Прокуратура бюджет қаражатын ұрлау дерегін анықтады

1 Қараша 2024, 12:03
244
Бөлісу:
Прокуратура бюджет қаражатын ұрлау дерегін анықтады
Фото: архив

Осы жылдың 21 қазанында Қостанай облысының прокуратурасымен бюджет қаражатын ұрлау туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісі бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында 2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың қаңтарына дейін Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шорт-трек бойынша жаттықтырушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алымдар мен жарыстарға іс жүзінде бармаған адамдарды заңсыз көрсету жолымен шығындардың нақты сомасын ұлғайта отырып, жалған аванстық есептер құрастырғаны анықталды, - делінген ақпаратта.

Жаттықтырушы түскен ақшаны өзіне игерді. Ұрланған бюджет қаражатының сомасы 5,9 млн теңгені құрады. Кейіннен ұрланған ақша қаражатын депозиттік шотқа аудару арқылы заңды айналымға тартты, ол жерден ай сайынғы сыйақыны 9,6% пайыздық мөлшерлемемен алды. Депозит бойынша пайыздық сыйақы түріндегі жария етілген қылмыстық кіріс сомасы 613,1 мың теңгені құрады. 

Оның әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде ұрлау) 218-бабының 1-бөлігі (ақшаны заңдастыру (жылыстату), яғни конверсия түрінде мәмілелер жасау арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңды айналымға тарту) бойынша сараланады. 

Санкция баппен алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді. Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.

Өзгелердің жаңалығы