Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландта топ жарды

29 Мамыр 2024, 23:46
1834
Бөлісу:
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландта топ жарды
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландта өтіп жатқан іріктеу турнирінің келесі айналымына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 63,5 келіде жолдамаға таласып жатқан ол италиялық Джанлуиджи Малангамен кездесті. Кездесу аса тартысты өтіп, төрешілер шешімімен Базарбайұлы жеңіске жетті.

Осылайша, ол Олимпиада квотасына бір қадам жақындады.

Айта кетелік, Қазақстан ерлер командасында бір салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.

Өзгелердің жаңалығы