Терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетел азаматы ұсталды

29 Мамыр 2024, 09:25
632
Бөлісу:
Терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетел азаматы ұсталды
Фото: gov.kz

2024 жылғы 28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған.

Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы