Алматыда туристерге арналған бірыңғай билет іске қосылды

29 Мамыр 2024, 00:25
319
Бөлісу:
Алматыда туристерге арналған бірыңғай билет іске қосылды
Фото: Артём Чурсинов -архив

Алматыда басты көрікті жерлер мен экскурсияларды тиімді бағамен көруге мүмкіндік беретін саяхатшылар үшін Almaty Pass бірыңғай билет іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Туристік нысандарға жеке-жеке барғаннан гөрі Almaty Pass сатып алған кезде пайда 63% болады. Мысалы, бірыңғай билеттің құны 9 990 теңгеден басталады, оған 27 300 теңге сомасындағы нысандарға бару кіреді.

Almaty Pass жүйесіне келесі туристік нысандарға бару кіреді: "Көктөбе" аспалы жолы, "Көктөбе" саябағындағы айналма жол және жылдам түсу (Fast Coaster), MEGA Alma-Ata СОО аумағындағы Happy Eye шолу дөңгелегі, Алматы хайуанаттар бағы, Ә.Қастеев атындағы өнер музейі, "Медеу-Шымбұлақ" бағытындағы Shymbulak аспалы жолы, Ботаникалық бақ, сондай-ақ қаланың қызықты бағыттары бойынша Nur Bus автобусымен шолу туры.

Бірыңғай билетті almaty.citypass.kz ресми веб-сайттан сатып алуға болады. Құны 9 990 теңгеден басталады. Әрі қарай сайтта немесе мобильді қосымшада QR коды бар ваучер пайда болады, оны кірерде кассаға көрсету керек. QR код қызмет пакетіне байланысты нысанға бірінші келген сәттен бастап 24 немесе 72 сағат ішінде жарамды.

Өзгелердің жаңалығы