Алматыда етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

1 Қараша 2024, 14:30
336
Бөлісу:
Алматыда етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды
PHOTO
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Алматыда «Орталық Азия елдерінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мал шаруашылығы кешенін ресурстық қамтамасыз ету» халықаралық конференциясы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мал шаруашылығы саласындағы ветеринарлық қызметтер мен ірі инвестициялық жобалар өкілдерінің мүддесінде ұйымдастырылды.

Алматыда етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Екі күн бойы қатысушылар цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, ветеринарлық зертханаларды автоматтандырудың қазіргі заманғы моделіне, ауылшаруашылығы жануарларын ұстау қауіпсіздігін арттыру үшін кәсіби алаңдарды жабдықтаудың заманауи тәсілдеріне, тексеру кезінде ауылшаруашылығы жануарларының денсаулық жағдайына тиімді мониторингке қатысты өзекті тақырыптарды талқылайды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков мал шаруашылығы саласының дамуы туралы айтып берді.

Саланы дамытудың басымдылығын назарға ала отырып, ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдікті несиелеу бағдарламасының бағыттарының тізбесін кеңейтті, оған етті мал шаруашылығы бойынша жобалар енгізілген.

Осылайша, инвестициялық жобаларды іске асыруүшін жағдайлар жасалады. Осы мақсаттарға қаржыландыру көлемі 2 есе ұлғайтылып, 2025 жылы 200 млрд теңгені құрайды. Жалпы, бүгінгі таңда ет бойынша ішкі нарық толық қамтамасыз етілген, саланың одан әрі дамуы өнім экспортымен байланысты.

Алматыда етті мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Сонымен қатар, шешуді талап ететін бірқатар мәселелер бар. Бұл көптеген мал шаруашылығы кәсіпорындарының ұсақ тауарлылығы мен төмен технологиялық қамтамасыз етілуі. Ауылшаруашылығы малдарын толыққанды азықтандыру мәселелері толық шешілмеген, бұл ақыр соңында өндірілетін өнімнің өнімділігі мен өзіндік құнына әсер етеді.

Осы мәселелердi шешудiң маңыздылығын түсiне отырып, ел Үкiметi тұтастай алғанда аграрлық секторды ғана емес, сондай-ақ жеке мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңiл бөледi.

Өзгелердің жаңалығы