Ақтауда есірткі жарнамалаушылар ұсталды

1 Қараша 2024, 20:22
345
Бөлісу:
Ақтауда есірткі жарнамалаушылар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлерімен қоғамдық орындарда есірткіні заңсыз жарнамалау фактілерінің алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысының прокуратурасының мәлімдеуінше, бірлескен жұмыстар нәтижесінде синтетикалық есірткілерді заңсыз жарнамалау фактісінің жолы кесіліп, Ақтау қаласының үш адамнан тұратын топ ұсталды.

Ұсталғандардан «МЕФ, СК, DUNE24CC,VPN» жазулары бар трафарет, фломастер, балта, бита, 20-дана сырлауға арналған баллончиктер, 83 дана жарнама парақшалары, QR-код жазылған буклеттер және т.б. заттар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленіп алынды.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен және ҚК-нің 299-1-бабының 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. 

Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы