Елордада жас ақындар айтысы басталды

1 Қараша 2024, 19:44
420
Бөлісу:
Елордада жас ақындар айтысы басталды

«Егемендігім – елдігім». Осындай атаумен елорда төрінде алғаш рет мектеп оқушылары арасында республикалық айтыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған Оқу ағарту министрлігі мұрындық болды. Мәреге кімнің жететіні бүгін анықталады. Жастар арасындағы аламан айтыста топ жарған жүйрік қоламен әспеттелген қоңыр домбыраны иеленеді. 

Айтысқа әр өңірден 22 жас ақын қатысып отыр. Қазылар алқасына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов төрағалық етеді. 

Айтыстың мақсаты – мектеп жасындағы ақындарымызды сахнаға тәрбиелеу. Дәстүрлі мәдениетімізді насихаттау. Айтыстың мақсаты көп қой. Тілді дамыту мәселесі, білімді, ағартушылықты ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында осыны жасап жатырмыз, - деді айтысты ұйымдастырушы айтысты ұйымдастырушы.

Өзгелердің жаңалығы