Все новости за 29 мамыр 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландта топ жарды
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландта өтіп жатқан іріктеу турнирінің келесі айналымына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алаяқтар Антикордың атын жамылып, қоңырау шала бастаған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Күн-түн демей жұмыс істеңіздер": Марат Ахметжанов "Жайлы мектепке" қатысты тапсырма берді
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетауда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында іске асырылып жатқан 1500 орындық екі мектептің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қанат Бозымбаев әйгілі банк өкілдерімен жаңа бірлескен жобаларды талқылады
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Қазақстандағы Азия даму банкі (АДБ) өкілдігінің директоры Утсав Кумар және АДБ Орталық және Батыс Азия бойынша департаментінің бас директоры Евгений Жуковпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жайықтағы су деңгейі қандай?
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өңірдегі Жайық өзенідегі су деңгейі туралы соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында "Шәмші аллеясының" құрылысы басталды
Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Темірлан ауылында Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне "Шәмші аллеясының" құрылысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада құрылыс қалдықтарын рұқсатсыз төккен КамАЗ жүргізушісі жазаланды
15 сәуірден бастап елордада қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. БҚО-да зардап шеккен 9671 отбасы әлеуметтік көмек алды
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек беру жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ БҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Өзбекстан арасында зиярат туризмі қарқынды дамып келеді
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының отырысы аясында Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимовпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. "Махамбет-Х.Ерғалиев" автожолында бөгет салынады
Атырау облысындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада балаларды қорғау күні мерекесі қалай атап өтіледі
1 маусым күні әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Жаздың алғашқы мерекесіне орай Астананың бес ауданында ондаған түрлі іс-шаралар, оның ішінде концерттер, акциялар, көрмелер, жарыстар, шығармашылық фестивальдар және т.б. өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Қабанбай батыр даңғылы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандары көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Инфляция әсері күшейгенде шығындар қысқара ма
АҚШ тұрақты инфляциямен күресіп жатыр. Пәкістандағы биржалық және тауарлық брокерлік KTrade Securities осы мәселеге қатысты өзінің болжамын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкіметте телекоммуникация саласындағы жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен байланыс операторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте телекоммуникация саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үш қазақстандық теннисші "Ролан Гарростың" екінші кезеңіне өтті
Францияның ашық біріншілігі - "Ролан Гаррос" турнирінде тағы үш қазақстандық теннисші екінші айналымға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Теміртауда 800-ге жуық үй орталық су жүйесіне қосылды
Теміртаудың оң жағалаудағы 726 үй орталық су жүйесіне қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Атырау қаласы маңындағы 37 шаруа қожалығы су астында қалды
Атырау қаласының маңындағы 37 шаруа қожалығын су басты. Үй мен қорамыз жарамсыз болып қалды деген шаруалар әкімдіктен көмек сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе облысында егіс егу жұмыстары қашан аяқталады?
Ақтөбе облысында көктемгі егіс егу жұмыстары 5 маусымға дейін аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1 маусымда «Әншуақ» балалар әндері фестивалінің гала-концерті өтеді
Биыл бірінші рет еліміздің түкпір-түкпірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндерінің фестифалі өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауаның ластануына жол бермеу. Қандай шаралар жүзеге асырылады
Павлодар облысында өткен жылдан бері экологиялық мәселелерді шешу бойынша «Жол картасы» жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен ЕО елдері ауыл шаруашылығы саласындағы сауданы арттырады
Қазақстан мен ЕО елдері ауыл шаруашылығы саласындағы сауда ынтымақтастығын арттыратын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Нидерланд мамандар даярлау жөнінде меморандумдарға қол қойды
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерланд Корольдігі екіжақты меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Премьер-министр Тоқаевқа есеп берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
"Өлгендер қайтып келмейдіні" енді түріктер де оқи алады
Алматыдағы Ұлттық кітапханада қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейді" кітабының түрік тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы полициясы пәтер ұрыларын құрықтады
Алматы полициясы пәтер ұрыларын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Су тасқыны. Құлсарыда қанша кәсіпкер зардап шекті?
Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің тізімінде 325 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының жедел штабына сілтеме жасап.
