Алдағы уақытта күн жылына ма? Синоптиктер болжамын айтты

29 Мамыр 2024, 16:46
12431
Бөлісу:
Алдағы уақытта күн жылына ма? Синоптиктер болжамын айтты
Фото: pixabay.com

Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 30 мамыр-1 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облысында ауа температурасы жоғарылайды.

Алдағы үш күнде солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта, ал 1 маусымда республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның әсерінен жаңбырдың тоқтауы болжануда. Баренц теңізі аудандарынан жоғары қысымды аймақтың енуімен түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін үсік болжанады: 31 мамырда солтүстік-батыста, 31 мамыр-1 маусымда солтүстікте, 1 маусымда шығыста. Күндіз республиканың көп бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, еліміздің батысында, оңтүстігінде 27-35 жылыға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 15-25 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 жылыға дейін, шығыс облыстарда ауа температурасы 10-20 жылыға дейін төмендеуі болжанады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы