Все новости за 1 қараша 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Биыл 30 мыңға жуық шетелдік студент Қазақстанға оқуға келді
Биылғы оқу жылында 30 мыңға жуық шетелдік студент Қазақстанға оқуға келген. Бұл соңғы екі жылмен салыстырғанда 10 мың студентке көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада төрт қабатты паркингтен өрт шықты
1 қарашада Астанада төрт қабатты жеке тұрған паркингтің екінші қабаты қалың түтінге оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда қала маңына қатынайтын үш автобус бағыты іске қосылды
Алматыда үш жаңа автобус бағыты іске қосылды. Олар қала маңына қатынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде 54 мыңнан астам қыз бала папиллома вирусына қарсы вакцина алды
Елімізде адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 11-13 жас аралығындағы 54,5 мыңнан астам қызға салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
-
Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 2 қарашада еліміздің 15 өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгиромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Ақтөбеде синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Ақтөбеде полицейлер синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледідеп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қыста қазақстандықтар неше күн демалады
Қыста жерлестеріміз неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жеті боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстанның жастар құрамасының жеті өкілі Черногорияның Будва қаласында өтетін әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қытайда ұшатын автокөлік шығаратын зауыт салынбақ
Қытайлық электромобиль өндіруші XPeng компаниясы ұшатын автокөліктер шығаратын зауыт құрылысын бастады. Бұл туралы Xinhua мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда есірткі жарнамалаушылар ұсталды
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлерімен қоғамдық орындарда есірткіні заңсыз жарнамалау фактілерінің алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сирияға бір күнде 4300 ливандық босқын өтті
Ливаннан Сирия аумағына 1 күнде 4 мыңнан астам адам өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Елордада жас ақындар айтысы басталды
«Егемендігім – елдігім». Осындай атаумен елорда төрінде алғаш рет мектеп оқушылары арасында республикалық айтыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
-
Өздерін газ маманы ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген
Газдандыру процесі мен жабдықпен қамтамасыз ету барысында алаяқтар жол кесіп, қарапайым халыққа кесірлерін тигізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде заманауи көшпенділерге арналған жаңа Neo Nomad визасы енгізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық жүзушілер Әлем кубогында екі рекорд орнатты
Сингапурда жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңі басталды. Қазақстан құрамасы екі ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кредиттік каникул: 10 мың сарбаздың қарызы бойынша төлемдер кейінге қалдырылды
Мерзімді әскери қызметке шақырылған 10 мыңнан астам сарбазға кредиттік каникул берілді. Олар банктік қарызы бойынша төлемдер кейін өтейтін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таза Қазақстан. Экологиялық бағдарламаға 220 мыңнан астам жетісулық қатысты
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында тек сенбілік шаралар ғана ұйымдастырылып қоймай, ақпараттық-түсіндірмелі және қайырымдылық бағытта да жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ғани Бейсембаев Жамбыл облысының педагогтерімен кездесті
Министр мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын аралап, әріптестерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әр балаға 70 мың теңге: Министр жәрдемақыға қатысты пікір білдірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы беруге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бірнеше құрылыс салушылар қылмыстық жауаптылыққа тартылды
«Андора Констракшн» ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын-ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтерлер сатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шекаралық бақылау, су және энергетика қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлдік - Қошанов
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қырғыз Республикасына ресми сапарының екінші күнінде Президент Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Dialogue Investment Forumы өтті
Елордада мұнай-газ саласына қатысты Dialogue Investment Forum іс-шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Ауылда неге қоқыс төгетін жер жоқ" - Экология министрі түсіндірді
Еліміздің ауылдық жерлерінде қоқыс полигондары мүлдем жоқ. Бұл мәселені Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде депуатат Нұргүл Тау көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда халықаралық фотокөрме ашылды
Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» халықаралық фотокөрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Баспана мәселесі: Көпбалалы отбасылар үшін тағы бір жаңа бағдарлама іске қосылады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Отбасы банк» жаңа бағдарламалар іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенатта ерекше қажеттілігі бар адамдарға сапалы білімнің қолжетімділігі туралы мәселелер талқыланды
Сенатта Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ, оларды іске асыру жолдарын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президент күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады
Мемлекет басшысы күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"51 млрд теңге босқа кетеді". Министр “Қошқар ата” қалдықтар қоймасындағы мәселені көтерді
Мәжіліс дептутаты Самат Мұсабаев Экология министріне Маңғыстауда шешілмей келе жатқан экологиялық мәселені айтып, сұрақ астына алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекеттік кеңесші балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жөнінде жиын өткізді
Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылықтардың алдын-алу және оның жолын кесу мәселелеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте қуаттылығы 36 мвт қосымша станция пайдалануға берілді
Шымкентте 110 кВ кабельдік желімен жабдықталған 36 МВт қосалқы станция іске қосылды. Іске қосу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда мүгедектікті растау жеңілдейді
2025 жылдан бастап елімізде мүгедектікті растау жеңілдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ірі кәсіпорындарға онлайн бақылау орнатылады - Экология министрі
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздегі ірі кәсіпорындарға автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде мүгедектігі бар қанша адам тұрады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдар саны қай өңірде көп екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Министр ең көп экологиялық айыппұл арқалаған компанияларды атады
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ең көп экологиялық айыппұл арқалаған ірі компанияларды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекет басшысы Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісін жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Елімізде әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілігі жоқ - Жақыпова
Әлеуметтік қызмет сала қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы саммитте Азия-Тынық мұхиты аймағы жетекші университеттерінің 350 өкілі бас қосты
Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім беру мәселелеріне арналған пре-саммит басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зайсанда алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан ауданында алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында жасанды интеллектпен жабдықталған полиция көліктері көбеймек
"Sergek Patrol" мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды
Алматыда «Орталық Азия елдерінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мал шаруашылығы кешенін ресурстық қамтамасыз ету» халықаралық конференциясы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында таутеке мен түлкі фототұзаққа ілінді
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қоректеніп жүрген жануарлар фототұзаққа ілінді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Базалық мөлшерлемесі жоғары Топ-5 ел: Қазақстан қай орында?
Кейбір мемлекеттер базалық мөлшерлемелері жоғары ұстайды. Мұны көбіне инфляцияны төмендету және экономиканы тұрақтандыру мақсатында қолданылып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі worldpopulationreview.com сайтына сілтеме жасап.
-
Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог – инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі
Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар бойынша VII Қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты (KGIR-2024). Алаңда ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, энергетика және тау-кен өндіру салалары, қаржы секторы салаларындағы жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялар басшыларымен бірге 500-ден астам бизнес өкілі, сондай-ақ отандық кәсіпкерлік сала өкілдері, инвесторлар жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздегі егіннің 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды
"Қазақстан темір жолы" АҚ-ның мәліметтері бойынша, қыркүйек-қазан айларында жаңа егіннің тасымалы 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада мал азығы мен ветеринария бойынша көрмелер өтеді
Астанада 6-8 қарашада мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы бойынша «Jańa Dala/Farm Astana 2024» халықаралық көрмесі және жемшөп пен ветеринария бойынша «Jańa Dala/Vet Astana 2024» халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды
Қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы жарты жыл бұрын мемлекетаралық іздеу жарияланған ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Роман Скляр көмір өндіретін қытайлық компанияның басшылығымен кездесті
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр көмір өндіруге және өңдеуге маманданған ірі энергетикалық компания – «China Energy Investment Corporation» басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Алжир президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Ақмола облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысып, үш адам қаза тапты
Степногорск-Заводской тас жолында 1 қарашаға қараған түні жеңіл көлік пен пойыз соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
-
Астанада ТЖМ қызметкерлері шұңқырға құлап кеткен итті құтқарды
Елорда тұрғыны шұңқырда көмек сұрап жатқан иттің үргенің естіп, құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
-
Прокуратура бюджет қаражатын ұрлау дерегін анықтады
Осы жылдың 21 қазанында Қостанай облысының прокуратурасымен бюджет қаражатын ұрлау туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісі бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте тағы бір тұрғын алабы газдандырылды
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандыруға бастау берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қараша айында қысқы спорт түрлерінен қандай жарыстар өтеді?
Халықаралық қысқы спорт федерацияларының күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын қазанның соңы мен қарашаның басында ресми түрде қысқы спорт түрлерінен өтетін жарыстардың шымылдығы түріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жалақы, тариф: 2025 жылға бөлінетін бюджет қандай мәселелерді шешеді?
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2025 жылға бөлінетін бюджетте қандай мәселелер шешімін табатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Вирустық гепатиттен қалай қорғануға болады – дәрігер кеңесі
Алматыдағы №11 қалалық емхананың дәрігері Мөлдір Ибрагимова вирустық гепатиттің таралуы мен ауру белгілеріне тоқталып өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда дарынды оқушыларға 5,5 млн теңге берілетін болды
Қазақстандық оқушылар халықаралық білім додаларында топ жарып жүр. Биыл өрендеріміз әлемнің түрлі елінде өткен пәндік олимпиадаларда 26 медаль иеленіп, ел абыройын тағы бір рет асқақтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы әуежайында 100 млн теңгенің контрабандалық тауарлары анықталды
Көлік прокурорлары 100 млн теңгеден астам контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Испаниядағы су тасқынынан қаза болғандар саны 158 адамнан асты
Испаниядағы су тасқыны салдарынан қаза болғандардың саны 158-ден асты. Бұл ел тарихындағы ең ауыр апаттың бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
-
Қарағанды облысының экономикасы тұрақты дамып келеді
Қарағанды облысында экономиканың барлық салаларында өсім бар. Өнеркәсіптік кәсіпорындар 9 айда 3 трлн теңгеге жуық өнім өндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгінгі күннің батырлары. Адам жанының арашасы
Науқаспен немесе қиын жағдайға тап болған адаммен жаны бір дәрігерлердің қоғамымыздағы ролі мен еңбегі өлшеусіз екені белгілі.
-
Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Fufeng Group компаниясының басқарма төрағасы Ли Сюэчунмен агроөнеркәсіптік кешен және көмір химиясы саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Терең өңдеуге баса назар аудара отырып, ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне ден қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
Президенттің облыс әкіміне берген сөгісі жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ай басында елімізде валюта бағамы өзгерді
Ұлттық банк 1 қарашаға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкіметте елімізде медициналық жабдықтар өндірісі бойынша жоба қаралды
Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында GE HealthCare өңірлік президенті Костас Делигианниспен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымына қарсы күрес күшейді
ҚМА және "Атамекен" ҰКП акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымына қарсы күресті күшейтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бектенов инвесторларымен елімізде теміржол машиналарын жасауды талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен – теміржол машинасын жасау саласының әлемдік көшбасшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Полиция көпбалалы анаға құжаттарын ресімдеуге көмектесті
Полиция көпбалалы анаға құжаттарын ресімдеуге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Қытай су мәселесі бойынша келіссөз жүргізді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Ақтөбеде балшыққа батқан үш адам құтқарылды
Ақтөбе облысында ТЖМ құтқарушылары үш адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
Халықаралық іздеу жарияланған бұзақы Ыстанбұлда ұсталды
Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша бұзақылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған қазақстандық азамат Ыстамбұлда ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Қызылордада теміржол арқылы жаңа жол өткелі салынады
Қызылорда облысында теміржол арқылы өтетін көпір салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
1 қарашада еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Астанада көркем гимнастикадан ашық чемпионат басталды
Елорда төрінде көркем гимнастикадан кезекті қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр. Чемпионатта 320 көркем гимнасшы сынға түсуде. Олардың ең жасы - 9-да, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Алматыда Абай даңғылындағы аллея жаңартылды
Алматыда Тұрғұт Өзал көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі ұзындығы 2,6 км, жалпы аумағы 5,2 гектар болатын бөлінген жолақта абаттандыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанайда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Қостанай облысының құтқарушылары өрт кезінде 5 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ғылым және жоғары білім министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жеке қабылдауында азаматтардың білім және ғылым саласына қатысты сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Алматыда "Медеуге" апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
Алматыда қаланың көше-жол желісіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Астана Дүниежүзілік туристік альянсқа мүше болды
Астана қаласы Visit Astana туристік бренді ретінде Дүниежүзілік туристік альянстың (WTA) ресми мүшесі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
Түркістан облысында мақта шаруашылығын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін жоба іске асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Наверх