Су тасқыны. Құлсарыда қанша кәсіпкер зардап шекті?

29 Мамыр 2024, 18:06
308
Бөлісу:
Су тасқыны. Құлсарыда қанша кәсіпкер зардап шекті?
VIDEO
Фото: скриншот

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің тізімінде 325 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының жедел штабына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда 40-қа жуық кәсіпкер тиісті құжаттарды тапсырды.

Қазір комиссия үш бағытта жұмыс істеп жатыр: Тауар-материалдық құндылықтар, жылжымайтын мүлік, жылжымалы мүлік және құрал-жабдықтарға келтірілген шығынды өтеу.

Тауар-материалдық құндылықтар бойынша 135 өтініш берілді, қазір мамандар мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп өтемақыларды есептеу процесін жүргізуде, 52 кәсіпкер өтемақы алу үшін сот сараптамасын алды, - делінген хабарламада.

Жылжымайтын мүлкі бүлінген кәсіпкерлер саны – 137, 9 нысан бойынша техникалық байқау жұмысы жалғасуда, 128 кәсіпкерлік нысанына техникалық байқау қорытындысы берілді:

•⁠ ⁠апатты жағдайда деп танылған (бұзуға жатады) – 15 нысан;
•⁠⁠күрделі жөндеуді қажет ететін – 14 нысан;
•ағымдағы жөндеуді қажет ететін – 97 нысан.

Бүгінгі таңда 44 нысан бойынша сметалық құжаттамалар жасалды.

Жылжымалы мүлкі мен жабдықтары бүлінген кәсіпкерлер саны - 119, бүгінгі таңда 15 өтініш бойынша жұмыстар аяқталды, 104-і қаралуда.

Жоғарыда аталған жұмыстарға барлығы 12 компания және 57 бағалау және арнайы сараптама маманы жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы