыл кезінде 6 адам қаза тапқан. Қатар кешірімнен кейін ХАМАС пен Израиль арасындағы делдалдықты жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Италия президентін шығарып салды
Мемлекет басшысы Италия президенті Серджо Маттарелланы Астана әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
18 келі торт үшін блогерден 3 миллион теңге моральдық өтемақы сұрады
Астананың Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында кондитер Нұршат Ақбергенованың блогер Аселина Батырға қарсы түсірген арызы бойынша іс қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы қонақ үйлері “Қайрат” – “Реал” матчы алдында 95%-ға толды
Алматы қонақ үйлерінің жүктемесі “Қайрат” – “Реал” матчы өтетін кезеңде 95%-ға жетті. Қалаға ойынға он мыңға жуық жанкүйер келген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Трамптың Газа секторындағы бітімгерлік жоспарын қолдайды
Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Болашақ энергиясы: қазақстандық жас ғалым атом саласын әлемге танытып жүр
Ол – Мария Склодовская-Кюри атындағы МАГАТЭ-нің және Лиза Майтнер атындағы бағдарламаның стипендиаты, ядролық энергетика инженері, Ресейдің ядролық білім беру саласының амбассадоры әрі Обнинск атом энергетика институтының оқытушысы. 24 жасында қазақстандық Алина Бегимова атом энергетикасын зерттеу саласында бірқатар жетістіктерге жетті. Оның еңбегі халықаралық деңгейде мойындалды. Сарапшы ретінде Алина Мәскеуде өткен атом энергетикасы форумында спикер болды.
-
Атырауда ер адам 8 жасар қызды ұрлап әкетпек болды
Атырауда 8 жастағы қызды ұрлап әкетуге әрекет жасалды. Куәгерлердің жедел әрекеті арқасында бала аман қалды. Полиция күдіктіні ұстады, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Atyrau Today басылымына сілтеме жасап.
-
Павлодарда заң бұзған кәсіпорынға 28 млрд теңгеге айыппұл салынды
Табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында рұқсат құжаттарының талаптарының орындалмағаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Реал” Алматыдағы стадиондағы газонның биіктігіне байланысты УЕФА-ға жүгінген
Испандық БАҚ-тың жазуынша, мадридтік “Реал” футболшылары Алматыдағы Орталық стадионның газонын қысқартуды сұрап, УЕФА-ға өтініш жасаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәдиевтің жаңа миссиясы: ЖИ Қазақстан экономикасын өзгерте ме?
Жаслан Мәдиевтің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалуы және бір мезетте вице-премьер мәртебесін алуы – осы күздің ең көп талқыланған кадрлық шешімдерінің бірі болды. Сарапшылар бұл қадамды стратегиялық тұрғыдан орынды деп бағалайды, бірақ Мәдиевтің цифрлық активтер саласындағы өткен тәжірибесі сұрақтар туғызатынын да жасырмайды.
-
Санжар үшін тарихи сәт: "Реал Мадрид" ойыншылары қолтаңба беріп, суретке түсті
Санжардың көптен күткен арманы орындалды – ол Мбаппе және "Реал Мадрид" ойыншыларымен кездесті. Қайрат Боранбаевтың бастамасымен өткен бұл ерекше сәт жанкүйер үшін өмір бойы есте қалады. "Қайрат" клубы спортты баршаға қолжетімді етуді жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Газадағы бейбітшілік, Молдовадағы сайлау қорытындысы
BAQ.KZ тілшісі бір тәулік ішінде болған маңызды халықаралық жаңалықтар топтамасын ұсынады. Бұл шолуда әлемдегі жалпы жағдайды көрсететін оқиғалар қамтылады.
-
Тоқаев "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісін іске қосты
Қасым-Жомарт Тоқаев New Silk Way VII Халықаралық көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, бүгінгі іс-шараның мән-маңызы ерекше екеніне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жарты миллиард теңгенің мүлкін ұрлаған қарулы топ ұсталды
Криминалдық полиция жекеменшік кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылық шабуылды әшкереледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
155 млн теңге: Алаяқтар қатерлі ісікпен ауырған адамның атына несие рәсімдеді
Алаяқтар қатерлі ісікпен ауырған адамның атын пайдаланып, 155 млн теңге жымқырған. Жеңілдетілген несие бойынша алаяқтық жасаған 3 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жасанды интеллект пен суперкомпьютер: Қазақстанды цифрлық ұлтқа бастайтын қадам
Астанада Digital Bridge 2025 форумында жасанды интеллект, стартаптар мен инвестициялар, суперкомпьютер, Alem.AI орталығы және 1 млн азаматты оқыту жобасы таныстырылады. Қазақстан Generative Nation ұранымен цифрлық ұлт болуға қадам жасайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде 100 жастан асқан 440-тан астам адам бар
Қазақстанда 100 жастағы және одан да үлкенірек жастағы 448 азамат бар. Ең жасы үлкен қазақстандық Ұлытау облысында тұрады, ол 115 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанай облысында екі адамды қатыгездікпен өлтірді деген күдікті ұсталды
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында полицейлер отбасына қарсы аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген 51 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1 қазаннан бастап не өзгереді?
1 қазаннан бастап қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады? BAQ.KZ тілшісінің шолуына назар аударып көрейік.
-
Елімізде 314 мың балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап елімізде қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандық "ақылды каска" Минскідегі "ИННОПРОМ" көрмесінде ұсынылды
Қазақстандық әзірлеушілердің өндірістегі қауіпсіздікке арналған "ақылды каскасы" Минскідегі "ИННОПРОМ" көрмесінде ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еңбекке адалдық – елге қызмет
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы. Бұл бастама жай ғана ресми шешім емес, бұл – еліміздің болашағы үшін еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшылардың маңызын, рөлін тереңінен ұғынуға бағытталған игі іс. BAQ.KZ тілшісі өмір сахнасынан бір сәтке де түспеген дәнекерлеуші Болатбек Аманұлымен тілдесті.
-
Азғындыққа қарсы ма, адамгершілікке қарсы ма? Ауғанстанда интернет байланысы толық өшті
Бүкіл Ауғанстанда интернет байланысы үзілді. Бұл туралы NetBlocks халықаралық интернет-мониторинг қызметі хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
-
Саудиялықтар Трамптың құрметіне 1 миллиард долларға зәулім ғимарат тұрғызады
Саудиялық Dar Global құрылыс компаниясы 1 миллиард долларға Трамп Плаза Джидданы салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Ауыл аманаты" арқасында табысқа жеткен жас кәсіпкер
Қаракемер ауылында туған Жұмабай Жантөре Жанболатұлы – бүгінгі таңда аудан мен облыста ғана емес, республикада да өзіндік орны бар жас кәсіпкер. Оның жетістігі – тек өз еңбегі мен шыдамдылығында ғана емес, мемлекет тарапынан жасалған қолдаулар мен бағдарлама мүмкіндіктерінде де жатыр. BAQ.KZ тілшісі әңгімелескен кәсіпкер көңіл түкпіріндегі ой-арманымен бөлісті.
-
Жаңа салық режимі: Кімдер кәсіпкерлікті тіркемей-ақ табыс таба алады?
Қазақстандықтар 2026 жылдан бастап кәсіпкерлікті тіркемей-ақ табыс таба алады. Жаңа салық режимінің жеңілдігі қандай кәсіп иелерін қамтымақ? Ерекше жеңілдік туралы салық сарапшысы Айнұр Сартаева BAQ.KZ тілшісіне талдап, түсіндіріп берді.
-
"Қайрат" - "Реал Мадрид": Алматыда стадионнан тегін автобустар жүреді
Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында бүгін Орталық стадионда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойыннан соң жанкүйерлердің үйлеріне жайлы жетуі үшін 60 автобус ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобиль өткізу пункттері уақытша жұмыс істемейді
Бұл шектеу Қытай мемлекетінің құрылу күні (1–3 қазан) мен және Орта күз фестивалі (6 қазан) мерекелеріне байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қоғамға қажет маман иесі
BAQ.KZ тілшісі сұхбаттасқан жас шебер Дулат Күмісбекұлы Болтаевтың еңбегі ерекше. Әрі механик, әрі инженер, әрі техник Дулат аз-кем әңгімеде өзінің үлкен армандарын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
-
Ақ үй Газа секторына қатысты бейбітшілік жоспарын жариялады
Ақ үй Газа секторы үшін 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын жариялады. Құжат АҚШ әкімшілігінің әлеуметтік желідегі X парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
-
Атырау облысында бетперде киген адамдар шекарашылар қайығымен әдейі соқтығысты
Атырау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен полицейлер шекара қызметінің қайығымен соқтығысқан құқық бұзушыларды іздестіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
-
Баласы жылап, түн тыныштығын бұзғаны үшін азаматтарға айыппұл тағайындалуы мүмкін бе?
Әлеуметтік желіде баланың қатты жылағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы ақпарат тарауда. Осыған байланысты Абай облысы полиция департаменті аталған заң нормасы дұрыс түсіндірілмегенін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда 720 шетелдікке заңсыз жолмен ЖСН берілген – прокуратура
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы Ресейдің 720 азаматына жеке сәйкестендіру нөмірін заңсыз берген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркия қазақстандық тасымалдаушыларға теңіз порттарын ашты
Түркістанда халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері бойынша Қазақстан – Түркия комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх