"51 млрд теңге босқа кетеді". Министр “Қошқар ата” қалдықтар қоймасындағы мәселені көтерді

1 Қараша 2024, 16:34
1290
Бөлісу:
"51 млрд теңге босқа кетеді". Министр “Қошқар ата” қалдықтар қоймасындағы мәселені көтерді
Фото: Маңғыстау облысы Экология департаменті

Мәжіліс дептутаты Самат Мұсабаев Экология министріне Маңғыстауда шешілмей келе жатқан экологиялық мәселені айтып, сұрақ астына алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ерлан Нұралыұлы, жаңа өзіңіздің баяндамаңызда Маңғыстау облысында орналасқан "Қошқар ата" улы қалдықтар қоймасында көмілу жұмыстары басталды дедіңіз. Бірақ сол басталмай жатып, аяқталды. Өзіңізге мәлім, 8 млрд теңгені кейін қарай қайтып алып кеттіңіз. Улы қалдықтар жөнінде біраз айтылып жүр. Депутат Жаңбыршин және мен де бұл мәселені Парламенттің төрінде 3-4 рет көтердік. Президент екі рет Маңғыстауға барған сапарында көму жөнінде тапсырма берген еді. Бұл жұмыстар 2025 аяқталуға тиіс еді, бірақ орындалмай жатыр. Енді жері мен халқы Маңғыстауға тиесілі болғанмен, улы қалдықтар мемлекетен, яғни сіздердікі! Мұны не істейміз енді?, - деп сұрақ қойды Мұсабаев.

Депутаттың сөзінше, Қошқар ата улы қалдықтарын көму мәселесі - маңғыстаулықтардың кім келсе де қоятын бірінші сұрағы.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев улы қалдықтарды жоюға бөлінген қаражатты атады.

2021 жылдан бастап қаржыландыру басталды. Соңғы 2023 жылы іске асырылып жатқан жобаға өзгеріс енгізу қажет болды. Өздеріңізге мәлім, 17 млрд теңгенің үстіндегі жоба 51 млрд теңгеге қымбаттады. Екіншіден, жоба бойынша біраз сұрақтар туындады. Өйткені оның қаншалықты дұрыс шешім екеніне күмәніміз бар... Қазіргі таңда үкіметтің тапсырмасымен жол картасы жасалды. Ол үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандары мен ғылыми-зерттеу институтының мамандары 13 іс-шараны белгілеп, жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір 3 іс-шара қалды, оған қаражат қажет. Одан бөлек, әкімдік жұмыс тобын құрып, қазіргі таңда бір топ маман жұмыс істеп жатыр. Жылдың аяғына дейін бір мәмілеге келеміз деп ойлаймын, - деді Нысанбаев.

Экология министрі улы қалдықтарды жоятын жобаға өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтады. Өйткені нақты улы қалдықтардың жоятын нақты тәсіл анықталмаған.

Дәл қазір бастаймыз десек өтірік болады.Қаражат жағынан үкімет тарапынан ешқандай кінә жоқ. Әр жылға бөлінген қаражат бар. Келесі жылы нақтыласақ, бастап кетеміз, - деді Нысабаев.

Нысанбаев қалдықтардың жоятын шараларды өзгерту керек дейді. Себебі, бөлінген 51 млрд теңге босқа кетуі мүмкін.

Еске сала кетейік, осыған дейін министр ірі кәсіпорындарға онлайн бақылау орнатылатыны туралы айтты.  Ол ең көп экологиялық айыппұл арқалаған компанияларды да атады.

Өзгелердің жаңалығы