Кредиттік каникул: 10 мың сарбаздың қарызы бойынша төлемдер кейінге қалдырылды

1 Қараша 2024, 18:27
352
Бөлісу:
Кредиттік каникул: 10 мың сарбаздың қарызы бойынша төлемдер кейінге қалдырылды
Фото: Арман Мухатов - Архив

Мерзімді әскери қызметке шақырылған 10 мыңнан астам сарбазға кредиттік каникул берілді. Олар банктік қарызы бойынша төлемдер кейін өтейтін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

Банктік қарыз бен микрокредит бойынша кредиттік каникул автоматты форматта беріледі.

Бүгінгі таңда 42 мыңнан астам адам қамтылды. Жалпы сомасы 4 млрд теңгеге 15 мың қарыз бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған 10 мыңнан астам адамға кредиттік каникул берілді, - деді  Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Өзгелердің жаңалығы