-
Ұлттық музейде оқушыларға арналған танымдық экскурсия өтті
"4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні" мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейінде Астана қаласы әкімдігінің № 73 мектеп лицейінің оқушыларымен "Рәмізге құрмет – ұрпаққа міндет" атты танымдық экскурсия өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Балқаш көліне заманауи инфрақұрылым қажет
Балқаш көліне барар жол жақсармай өңірлік туризмнің тынысы тарыла бермек. Инвесторлар да соны күтіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев терроризмге қарсы іс-қимыл жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Су тасқыны. Атырауда 95 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды
Атырау облысында 95 бас жылқы малы қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
-
Батыр балалар: Оқу-ағарту министрлігі оқушыларды марапаттады
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елордаға еліміздің барлық өңірлерінен өз жетістіктерімен ерекшеленген балалар, балалар қозғалысының көшбасшылары және түрлі жағдайларда адам өмірін арашалап қалған батыр балалар жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Діни бірлестіктер өкілдері елордада бас қосты
Астанада «Қазақстан Евангелдік сенімдегі христиандар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің кеңсесінде діни бірлестіктер өкілдерінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Су тасқыны. 1200-ден аса құлсарылық баспанаға төлемақы алды
Құлсарыда 1200-ден астам тұрғын баспана сатып алуға және тұрғын үй құрылысын жүргізуге төлемақы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда әйел мен екі баласын өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды
Алматыда бірге тұрған әйел мен оның екі баласын өлтіріп, артынан үйімен қоса өртеп жіберген ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Алдағы уақытта күн жылына ма? Синоптиктер болжамын айтты
Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 30 мамыр-1 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астаналық оқушы бес жасар баланы құтқарып қалды
Елордада №52 мектеп-гимназияның 11 "А" сынып оқушысы Марлен Көшербай бүлдіршінді судан аман алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Депутат тоғызқұмалақты басқаша атауды ұсынды
Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова "Тоғызқұмалақ" атауын "Тоғызат" деп атауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жамбылда сот орындаушысы өндірілген қаржыны өз қажеттіліктеріне жұмсаған
Жамбыл облысында жеке сот орындаушысы өз өкілеттігін теріс пайдаланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ел кәсіпкерлері Қытайдың Цзянсу провинциясына тауар экспорттайды
Қазақстаннан барған бизнес-делегация Цзянсу провинциясының мемлекеттік секторының және Қытайдың ірі компанияларының өкілдерімен кездесіп, келіссөздер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кәсіпорындардың Цифрлық картасы жасалды
13 мыңнан астам кәсіпорын «BI Qlik» скорингтік моделімен қамтылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Еңбек инспекторлары 8 мың қызметкердің құқығын қорғады
Жұмыс берушілерге 1 409 ұйғарым беріліп, оларға 1780 әкімшілік айыппұл салынған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Магистратураға түсуге арналған тестілеуге өтініштер қабылданады
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер 1 маусымнан 8 шілдеге дейін қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Су тасқыны. Атырауда су тазарту станциясының жұмысы тоқтатылды
Су тасқынына байланысты Амангелді ауылының су тазарту станциясының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
-
Жетісуда су мәселесі қашан шешіледі
Алдағы он жылда Жетісу ауыз суға да зар болуы мүмкін. Себебі жылдан жылға өңірді құрғақшылық басуда. Оның үстіне егіс көлемі де артып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда кәуап пісіргендер 1 млн теңгеден астам айыппұл арқалады
Ерекше қорғалатын табиғи аумақта өрт қауіпсіздігін бұзып, кәуап пісірген туристерге 1,4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Суды басқарып отырған су мамандары емес – депутат Бөген мәселесі жайлы
Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жолдаған депутаттық сауалында Түркістан облысындағы "Бөген" су қоймасының бөгетін қайта жаңғыртуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Беларусь қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықты талқылады
Астанаға Беларусь Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Виктор Хренин ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
-
ҚазМұнайГаз басшысы ауысты
Асхат Хасенов ресми түрде ҚазМұнайГаз басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Су тасқыны. Атырауда жазғы лагерь қашан басталады?
