Зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін

1 Қараша 2024, 16:45
10320
Бөлісу:
Зейнетке ерте шығуға рұқсат берілуі мүмкін
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов -архив

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда біздің қоғамда бірнеше сұрақ талқыланып жатыр. Бұл - зейнет жасын күтпей, зейнетке ерте шығу. Бұл сұрақ аналарымыз, көпбалалы аналарымыз, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарымыз үшін өте маңызды. Бұл кісілер де ерте зейнетке шығу мәселесін көтеріп отыр. Сондай-ақ министрліктің алдына зиянды жағдайда жұмыс істейтін азаматтарды 50-55 жастан зейнетке шығару мәселесі де қойылып отыр, - деді министр.

Оның айтуынша, бұл халықаралық деңгейде шешімін тапқан сұрақтар.

Мысалы, зейнет жасына келсе де, зейнетке шықпай, жұмысын әрі қарай жалғастырған азаматтарға зейнетақысын төлемей, оны бюджетте қалдыру. Ал зейнет жасына жетпей, зейнетке шыққысы келетін азаматтарға бюджеттегі сол қаржыны төлеу қарастырылып отыр, - деді Еңбекмині.

Бұл жерде зейнетке ерте шыққысы келетін азаматтардың еңбек өтілі 25 жылдан кем болмауы керек. Яғни осы уақыт бойы зейнет жарналары аударымы болуы қажет. Мысалы, азамат 20 жасынан бастап жұмыс істесе және тиісті жарналары уақытылы аударылып отырса, онда ол 45 жасында ерте зейнетке шыға алады.

Бұл ұсыныстар әлі қабылданбағанын, мұны қазір министрлік тиісті органдармен бірлесе қарап жатқанын еске сала кетейік.

1998 жылдан бастап Қазақстан жинақтау зейнетақы жүйесіне көшкенін еске сала кетейік.

Еске салсақ, елде мүгедектігі бар қанша адам тұратынын және мүгедектікті растау жеңілдейтіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы