Өздерін газ маманы ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген

1 Қараша 2024, 19:25
388
Бөлісу:
Өздерін газ маманы ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген
Фото: BAQ.KZ архив

Газдандыру процесі мен жабдықпен қамтамасыз ету барысында алаяқтар жол кесіп, қарапайым халыққа кесірлерін тигізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздерін газ маманы ретінде таныстыратын олар, тұрғындардан техникалық қызмет көрсету үшін ақы төлеуді талап етіп, төлемеген жағдайда көгілдір отын беруді тоқтатамыз деген сияқты қоқан-лоқы жасайтын болған. Және соңғы уақытта мұндай фактілер жиілегендіктен, газ компаниясына тұтынушалардан шағымдар келіп түсуде. Көп жағдайда ондай алаяқтар жасанды қызметтік куәлікті қолданады.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ тұтынушыдан заңнамаға сәйкес, ҮІГЖ қызмет көрсету шартын талап етуі мүмкін, бірақ белгілі бір ұйыммен шартқа отыруға ұсыныс айтуы не мәжбүрлеуі мүмкін емес. Оның үстіне газ қызметкерлері ақыны үйде төлеуді талап етпейді. Өйткені барлық төлем қойылған шот бойынша жүзеге асырылады, – деп түсіндірді «QazaqGaz Aimaq» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің директоры Абликим Юсупов.

Мұндай алаяқтық жайттар газдандыруға техникалық шарттарды алу барысында орын алуда. Қасқүнемдер техникалық шарттарды ресімдеу үшін ақы талап етіп, азаматтарды жаңылыстырған.

Мамандар тұрғын үйлер мен нысандарды газдандыруға қажетті техникалық шарттардың тегін берілетінін тағы да еске салады. Сондықтан компания азаматтарды мұқият болуға және тек ресми көздерге ғана сенуге шақырады.

Жылыту маусымының басталуына орай, тұрғындар тұрмыста газ пайдалану қауіпсіздігі ережелеріне тағы да назар аударуы қажет.

Уланулар мен жарылыстардың басым бөлігі тұрғындардың газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақтамағандығынан туындап жатады. Үй иелерінің газды өз бетінше қосуы, құрастыруы немесе орнын ауыстыруы, сонымен қатар күмәнді не қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалануы да қайғылы жағдайларға апарып соқтырады.

Оқыс оқиғаларға мұржаларда түтіннің жеткілікті тартпауы немесе түтінтартқыштың болмауы себеп болып жатады. Сонымен қатар оған техникалық қызмет көрсетілмегендігі (тазаланбағандығы) де басты түйткілдер.

Өзгелердің жаңалығы