Бұл сауалға Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
-
Есірткі заттарын таратқан 8 интернет-ресурс жабылды
Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 аудандық соты есірткі заттарын таратқан интернет-ресурстардың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Сарыағашта коммуналдық қызмет бағасы заңсыз көтерілген
Прокуратура коммуналдық қызметтер бағасын заңсыз көтеруді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көліктер мен энергия: Жаңа энергетика саласындағы қазақ-қытай серіктестігі
Қытайдың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытайдағы жаңа энергетиканы дамытудың қазіргі жағдайы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жетісуда медицина мамандарына 60 грант бөлінді
Өңірде дәрігер тапшылығы әлі өзекті мәселенің бірі. Соның шешімін табу үшін биыл облыста резидентурада оқуға 20 мамандық бойынша 60 грант бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Семсерлесуден Қазақстан чемпиондары анықталды
Астанада семсерлесуден Қазақстан біріншілігі аяқталуға жақын. Саблямен семсерлесуден ел чемпиондарын белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Су тасқыны. Таңдай жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Таңдай жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
-
"500 мың теңге төлеуге мәжбүр". Депутат жарыққа жарымай отырған халықтың жағдайын көтерді
Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Премьер-министрге жолдаған сауалында Қарасай ауданының проблемаларын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ТЖ министрі судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
"Әлеуметтік жеңілдіктерін ала алмай отыр". Депутат азаматтардың шағымын айтты
Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған сауалында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың назын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Картоп бағасы тұрақты бола ма
Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне жататын картоптың қымбаттауына жол берілмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
-
"Сын айтпаңыз". Психолог әйелдерге арнап бірнеше кеңес берді
Әйел адам еркектің жетістікке жетуіне әсер ете ала ма? Психолог Мадира Кадирбай енді отбасын құрған жастарға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Суға түсу орындарының саны 700-ге жетеді
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Су тасқыны: Жолдарды жөндеуге қанша теңге жұмсалады
Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде болған су тасқыны апатынан бұзылған жолдарды қалпына келтіруге қанша қаржы жұмсалатынын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Депутат қайырымдылық ұйымдарының қызметін үйлестіретін орган құруды ұсынды
Мәжіліс депутаты Динара Наумова Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған сауалында қайырымдылық ұйымдарына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Суға шомылуда 70 жылжымалы авариялық-құтқару бекеті құрылады
Елімізде шуға шомылу маусымы 1 маусым күні басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Суға шомылу маусымына дайындық қалай жүргізіледі
Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов суға шомылу маусымы кезінде атқарылатын шаралар жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мәжіліс қарыз алушыларға қатысты заңға Сенат енгізген түзетумен келісті
Мәжіліс депутаттары қарыз алушылардың құқығын қорғауға бағытталған заңға Сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыға Қытай азаматтары көптеп келуде
Мегаполиске келетін туристердің көпшілігі жалғызбасты немесе достарымен келетіндер, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
"Қоқыстан бұйым жаса": Алматыда эко-хаб ашылды
Бүгін екі апта бұрын техникалық режимде іске қосылған Алматыдағы алғашқы эко-хабтың ресми ашылуы болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Біздегі жедел жәрдемнің өзіне жедел жәрдем керек – Нартай Аралбайұлы
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында ұшаққа автокөліктің жанармайын құйып ұшыратын, жарты ғасырлық ғұмыры бар әуе көліктерін өлім аузында жатқан адамды әкелуге жұмсайтын саладағы проблемалар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ақтөбе облысында "сақалды" құрылыстар неге көп?
Ақтөбе облысында құрылысы ұзаққа созылған 13 әлеуметтік нысан және үлескерлер қаржы салып, ала алмай жүрген 26 тұрғын үй бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жайық өзеніндегі су деңгейі өзгерді
Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде 1 маусымда суға шомылу маусымы басталады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Саламатты Қазақстан": Әлеуметтік пойыз ауыл тұрғындарына қандай көмектер көрсетеді
Шалғай аудандарда бас ауырып, балтыр сыздағаннан бөлек, еңбек дауы, мұрагерлік, банк алдындағы берешек, көпбалалы аналар мен ерекше жандардың мұң-тілегі сынды мәселелердің көп екені белігі. Осы орайда, екінші жыл қатарынан, «Саламатты Қазақстан» пойызының құрамында медицина қызметкерлерімен қатар заң мамандары алыс ауылдар халқына өз қызметін ұсынып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"IQanat OFF-Line": Бурабайда ауыл оқушылары туралы сериал түсіріліп жатыр
IQanat мектебінде оқитын ауыл балалары әйгілі "Каникулы OFF-line" франшизасының жұлдыздарына айналады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Атырау қаласы аумағындағы жағалауларда тәуліктік кезекшілік жалғасуда
Атырау қаласы аумағындағы Жайық өзенінің деңгейі 600 см жетті. Бұл бекітілген шектік деңгейден 50 см-ге жоғары. Сол себепті қала аумағындағы жағалауларда тәуліктік кезекшілік күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
-
Қылмыстық кодекстен екі бап алынып тасталады
Қоғамға қауіп төндірмейтін экономикалық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстен алынып тасталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Атырау-Астрахань" тас жолының астынан су өткізгіш құбыр салынды
Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» тас жолының астынан су өткізгіш құбыр салынды, де хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
-
Оқушыларға кәсіптік бағдар беру: өңірлерде кураторлар белгіленді
Биыл Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академия мектептерде кәсіби бағдарлау бойынша жобаны табысты жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Астық қоймалары" компаниясының экс-директоры сотталды
"Астық қоймалары" ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры М. Жүсіпов 8 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Республика бойынша эвакуацияланған 63 009 адам өз үйлеріне оралды
ТЖМ еліміздегі су тасқыны жағдайы туралы ақпарат жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үкімет ауылдарда медициналық мекемелерді салуға 40 млрд теңге бөлді
Ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелерді салу және жаңғырту мақсатында ҚР Үкіметі шамамен 40 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан тасымалдаушылары жүкті Қытай порттарына дейін жеткізе алады
Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау уақыты екі есе қысқарады
Мәжіліс жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
29 мамырға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 29 мамырға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанның түркі мемлекеттерімен жүк тасымалы артады
Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Адам өлтірді деп күдікке ілінген азамат Ресейден экстрадицияланды
Бүгін Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мәжіліс тағы жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста екі жаңа ратификациялық заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетел азаматы ұсталды
2024 жылғы 28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК-ке сілтеме жасап.
-
"STOP-трафик": Адам саудасының 49 фактісі анықталды
Ішкі істер министрлігі Бас прокуратураның үйлестіруімен адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Бірқатар кешенді шаралар қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Көлік министрлігінде навигация мәселелері талқыланды
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті су көлігін бақылау және қадағалаумен айналысатын өңірлердегі бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен алқалы шара ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендей бастады
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайықтағы су деңгейіне қатысты соңғы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысының туризм саласында жаңа бағыттар анықталды
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында туризмді дамытудың жай-күйі мен келешегі мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Құқық қорғау органдары шетелдік криминалитеттің ықпал ету әрекеттерін тоқтатты
Еліміздің құқық қорғау органдары шетелдік криминалитеттің ықпал ету әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Үш өңірде үсік жүреді
29 мамырда бірнеше өңірде үсік жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Сенаторлар Үкіметке фермерлердің мәселесін шешу жолдарын ұсынды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация, сауда және интеграция министрліктерінің, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҰҰ: Жиырма күнде 1 млн-ға жуық палестиналық Рафахтан кетті
Соңғы үш аптада Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахтан 1 млн-ға жуық палестиналық кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер 29 мамырда еліміздің қалаларындағы метеожағдайға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Елордада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты өтіп жатыр
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында боччадан жыл сайынғы ел чемпионатының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
-
Бейжіңде еліміздің инвестициялық әлеуеті таныстырылды
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Қытай шет елдердегі кәсіпорындарды дамыту жөніндегі ассоциациясы ұйымдастырған 14-ші қытайлық шетелдік инвестициялар және ынтымақтастық жәрмеңкесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.
-
Грузия парламенті шетелдік агенттер туралы заңды бекітті
Грузия парламенті президенттің ветосын еңсеріп, шетелдік агенттер туралы заңды түбегейлі бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
10 мыңнан астам елордалық түлек ҰБТ тапсырады
Биыл бірыңғай ұлттық тестілеу бес рет өткізіледі. Оған 10 мыңнан астам түлек қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда туристерге арналған бірыңғай билет іске қосылды
Алматыда басты көрікті жерлер мен экскурсияларды тиімді бағамен көруге мүмкіндік беретін саяхатшылар үшін Almaty Pass бірыңғай билет іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Наверх